Берілген дипломдық жобада тораптың құрастырылуы және тетікті өңдеудің технологиялық процессті жобалаудың жалпы көрінісі қарастырылады



бет3/13
Дата27.07.2020
өлшемі0,99 Mb.
#75635
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Diplom AIKA

ANNOTATION
In the given degree project the overall picture of designing of technological process of assemblage of knot and processing of details is considered. On the basis of the available data the analysis of technical requirements on assemblage and processing is carried out. Taking into account the set program of release the manufacture type is defined, the choice and a substantiation of a method of manufacturing of preparation is made. Technological schemes of assemblage of knot, as route of processing of separate surfaces of a detail and operational technology of its processing, in general are developed. During designing of technological process of processing of a detail, rationing тех.процесса is carried out, labour input of manufacturing of a detail and the general labour input of manufacturing of a product is defined.

Against all listed the theme of an organizational part, manufacture is mentioned. Calculation quantities of the capital equipment of a mechanical site, working structure and its number is carried out. Along with it the area of a mechanical site, and as quantity of workplaces and the equipment of an assembly site is defined. The feasibility report on a choice of a variant of mechanical process is made.



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 10

1. Teхнoлoгиялық бөлім 11

1.1 Тетіктің немесе құрылымдық бірліктің сипаттамасы,

материалы және оның қасиеттері 11

1.2 Техникалық тaлaптарды және тетіктің технлoгияcын талдау 12

1.3 Өндіріc типін aнықтау. 13

1.4 Дaйындaмa түрін таңдау. Дайындама алудың

технико-экономикалық негіздемесі 14

1.5 Тетік конструкциясына технологиялық талдау жасау 18

1.5.1 Базаларды таңдау және тетікті өңдеу маршруты 18

1.5.2 Өңдеу әдіптерін есептеу және олардың операцияаралық өлшемі 24

1.5.3 Кесу режимдерін есептеу 28

1.5.4 Уақыт мөлшерін есептеу 47

2 Конструкторлық бөлім 51

2.1. Станокты қондырғылардың конструкциясын жасау 51

2.1.1 Қондырғының құрылысын суреттеу 51

2.1.2 Базалаудың теориялық схемасы және базалық ауытқуды анықтау 51

2.1.3 Қондырғының күштік есебі 54

2.1.4 Жобаланған қондырғылардың технико – экономикалық негіздемесі 56

2.1.5 Қондырғыдағы тетікті беріктікке есептеу 56

2.2 Арнайы кесуші аспапты жобалау және есептеу 57

2.3 Арнайы бақылау қондырғысын жобалау және суреттеу 62

3 Ұйымдастыру бөлімі 63

3.1 Өндірісте қолданылатын жабдықтар санын анықтау 63

3.2 Учаскелердегі жұмысшылар санын және құрамын анықтау 66

3.3 Учаскелердің ауданын анықтау 69

4 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі 72

4.1 ҚР Техникалық реттеу туралы заңы 72

4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау. Цехтағы

жарықтандыруды есептеу 72

4.2.1 Өндірістік ғимараттың микроклиматы 73

4.2.2 Желдету жүйелері 74

4.3 Электр қауіпсіздігі 76

4.3.1 Электр жабдықтарын жерлендіру және нөлдендіру 78

4.4 Өрт қауіпсіздігі 78

4.4.1 Өрт сөндіру құралдары және эвакуациялау 79

5 Экономикалық бөлімі 80

5.1 Кәсіпорынның негізгі қор есебі 80

5.2 Амортизациялық қор есебі 82

5.3 Айналым қаражатын есептеу 83

5.4 Жұмысшылар мен қызметкерлердің саны және

жалақыларының қоры 84

5.4.1 Жұмысшылардың санын есептеу 84

5.4.2 Қызметкерлер 85

5.4.3 Жалақы қорын есептеу 85

5.5 Шығындар есебі 89

5.5.1 Цехтардың шығындарын есептеу 90

5.5.2 Жалпы зауыттық шығындарды есептеу 90

5.5.3 Өндірістен тыс шығындарды есептеу 91

5.6 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері.Экономикалық

тиімділік 91

Қорытынды 92

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93

Қосымша 94

Сипаттізім 97
КІРІСПЕ
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданды. Біздің еліміздің экономикалық кезеңінің басты мақсаты халықтың материалдық және мәдениеттік деңгейінің өрлеуі болып табылады және солай болып қалады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлеуметтік-экономикалық дамуды удету, ғылыми-техникалық даму кезінде өндірістің тиімділігін жоғарылату және оларды қарқындату қажет етіледі.

Ауыр өнеркәсіптің негізгі міндеті кәсіпорындарды механикаландыруды, отын-энергетикалық ресурсты, машинаны және де басқа да өндірісті жаңа құралдармен қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі бағыты ауыр өнеркәсіпте машинажасау кешенін дамытып оған жоғары көлемді капиталды салуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңартуға, отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперциясын дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда машинажасау және металлөңдеу өнімдерін шығару ұлғайды. Өндірісте СББ станогы және автоматтандырылған жобалар кеңінен пайдалануда. Арнайыландырылған өнеркәсіпте аспаптар жасап жетілдірілді. Машинажасау өнімдерін шығару жетіле түсті. Жаңа техниканы меңгеру мерзімінінен қысқартылды. Қазақстан экономикасының өсуі үшін машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Дипломдық жоба кезінде техникалық және ұйымдастыру тапсырмаларына, сонымен қатар тетіктің материалына, технологиясына және де жасалу жолдарына ерекше коңіл бөледі. Дипломдық жобаның негізгі тапсырмасы: нақты бір бұйымды өңдеудің өндірістік процесін өз бетінше талдауды, механизмдерді құрастыру мен машина тетіктерін өңдеудің технологиялық процесін құруды, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беруге, сонымен қатар берілген бұйым, бірлік және тетік өндірісіне альтернативті варианттардың техника-экономикалық негіздемесімен жасауды уйрету. Осы тапсырманы орындау үшін бұйымды құрастыру мен тетікті өңдеу кезінде өңдеу мен құрастырудың жаңа технологиялық әдістері, жоғары өнімді жабдықтар, типтік және топтық технологиялық процестерді қолдану, қайта орындалатын қондырғылар, замани конструкцияларды автоматтандырылған жобалау әдістер мен бұйым өндірісін қолдану ұсынылады.

Дипломдық жобада СББ станоктар тетіктің өңдеу уақытын жылдамдатады, сонымен қатар жұмыс уақыты кезінде станок бірнеше көптеген тетіктерді шығара алады. Өндірістік еңбек бірнеше рет ұлғайады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: арнайы оқытылған пәндер бойынша уйренген біліміді жетілдіру, сонымен қатар білімді толықтыру; тетіктің технологиялық өңдеу процесін жасау. Сериалы өндірісте қолданылатын тісті төлке жұмыс кезінде сапалы, әрі сенімді болды.


1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Тетіктің немесе құрылымдық бірліктің сипаттамасы, материалы және оның қасиеттері

Машина жасау саласында төлкелер, үйкеліс подшипниктері ретінде қолданылады. Төлке өте көп таралған тетік болып табылады. Төлкенің дайындамасын, оның қызметіне, өлшемдеріне, жылдық шығару ауқымына және материалының маркісіне қарай прокаттан, құймадан жасайды. Сериалы өндірісте қолданылатын тісті төлке Автомотристе қондырылған редукторға кіреді. Тетік поезд қозғалысы кезінде (Автомотрис қозғалысы кезінде) айналу момент берілісі үшін қызмет атқарады және Автомотристы нейтралды орынға қою үшін қажет. Тетік шлицті қосылыс көмегімен ілініседі.

Төлкелердің тесіктерін шариктермен немесе нығыздаушы діңгектермен таптауға болмайды, өйткені олардың ішкі бетіндегі майда майлаушы көздер жабылып қалады да, төлкенің ең керекті қасиеті жойылады. Сондықтан соңғы опрацияларда төлкенің ішкі тесігін тек нәзік кеңейте жонады.

Сериялы өндірісте тісті төлкелер машиналар білігінде призмалық кілтекте қондырылады. Шпонкалық ойықта тісті төлкелер тістер өсі бойынша орналасу керек. Тісті төлкенің қондырма сипаттамасы білікте жалғастырғыштың жұмыс жасау сипаттамасы мен шарттары арқылы анықталады. Жалғастырғыштар біріктірілген біліктің жасалуына байланысты әртүрлі тісті төлкелерді пайдалана алады.

Сериялы өндірістегі, дара дайындамаларды өңдеудің технологиялық бірізділігі: төлкенің сырт беттерін тазалай жону; керек болған жағдайда, төлкенің түп бетін токарь станогында қайыра шырпу;

Берліген тетік МЕСТ 4543-91 бойынша 12ХН3А легірленген болат маркасынан жасалады. Бұл болат соққы жүктеме кезінде жұмыс жасайды. Легірленген болаттың химиялық құрамы (1.1-кесте) көрсетілген. Таңдалған материал беттің жоғары қаттылығы мен илемділігі және де тұтқырлығымен қатар, жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін білік, бұрамдық, тістегеріш, жұдырықшалы жалғастырғаш және басқа да цементтелген тетіктерді жасауға арналған. Тетіктің механикалық қасиеті (1.2-кесте) көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет