Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
өзара қарым –қатынасты 
арттырубүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға 
деген сұраныстың өсуі
сияқты әлеуметтік және экономикалық 
алғышарттармен 
байланысты. 
Осылардың 
барлығы 
мектеп
оқушыларының қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін 


17 
бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін 
көрсетеді. Олай болатын себебі, білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті 
болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. 
Қазіргі еліміздегі қабылданып, жүзеге асып жатқан орта білім беру 
мазмұнын жаңарту бағдарламасы негізінде 
«Дене шынықтыру» 
пәнінің мәртебесі 
артты деуге болады. 
Мұнда 
пән
белгілі бекітілген нормативтивтік талаптар бойынша тек дене шынықтырып 
қана қоюға бағытт алмайды. Арнайы педагогикалық тәсілдерге негізделеді. 
Жеке адамға бағытталған тәсіл арқылы бала организмінің функционалдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді. 
Пәннің мазмұны әрекет ету тәсілі балада қозғалыс арқылы дамитындығын 
қарастырса, құзыреттілік тұғырды басшылыққа алу негізгі біліктерді 
меңгертуді көздейді.Сондай-ақ, денсаулықты сақтау тәсілін үйрету үрдісінде 
баланың өз физикалық саулығына жауапкершілікпен қарауға баулиды.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушылардың 
ағзасын дамытуға және оның дене белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған 
бірден-бір пән.Оқушылар түрлі жаттығуларды орындауға, дене қабілеттерін 
дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін жан-жақты құрастырылған оқу 
бағдарламасы арқылы аталған міндетке қол жеткізуге болады. Нәтижесінде 
оқушының бойында дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң 
әсері туралы білім жүйесі қалыптасады. Ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, 
барлық дене сапаларын жетілдіру – дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты 
болып табылады. Сондықтан бұл пәнді оқыту мазмұны мен әдістері 
жаңартылуы да заңдылық деп санаймыз. 
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға: 
а) пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті 
өмірлерінде қолдануға; 
б) қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын 
жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға; 
в) адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ 
бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге; 
г) жеке гигена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; 
д) дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін 
білуге; 
е) өзінің және басқалардың дене жағдайын бағалауға; 
ж) 
сыни 
тұрғыдан, 
шығармашылық 
ойлау 
қабілеттерін 
және 
коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ендеше, басқа пәндер сияқты бұл сабақтарда білім мазмұнын игеруде 
инновациялық әдіс - технологиялардың қолданылуы заман талабы.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында дене шынықтыру пәнінде ортақ 
тақырыптар оқушының өз іс-әрекетімен тікелей байланыста қарастырылады.
Бұл пәнде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау қалыптастырушы және 
жиынтық бағалаудан тұратын критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге 


18 
асырылады. 
Критериалды 
бағалау 
нәтижелері 
білім 
беру 
үрдісін 
тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Бұл жағдай орта мектептер үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдерін 
даярлауға жаңаша көзқарастарды қалыптастырып,жүктелетін талаптарды 
жоғарылатады. Педагогикада мұғалімге қойылатын кәсіби талаптардың 
жиынтығы олардың педагогикалық іс-әрекетке дайындығымен анықталады. 
«Дайындық» феномені бұл педагогиканың да, психологияның да зерттеу 
объектісі. Болашақ ұстаздың педагогикалық іс-әрекетке дайындығының 
құрамдас бөліктері - кәсіби өзін-өзі тану, іс-әрекетке деген көзқарас немесе 
қарым-қатынас, мотивтер, іс-әрекет тақырыбы мен әдістері туралы білім, осы 
әдістерді практикалық іске асыру үшін дағдылар мен қабілеттер, сонымен қатар 
жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері. Ұзақ мерзімді дайындықты жаңа 
жағдайларға көшіру кезінде жағдайға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 
Сыртқы факторларға: жаңалық, қиындықтар, міндеттердің шығармашылық 
табиғаты, айналадағы жағдайлар, қатысушылардың мінез-құлқыжатады. Ішкі 
жағдайларға - субъектінің іс-әрекетке дайындығы, оның психофизиологиялық 
жағдайы, алдағы жұмысқа жұмылдыру, эмоционалды тұрақтылығы мен 
дайындық деңгейін бақылау мүмкіндігі енеді. Біз қарастырып отырған 
рефлексивтік мәдениет ішкі факторларға жатады. 
Осы ретте «даярлау» ұғымының мәнін ашу қажеттігі туындайды.
«Дайын» ұғымы «даяр, әзір» сөздерінің синонимі ретінде қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде «дайындық» белгілі бір шаруаға әзірлік, қам жасаушылық 
деп сипатталады [54].
Дaяpлaу – бұл өзapa бaйлaныcқaн элeмeнттepдiң біртұтac кeшeнi. Oның 
бacты cипaттaмaлapына тұтacтық, құpылым, қызмет «бaйлaныc» ұғымдары 
жатады. «Дaяpлaу», «тұтacтық» ұғымдapы cтpaтeгиялық, aл «бaйлaныc» 
дaяpлaудың түзiлуi мeн тaлдaу құpaлы peтiндe көpiніп, кoнcтpуктивтi pөл 
aтқapa отырып, бaйлaныcтap тoптaмacын мәндi eтeдi. Бiлiм бepудeгі 
бaйлaныcтap құpылымдapapaлық, пәндepapaлық жәнe пәнapaлық бaйлaныcтap 
дeп бөлінеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде қазіргі уақыттарда еңбекке, 
іс-әрекеттің алуан түрлеріне адамның дайындығы феномені туралы теориялық 
және тәжірибелік материалдар біршама жинақталған. Оларда «дайындық» 
ұғымы 
тұжырымдалып, 
дайындықтың 
мазмұны, 
құрылымы, 
негізгі 
параметрлері анықталып, оның көрініс беруінің динамикасы, ұзақтығы және 
тұрақтылығына әсер ететін шарттары айқындалады. Негізінен кәсіби іс-
әрекетке дайындық іс-әрекетті тудыратын тұлғаның белсенді күйі; іс-әрекеттің 
салдары; кәсіби жағдаяттарға бағдарды анықтайтын сапа; мақсатқа бағытталған 
іс-әрекеттің алғы шарты ретінде сипатталады
.
Жоғары өнімділік дәрежедегі іс-әрекетке «дайындық» немесе «даяр болу» 
ұғымын Б.Г.Ананьев «қабілеттердің көрініс беруі» деп [55], В.А.Крутецкий «іс-
әрекетке дайындықты» тұлға қасиеттерінің синтезі деп таниды [56]. 
С.И.Архангельскийдің пікірінше, педагогтың ұстаздық әрекетке «даяр» болуы 
оның өз пәнін шебер жүргізе алуында, оқу ақпаратын ұғынықты жеткізе 


19 
білуінде, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята алуында, өзінің 
еңбекқорлығы, 
табандылығы, 
педагогикалық 
мәселелерді 
шешудегі 
дербестігінде көрінеді [57]. 
Сайып келгенде, барлық анықтамаларда дайындықтың мазмұнында:
- мұғалімдік мамандыққа, педагогтың алуан түрлі әрекеттеріне оң қатынас;
- тұрақты кәсіби қызығушылықтар; педагогикалық іс-әрекетке тұрақты 
мотивтері;
- педагогикалық әрекет нәтижелеріне қатысты жауапкершілікті сезіну;
- кәсіби іс-әрекеттің сәйкес талаптары, тұлғаның сапалары, мінездің 
сипаттары;
- кәсіби маңызды білімдер, біліктер, дағдылар, оларды жұмылдыруға және 
белсендіруге қабілеттілігі;
- дамыған педагогикалық қабілеттер; кәсіби міндеттерді шешудегі 
өзбетінше әрекет етуі; 
- эмоциялық, еріктік, сезімдік аймақтардың дамығандығы (шабыттылық, өз 
жетістігіне сенім арту, өзін өзі басқару білігі, сенімсіздікті жою, қорқыныш пен 
үреймен күресу және т.б.);
- қабылдаудың, зейіннің және ойлаудың тұрақты кәсіби маңызды 
ерекшеліктерісияқты компоненттердің болу керектігі анықталған. 
Тұлғаның кәсіби іс-әрекетке дайындығы оның сол мамандыққа 
бағыттылығына да тікелей тәуелді. Бұл ретте И.А.Кучерявенко «дайындықты» 
мүмкіндіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тұлғаның мотивациялық, 
танымдық, эмоционалдық және ерік-жігерлік қасиеттердің жиынтығы және 
оның жалпы психо-физиологиялық күйі ретінде; белгі бір әрекеттерді 
орындауға бағдарланған тұлғаның бағыттылығы деп тұжырымдайды [58]. 
Біз бұл пікірдегі айтылған ойлармен келісе отырып, болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығы құрылымында осылардың барлығы 
болуы керек деп санаймыз. 
Л.А.Кандыбович кәсіби іс-әрекетке дайындық мәселесін тұлғалық-іс-
әрекеттік тұрғыдан қарастыра келе, оның біртұтастылығы, барлық жақтарының 
көрініс беруі деп есептейді [59]. А.А.Деркач кәсіби іс-әрекетке тұлғаның 
дайындығын зерттеу барысында оны маман тұлғасының барлық жақтарының 
біртұтас көрініс беруі ретінде қарастырып, оған танымдық, мотивациялық және 
эмоциялық компоненттерді кіріктіреді. Ғалым дайындықтың құрылымындағы 
мотивациялық-құндылықтықты негізгі компонент ретінде анықтайды [60]. 
Біздің ойымызша, айтылған ғалымдар пікірлерінде қарама-қайшылық жоқ. 
Керісінше, бірін-бірі толықтырып тұр деп санаймыз. 
«Даяр болу» категориясына О.В.Юдин құндылық тетік ретінде ішкі 
сенімділікті; мотивациялық тетік ретінде әрекетке деген қажеттілікті; 
субъектілік тетік ретінде кәсіби сапалардың қалыптасқандығын; еріктік тетік 
ретінде кәсіпте жетілуге деген ұмтылысты; операционалдық тетік ретінде 
замануи құралдарды пайдалана алуды жатқызады [61].
Ғалым әрекетке даяр болудың барлық тетіктерін нақты айқындаған деген 
пікір білдіреміз. 


20 
Қазіргі мамандарды дайындаудың сапасын арттыруды маңызды 
мәселелердің бірі ретінде көтере отырып, Қазақстандық ғалым Г.К.Нұрғалиева 
«дайындау сапасы» ұғымының мағынасы «білім беру сапасы» ұғымымен 
салыстырғанда тар болып келетіндігіне тоқталып, мамандарды сапалы 
дайындау
төмендегілерді көздейді деген тұжырым жасаған: 
-
білім алушыларды берілетін білімнің пәндік саласына терең бойлату, 
оларға танымның зерттеп жатқан саласына «ену» тәсілдерін меңгерту; 
-
олардың беймәлімді тануға ішкі қажеттіліктерін және үдемелі 
қызығушылықтарын қалыптастыру; 
-
таңдалған мамандықтың шығармашылық сипатына деген білім 
алушылардың мотивациясын зерттеу; 
-
білім алушылардың өзіндік жұмысын қалыптастырушы біліктер мен 
дағдыларды, стимулдарды анықтау; 

мамандарды кәсіби даярлау сапасына ықпал етуші факторларды бөліп 
көрсету [62]. 
Бұл тұжырымдама ЖОО маман даярлауда басшылықа алынатын мәселелер 
қамтылған.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделей келе, 
«дайындық» 
ұғымы 
іс-әрекет 
теориясының 
категориясы 
ретінде 
қарастырылатындығын анықтадық. Сонымен бірге, бір жағынан, «дайындық» 
дайындау үдерісінің нәтижесі, екінші жағынан, бір нәрсеге бағдарлану ретінде 
түсіндірілетіндігіне көз жеткіздік.
Белгілі бір әрекетті орындауға «даяр болу» ұғымының өте кең тарағанына 
қарамастан, психологиялық педагогикалық интерпретациясы әралуан. Бір 
жағынан «даяр болу» әрекетті табысты орындаудың шарты, өз тәжірибесіне 
сүйеніп мәселені шешудегі тұлғаның белсенділігі, өзін - өзі жүзеге асыруы, 
әрекеттің алғышарты әрі реттеушісі ретінде анықталады. Екінші жағынан – 
«даяр болу» тұлғаның сапалары мен қасиеттерінің жиынтығы, «кешенді 
сапасы», «жүйеленген сапалар жиынтығы» түрінде де анықталады. 
В.А.Сластениннің пайымдауынша, кәсіби әрекетке даяр болу оқыту 
барысында педагогикалық құбылыстарды байқай, бағалай алу, әрекетті, оның 
байланыстарын талдай білу, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу 
техникасын пайдалана алу, өзін әртүрлі жағдаяттарға бейімдей алу сияқты 
арнайы біліктердің болуы. Ол болашақ мұғалімнің психологиялық дайындығын 
оның психикасының стресстік жағдайлардың әсеріне, тұлғаның бейімделуіне 
және маманның өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігінің сәйкес 
деңгейі деп анықтайды [63]. 
Л.М.Осиновская «педагогикалық әрекетке даяр болуды»: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет