Белок барлыќ бізге белгілі кµміртек ќосылыстарыныњ ішіндегі ењ т±раќсызы болып табылады



бет7/10
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111179
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
топинамбур

Қажетті реактивтер мен құралдар.

СаСІ2 (балқытылған), эксикатор, шлифтенген, қақпағы бар бюкстер, қысқыштар, аналитикалық таразы, лабораториялық кептіргіш шкаф. Өсімдікті шикізаттың күлділігі деп-оны жағып, тұрақты массаға дейін кептіргеннен кейінгі қалған бейорганикалық заттарды айтады.

Күлдің құрамында К, Na, Мg, Ca, Fe, C, Si, P кейде аз мөлшерде Сu, Мn, Al және басқа да элементтер болады. Бұл элементтер күлде оксидтер немесе күкірт, фосфор, көмір қышқылдарының түрінде кездеседі.

Күлділікті анықтау кезінде жұмыстың нәтижесі күлдендіру процесінің ұзақтығы мен температуралық режимге тәуелді болатынын есте ұстау керек. Ең бірінші көңіл аударатын мәселе- бұл жағудың толықтығы.

Жоғары температурада жылдам жағу кезінде күлдің бір бөлігі балқып, сол балқыған бөліктер шикізаттың жанбаған бөлшектерінің сыртын жауып қалуы мүмкін. Сонын салдарынан күлдендіру процесі толық жүрмейді. Анализдің нәтижесінде сондай-ақ, шикізатты жаққаннан кейінгі қалдықты кептіру уақыты мен температурада әсер етеді. Температуралық режимнің бұзылуы салдарынан күлдің құрамы өзгеруі мүмкін.

Өсімдіктекті шикізатты толық күлдендіру үшін оны алдымен әлсіз оттын жалынында ұстау керек. Газдың бөлінуі тоқтағаннан кейін температураны аздап көтеруге болады. Содан соң тигельді көмірленген шикізатымен муфельді пешке ауыстырады.

Өсімдікті шикізаттың күлділігі жалпы және 10% НСІ –да ерімейтін болып бөлінеді. НСІ –да ерімейтін күл дегеніміз-жалпы күлді НСІ мен өңдегеннен кейінгі қалған қалдық. Ол негізінен кейбір обьектілердің негізгі құрам бөліктері болып табылады, көбінесе шикізаттың құм, топырақ және тастар мен ластану салдарынан пайда болатын силикаттардан тұрады. Сол себепті, тұз қышқылында ерімейтін күлдің көп мөлшерде болуы өсімдік текті шикізатта минералды қоспалардың көп екендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет