Белок барлыќ бізге белгілі кµміртек ќосылыстарыныњ ішіндегі ењ т±раќсызы болып табылады



бет5/10
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111179
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
топинамбур

2.1. Топинамбурдың химиялық құрамы
Топинамбурдың өсімдігінің поливитаминді жасыл массасы витаминге бай, бірақ түйнектері витаминдер мөлшері бойынша картоптан басым түседі. Топинамбур түйнектерінің құрғақ массаға шаққандағы мг/% витаминдік құрамы:

С-98,1-108,1

В1- 1,02-ге дейін,

В2-4,0-7,9

В3-2,4-8,8

В5-0,2-0,9

В6-0,12-0,22

В7-10,0-24,0

Органикалық полиқышқылдар құрғақ массаның 6-8% құрайды. Оларға лимон қышқылы, алма, малон, янтар, фумар қышқылдары жатады. Органикалық қышқылдар зат алмасуға белсенді қатысып, сілекей бездерінің секрециясын жоғарлатады, өтпен панкриатикалық сөл бөлінуін тездетеді, асқорытылуын жақсанртады, жағымсыз қалдықтарды (несеп қышқылының тұздары) шығарады, бактериоциттік қасиеті бар, қышқыл-сілтілік тепе-теңділікке жағымды әсер етіп, организмнің басқа да жүйелерінің жұмысына оң әсерін тигізеді.

Клечатка. Адам ағзасы желінген тағамдардың түгелін дерлік сіңірмейді, белгілі бір бөлігі қорытылмай, сыртқа шығарылады. Көп уақыт бойы ғалымдар клетчатканың организмге еш пайдасы жоқ деген пікірге бой ұрып келді. ХХ ғасырдың орта шеңінде диетологтар тазаланған өнімдер ең пайдалы деп санаған. Бірақ, гастрит, колит, панкриатит, холесистит, қатерлі ісік аурулары көбейген сайын адамзаттың рафинаттарған өнімге көзқарасы өзгере бастады.

Bengmar.S (1998) пікір бойынша тағамдағы клечатканың төмен мөлшері – тоқ ішектің қатерлі ісігі, дивертикулез, іш қату, семіру, тролебоз ауруларының дамуындағы маңызды факторы болады.

Қазіргі клечатка белоктар мен майлар қатарындағы өзінің заңды орнын қайтадан иеленді. Клечатканың пайдалы зат екенін бүгінде бәріне белгілі. Ол организмде сыпыртқы тәрізді қызмет атқарады, яғни ішектердің жіңішке түктерін тазартып, жабысып қалмауына жол бермейді. Клечатка өте көп мөлшерде ылғал сіңіреді, нәжіс бөлімін жақсартып, гастрит, колит, іш қатуды болдырмайды.

Ісінген клечатка ішек бойымен қозғала отырып, онда канцесорогендедің, мутагендердің шығуына мүмкіндік береді. Клечаткасы аз тағам адамды қанағаттандырмайды. Дүниені жаулаған семіру, гипертония, қант диабетінің бір себебі осыда. Клечатка дәнді дақылда, жемістерде де бар, бірақ бұл заттарда көмірсулар өте көп, сондықтан ең дұрысы топинамбур клечаткасын пайдалану.



Белок. Топинамбур белгы құрғақ массаның 3,2%-ін құрайды, 18 аминқышқылы түрінде болады, бұның ішінде 8 ауыстырылмайтын аминқышқылдар. Кейбір зерттеулерде топинамбур белогы биологиялық құнды деп саналғанымен, егеу құйрықтарға жүргізілген тәжірибелер мұны теріске шығарды. Тек қана топинамбур белогында өсірілген жас егеу құйрықтар нашар дамыған. Бұдан шығатын қорытынды топинамбур белогының құндылығы аз.

Топинамбурдың ішек-қарын жолдары үшін маңыздылығы.Топианмбурдың қайталанбас, ерекше химиялық құрамы асқорыту жолдары ауруларының барлық звенолары мен механизмімен жағымды әсер етеді. Бұған көптеген клиникалар мен институттарда әр жылдарда бір-бірінен тәуелсіз көз жеткізген.

Біріншіден инсулин белсенді сорбент қызметін атқарады, ол организмде улы және балластық заттардың көп мөлшерде шығуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден инсулин белгілі деңгейде асқазан-ішек жолдарының қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады.

Үшіншіден инулин және қысқа фруктозалық тізбектердің (фрагменттер) айқын өт айдайтын әсері бар.

Төртіншіден, топинамбурдағы көп мөлшердегі органикалық қышқылдар еркін радикалдардың шабуылынан ағзаны қорғайды. Мұнымен бірге ішек қабырғаларында астың жақсы сіңіуі үшін қажетті сілтілік реакция жолға қойылады.

Бесіншіден топинамбур асқорыту мүшелерінің бактериялық және вирустық инфекцияларға төзімділігін арттырады. Ішек микрофлорасының қалыпты тіршілік ету үшін қолайлы орта туғызады.

Алтыншыдан топинамбурдың антисклеротикалық қасиеті бар, ол қан тамыр қабырғасының қасиетін жақсартып, қанның реологиялық көрсеткіштерін арттырады. Қантамыр эффектісі регенерация (қалпына келу) процесін тездетеді, зақымданған органдар мен ұлпалар тез арада қайта қалпына келеді.

Кревицская Е.И. (2001) зерттеулері бойынша топинамбурды асқазан жолдарының патологиясы бар сәбилердің ас мәзіріне енгізу асқазанның маторлы-эвакуаторлық қызметін ғана жақсартып қоймай, сонымен бірге антиоксиданттық және имундық жүйелердің қолайлы жұмысын қамтамасыз ететіндігі белгілі болды.

Бауыр бактерияларға қарсы қорғаныстағы екінші линия. Бауыр-біздің денеміздегі орталық химиялық лаборатория, жанармай қоры, бұл оларды залалсыздандыратын және т.б. 500 түрлі функцияларды атқаратын орган. Бауырсыз адам бірнеше сағаттар ғана тіршілік ете алады.

Адамның жеген тағамдарының барлығын қоректік деп айта алмаймыз, өйткені сіңірілмейтін бөліктері бауыр үшін артық салмақ болады. топинамбур өзінің таңғажайып қасиеттері арқылы бауырдың функциональды белсенділігіне әсер етеді.

Глюкозаның утилизауциясын жақсарту арқылы ол гликоген синтезіне жағдай жасайды, яғни энергетикалық алмасуды жоғары дәрежеде өткізеді, ал ол өз кезегінде белок, холестерин, өт синтездерінің жұмысын жақсартады. инулин ішек-қарын жолдарының қызметін қалпына келтіре отырып, қан және ішектегі токсиндерді залалсыздандыру арқылы бауырды босатады. Бір сөзбен айтсақ, бауырдың потенциалдық мүмкіндігін сақтайды.

Топинамбурдың бауырды ауру туғызатын әсерден сақтау қабілеті (гепатопротекторлық әсері) клиникалық зерттеулер арқылы дәлелденген.

Топинамбурдың көптеген фармакологиялық препараттардан ерекшелігі ол көптеген бауыр ауруларында қолданылады, мысалы, аутоиммундық, алкогольдік, вирустық негіздегі гепатит ауруларында церрозда, майлы қайта түзілуде. Қазіргі уақытта қант диабеті екіге бөлінеді: инсулинге тәуілді және тәуелді емес.

Бірінші типтегі қант диабетінде топинамбурды пайдалану қандағы қант деңгейін төмендетеді. Бұның себептері:

1. Инулин молекулалары асқазанда тұз қышқылына ыдырамайды, яғни тағамнан кейін глюкозаның біршама бөлігін сіңіреді.

2. Клечаткада глюкозаны адсорбциялайды.

3. Глюконеогенез азаяды (бауырды глюкозаның түзілуі).

4. Гликолиз арқылы глюкозаның ыдырауы жүзеге асырылады.

5. Глюкозаның қанда тұрақты төмендеп тұруына байланысты қарын асты безінің өз гармоны инсулин түзіледі.

6. Инсулин синтезіне кремний, цинк, марганец, калий қатысады.

7. Ең басты фруктозаның инулиннің қатысуынсыз барлық органдаға еніп, глюкозаның орнын толыққанда толтыру қабілеті болып табылады. Бұл кезде клеткалық ашығу төмендейді. Инсулин молекуласының қысқа фрагменттері клетка қабырғасына тұру арқылы клетка ішіне глюкозаның енуін жеңілдетеді. Мұның бәрі қандағы қант деңгейінің азаюын қамтамасыз етеді.

8. Инулин, клечатка, пектин организмнен кейбір денелерді ацетон т.б. шығарып, ацедоз процесінің дамуын болдырмайды.

9. Антиоксиданттар мен антиокскалық функцияларды қысқа фруктозалық фраументтер атқарады.

10. Қантамырлар күйі жақсарады.

11. Қанның иммунологиялық көрсеткіштері жоғарылайды, инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті артады.

Екініші типті қант диабеті кезінде топинамбурды қолданылғанда:

1. Қандағы қант деңгейі төмендейді:

а) глюкозаның ішектен қанға сорылуы азаю есебінен;

б) глюкоза сіңуінің активтену есебінен;

в) клеткалардың инсулинге сезімталдығының күшеюінен;

г) өз инсулин түзілуінің артуынан;

д) бауырда гликоген түзілуінен.

2. Май алмасу жақсарады, холестерин мен триглицеридтер деңгейі төмендейді.

3. Семіздікке шалдыққан адамдардың салмағы төмендейді.

4. Бауыр және ішек-қарын жолдарының күйі жақсарады.

5. Бүйрек үсті, қалқанша без гармондарының жыныс бездерінің синтезі күшейеді.

Аталғандардың барлығы қант диабетіне шалдыққандардың күйін жақсартып, жұмыс қабілетін қалпына келтіреді.

Алғаш рет инулин құрамы бар өсімдіктердің жүрек, семіздік, қант диабеті ауруларына әсері барлығы Авицена еңбектерінде айтылған (Х ғасыр).

Топинамбурдың тәуелділік мөлшеріндегі калий, магний комплексі гипертониктер мен жүрегі ауыратындарға белгілі препараттар танангин мен аспарганды толықтай ауыстыра алады.

Топинамбурдағы табиғи магний, калий қосылыстары оны аритмияны, шиемиялық ауруларды, стенокардияны емдеудегі әсерлі әрі қауіпсіз құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Көптеген антибиотиктер мен ісікке қарсы дәрілерді қабылдау бүйрек каналдарын зақымдайтыны, магнийдің организмнен шығуын тездететіні белгілі, бұның арты аяқтың эндоартриті, коронарлық артерия смазмдары, миокард ишелиясы сияқты аурулармен аяқталады. Топинамбурды алдын ала қолдану бүйрек каналдарын қорғап, аурудың алдын алады. Бифидо-лактобактериялардың қолайлы микрофлорасы, қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, артериялық қысымды қалпына келтіреді. Топинамбурдың әсерінен қант тұтқырлығының азаюы өте маңызды. Бұл процесс қан плазмасындағы фиброноген концентрациясының төмендеу есебінен іске асады, қантамыр қабырғасының серпінділігін жақсартып, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің пластикалық қасиеттерін арттырады. Қан клеткалары серпімді жағдайға келіп, формасын оңай өзгерте алады. Осының бәрі денедегі қанның жүруін күшейтеді. Сондай-ақ, кейбір жүрек қантамыр жүйесінің ауруларында қанның ұюы жоғары болатындығы байқалады. Миокард аймағында, көктамыр кеңею кезінде тромбалар тез түзіледі. Тамыр жүйесінің инсульт, тромбоэмболия тәрізді ауыр патологиялары қанның реологиялық көрсеткіштерінің бұзылуы мен қан ұю деңгейінің жоғарлауына тікелей байланысты. Осы аспектіден қарағанда топинамбур пайдалы заттардың бірі екендігіне күмән келтіруге болмайды. Новосибирск ғалымдарының зертеулерінде ауруларға диетотерапия ретінде топинамбур ұсынылғандығын және бұл кезде қанның тромба түзуші потенциалының төмендегені және қантамыр қабырғалары қалпына келегендігі көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет