Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз



Дата15.12.2016
өлшемі28,63 Kb.
#3990
1-жаттығу

Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз.


1.Әжем ауылдан мен үшін келді. 2.Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады. 3.Біз ауылға дейін автобус арқылы барамыз. 4.Жиналыс сағат үшке таман басталды. 5.Қысқа қарай күн суытады. 6.Марат жұмысы туралы айтты. 7.Офисте жиырмаға тарта қызметкер жұмыс істейді.8.Ол өзі туралы көп әңгіме айтты. 9.Сабаққа сенен басқа бәрі қатысты.
2-жаттығу

Көп нүктенің орнына жалғаулық шылауды қойыңыз.


1.Алматы ... Астана. 2.Алмас ... Әсел. 3.Қарға ... түлкі. 4.Мен ... сен. 5. Киноға бара едім, ... ақшам жоқ. 6. Ол жақсы оқиды, ... жақсы маман болғысы келеді. 7. Мен ауырып қалдым, ... сабаққа бара алмадым. 8. ... кітап оқымасаң, білімді адам бола алмайсың. 9. Жаңбыр жауды, ... қар еріді. 10. Ол ауырып қалды, ... сабаққа дайындалмады. 11. ... айтқанымды орындасаң, қателеспейсің. 12. Кинотеатрға барғым келеді, ... уақытым жоқ.
3-жаттығу

Көп нүктенің орнына қажетті демеулік шылауды қойыңыз.


1.Алыстан жер ..., кеме ..., қарауытып көрінеді. 2. Астанаға біз ... бардық. 3.Олар ... келді. 4.Гүлдердің ішінде, ... маған раушан гүлі ұнайды. 5.Менің жолдасым сапар шегуді жақсы көреді, ... кемемен. 6.Ол бір сұраққа ... қателесті. 7.Ауыл мен қаланың арасы алыс ...?
4-жаттығу

Берілген сөйлемдерді аударып, шылаудың түрін анықтаңыздар.


1. Я хочу знать много о казахской культуре. 2. Я изучаю казахский язык с сентября до июня. 3. После занятия пойду домой. 4. Я ради тебя приехал в деревню. 5. С прошлого года мы изучаем информатику. 6. Студенты сдают экзамены и зачеты. 7. Погода была теплая, но дождливая. 8. Арман то книгу читает, то смотрит телевизор. 9. Я заболел, поэтому не пошел на занятия. 10. Если не будешь читать, то небудешь умным.11. Я хочу идти в кино, но у меня нет денег. 12. Мой учитель живет в Алмате, а твой? 13. Я люблю читать, особенно исторические произведения. 14. Если я не пойду к своей подруге, то к тебе зойду.
5-жаттығу

Берілген шылаулармен сөйлем құраңыздар.


Әсіресе, және, бірақ, себебі, сондықтан, егер, үшін, дейін, арқылы, туралы.
Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Асыл тастардың сыры
Зүбаржат тасы адамдарға қуаныш пен көңілділік сыйлайтын болған. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойнына таққан екен. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді деседі.

Табас тасы ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады екен.

Құбылма тасты адамдар қан айналымын жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі деп жорамалдайды.

Алмас – күш-жігер қосады, жүрегіңді жайландырады, сағыныштан сарғайғанға ем деседі.

Күлгінтас – адамның жүрегін ізгілікке толтырады. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса, жақсы түс көреді екен. Күлгінтаспен бетті сипап, әжім мен секпілді кетіруге болады.

Ақық – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңдетіп, есту қабілетіңді жақсартады.

Феруза адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді деген. Сары аурумен ауыратындар ферузаны мойнынан тастамайтындай қылып тағып жүреді. Феруза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлдебір қауіпті жағдай төнсе, онда феруза оның көз алдында күңгірт тартып өзгеретін болған. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса, ол мүлдем сөніп қалады екен.
1. «Асыл тастардың сыры» мәтініне түйіндеме жазыңыз.

2. Зүбаржат, табас, алмас, ақық, феруза сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.

3. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Ұмытшақтық пен ұйқы қашуды қандай тас жазады?

- ..................................................................................

- Менің ойымша, алмас тасының ешқандай емдік қасиеті жоқ.

- ...............................................................................................

- Күлгінтас тас туралы не білесің, оның қандай қасиеттері бар?

- .................................................................................................

- Тіл-көзден сақтайтын, түсін өзгертетін, емдейтін қандай тастар бар, білесің бе?



- ..................................................................................................

4. Мәтіннен адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін сипаттайтын сөздерді табыңыз.
Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> Мазмұны кіріспе 1 Саясаттану пәнінің әдістемелік негізі
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет