Берілген мәтінен туынды сөздерді анықтап, кешенді сөзжасамдық талдау жасау



Дата29.03.2020
өлшемі14.68 Kb.
Берілген мәтінен туынды сөздерді анықтап, кешенді сөзжасамдық талдау жасау.

...Құндыз бөркінің үсті бұхардың қызыл мауыты барқытынан тігілген және сондай кішкентай ықшам шапан киген бес жасар кенжесі Барақ төбе баурайында ойнап жүр. Жусан аралас қаудың арасынан шегіртке қуып томпаң-томпаң етеді.

...Осы бір алтын мен қамшының күшімен орнатылған тамаша қала әрқашан да Батудың мақтанышы, қуанышы еді. Ежелден киіз үймен ақ шатырда өскен көшпелі елдің баласы болғандықтан өзінің осындай әшекейлі, мәрмәрлі кент тұрғызғанына іштей мәз-майрам еді. Сонау қала ортасындағы монғол шамандары ғибадатханасының қайқы қалпақ шатырларын саф алтынмен жаптырған. Басқа елдерді тонап әкелген алтынын аямаған. Бірақ өзі алты ай жаз бойы бұл сарайларда бір күн тұрып көрген емес. Кішкентайынан үйренген көшпелі елдің әдетіне салып, қала сыртындағы жасыл ойпатқа ақ шатыр тіккіздіріп сонда тұратын. Хан шатырын өзге жұрт хан ордасы – Ақ Орда дейді. Осыдан шығарып, сонау Қыпшақ даласынан бастап Бату әскері барған күнбатыстағы Жерорта теңізімен шектесіп жатқан мадиярлар жеріне дейін созылған тұсты Ақ Орда хандығы деп атаған. Ал, Сарай қаласының алыстан күнмен шағылысқан алтын күмбездеріне қарай орысут князьдары бұған Алтын Орда деген ат қойған.

Міне осы сәулетті шаһарға көзі түскен сайын Бату хан бір жасап қалатын.

Қып-қызыл шапан киіп ойнап жүрген баласына көз тастады, сөйтті де дәл төбесінде талмай қалықтаған қыранға қарады. Төбе үстіндегі өзі отырған қазан тастан Бату кенет асыға түрегелді. Бірақ үлгермеді.

Көз ұшында шыр айналған дала бүркіт бір мезет кереге қанатын жинап алды да, төмен қарай, құлаған тас тәрізді, құлдилай алға түсті. «Бері кел, бері кел!» деп Бараққа қарай жүгірген әке төрт-бес адым аттады, бірақ үлгерген жоқ, алып қыран төмен қарай шүйілген бойы зулап кеп, Батудың дәл көз алдында, Барақты іліп алып қаннен-қаперсіз қанаттарын қайта жайып, көк аспанға қарай самғай жөнелді.



Алыстап бара жатқан қара бүркіт пен қызыл шапанды баласынан көз алмай көкке қарап тістеніп, Бату хан қатты да қалды. Тек құлағына Барағының шырылдаған даусы жеткендей болды (І.Есенберлин, Алтын Орда).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет