Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет79/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
 


135 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
«Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыру»
атты диссертация бойынша жүргізілген теориялық және 
тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей 
қорытындылар 
жасауға мүмкіндік берді: 
1.
Зерттеу жұмысы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге және 
нормативті құжаттарға талдау жасалды, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің 
рефлексивті мәдениетін жоғары мектепте кәсіби білім алу барысында 
қалыптастырумәселесінің өзекті екендігі дәлелденді.Болашақ дене шынықтыру 
мұғалімінің рефлексивті мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық 
негіздері айқындалып, философиялық, психологиялық-педагогикалық 
еңбектерге талдаулар жасалып, жұмыста оларға сипаттама берілді. 
2. Зерттеудің 2 - міндетіне сай қарастылып отырған мәселе бойынша ғылыми 
еңбектерді, 
педагогикалық 
тәжірибе 
материалдарын 
зерделеу, 
ой 
қорытындылар жасау және өзіндік тұжырымдау негізінде «рефлексия», 
«рефлексивті мәдениет» ұғымдарының мәні ашылып, «болашақ дене 
шынықтыру мұғалімінің рефлексивті мәдениеті» ұғымының авторлық 
анықтамасы берілді. Анықтамада болашақ дене шынықтыру мұғалімінің 
рефлексивтік мәдениеті бір жағынан кәсіби педагогикалық мәдениеттің жүйе 
құраушы құрамдас бөлігі болып табылса, екінші жағынан оқытушы 
тұлғасының өзін өзі дамыту, кәсіби әркетін жоғары деңгейде атқаруға 
мүмкіндік беретін шығармашылық әлеуетін арттыратын тұлғалық сапасы 
ретінде сипатталады.
3.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Модельді 
жасауда: үлгіні эксперименттік және теориялық талдау; талдау нәтижелерін 
түпнұсқа сипаттамасымен салыстыру; олардың арасындағы ауытқуларды табу;
үлгіге түзету енгізу; алынған мәліметтерді тұжырымдау; анықталған қасиеттер 
мен байланыстарды түсіндіру; үлгілеу нәтижелерін практика жүзінде тексеру 
сияқты мәселелер ескеріліп, қадам - қадаммен жүзеге асырылды. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі зерттеу жұмысымыздың 
мақсатына жауап береді. Оның компоненттерінің бір тұтастығы ( теориялық 
негіздері, мақсат – міндеттері, компоненттері мен өлшемдері, мазмұны және 
әдіс технологиялары, зерттеліп отырған сапаның қалыптасу деңгейлері мен 
оларды өлшеу әдістері, қол жеткізілетін нәтиже) бірлігін қамтамасыз етеді 
4.
Жасалған модельге сәйкес болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің 
рефлексивті мәдениетін қалыптастыруды нәтижелі ететін «Спорт педагогының 
рефлексивтік мәдениеті» элективті пәні даярланып, тәжірибеден өтті. Пән 
мазмұнын оқытуда студенттер «рефлексия», «рефлексивті мәдениет» «болашақ 
дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивті мәдениеті» ұғымдарының мағынасы 
мен мәнін түсінуі, қызметін ұғуы, рефлексивтік техникалар, әдістер мен 
жаттыруларды тәжірибеде қолдана алу дағдыларын меңгерді. Элективті пәнді 


136 
жүргізу барысында оқытудың белсенді әдістері, АКТ, кері байланыс жасаудың 
инновациялық әдістері кеңінен қолданылды. Пәннің оқу - әдістемелік кешені 
дайындалды. 
5.
Жүргізілген тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында зерттеу 
жұмысының практикалық нәтижесі ретінде жоғары оқу орындарын 
оқытушылары үшін әдістемелік – тәжірибелік құрал әзірленіп баспадан шықты. 
Эксперименттік жұмыстың қорытындылары құрастырылған модель мен 
даярланған элективті курс мазмұны мен қолданылған әдістердің болашақ дене 
шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін қалыптастырудағы 
тиімділігін көрсетті.
Зерттеу нәтижесі бойынша мына төмендегідей 
ұсыныстар
 
жасауға 
болады.
1.Болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімдерін 
даярлауда 
олардың 
рефлексивтік мәдениетін қалыптастыру мәселесін өзекті мәселе ретінде қарап, 
маман даярлаудың мазмұнында тұрақты қарастырып отыру, пәндердің дәріс, 
тәжірибелік сағаттарында рефлексиялық жаттығуларды жүргізіп отыруды 
дәстүрге айналдыру.
2. 
«Спорт педагогының рефлексивтік мәдениеті»
атты элективті курсын 
«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқу 
бағдарламасына ендіру, сондай – ақ жалпы педагог мамандарын даярлау 
үрдісінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру. 
3
.
Жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың рефлексивті 
мәдениетін қалыптастыру мәселесін байланысты оңтайлы шешуді көздейтін 
конференциялар, ғылыми семинарлар және дөңгелек үстелдер, арнайы курстық 
жұмыстар ұйымдастыру. 
4.Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастыру мәселесін озат педагогикалық тәжірибемен тығыз байланыста 
қарастыра отырып,педагогикалық басылымдарда жоғары оқу орындары 
оқытушыларының студенттерінің рефлексивтік мәдениетін қалыптастыруға 
қатысты тәжірибелерін жариялап отыру. 
Зерттеу мәселесі көкейкестілігімен қоса күрделі болғандықтан, оны 
толықтай қамтыдық деуге болмайды. Сондықтан диссертацияда келтірілген 
нәтижелер мен қорытындылар қарастырылып отырған мәселені шешудің тек 
бір ғана жолы деп есептеп, мәселенің психологиялық астарлары, ЖОО 
оқытушыларын осы мәселеге қатысты арнайы даярлау мәселелерін зерттеу
болашақтың еншісінде деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет