Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Факторлық талдаудың үлгiлерi



бет2/24
Дата28.02.2018
өлшемі3,66 Mb.
#38329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1.3 Факторлық талдаудың үлгiлерi
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді: пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

1. нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

2. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

3. әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорыннын тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетшген кьізметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас манызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді?

2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына әсер ететін фак-торлар қалай жіктеледі ?

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.




Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қызметті біріңғай талдау қандай болып бөлінеді?

A) есептілік және басқарушылық

B) басқарушылық және каржылық

C) бухгалтерлік және басқарушылық

D) барлығы дұрыс

E) дұрыс жауабы жоқ


2. Басқарушылық есептілік – ол ...?

A) бөгде тұлғаларға ашық

B) бөгде тұлғаларға ғана

C) бөгде тұлғаларға жабык

D) бөгде тұлғаларға ашық та жабық та

E) дұрыс жауабы жоқ


3. Басқарушылық талдау тек қана қандай бола алады?

A) сыртқы

B) ішкі

C) орташа



D) негізгі

E) көмекші


4. Қаржылық талдау қандай бола алады?

A) сыртқы

B) ішкі

C) орташа



D) ішкіде, сырткы да

E) көмекші


5. Басқарушылық есептілік мәліметтері кәсіпорынның қызметін басқаратын қандай тұлғалар тобына ғана белгілі?

A) жеке


B) заңды

C) жеке және заңды

D) шектелмеген

E) шектелген


6. Бөгде тұлғаларға жабық, қатаң құпияланған кәсіпорынмен өндірілетін жеке өнім түрлерінің өзіндік құны туралы, тауар қорлану немесе төмен сапа себебімен өткізілмеген өнім туралы есептілік бұл?

A) қаржылық

B) бухгалтерлік

C) есептілік

D) басқарушылық

E) дұрыс жауабы жоқ


7. Басқарушылық талдау – ол ...?

A) кәсіпорын біріңғай тұтас сияқты

B) есептілік құру (жыл, тоқсан)

C) қатаң конфидеңциалды (коммерциялық құпия)

D) барлықтарына қол жетімді

E) А, В, С жауаптары дұрыс

8. Басқарушылық талдаудың ақпараттық көзі?

A) қаржылық есептілік

B) кәсіпорын басшылары

C) экономикалық акпарат кешені

D) ішкі, сыртқы, мүдделі

E) дұрыс жауабы жоқ


9. Қаржылық талдаудың ақпарат нәтижесінің қол жетімділігі бұл?

A) қажеттілік пайда болған жағдайда және ішкі регламентация үшін

B) барлықтарына кол жетімді

C) экономикалық ақпарат кешені

D) қатаң конфидеңциалды (коммерциялық құпия)

E) кәсіпорын басшылары


10. Қаржылық талдаудың неше негізгі әдістері бар?

А) 6


В) 5

С) 7


D) 8

Е) 9
11. Жаңа қаржылық есептіліктің маңызды ерекшеліктерінің бірі?

А) Есептіліктің әр позициясын алдағы кезеңмен салыстырылуы

В) Жоспарлы көрсеткіштер мен нормативтердің болмауы

С) Тереңдік талдау базисті жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткштерінің салыстырылуы

D) Кәсіпорын мүлкінің жалпы құндылықтары

Е) Факторлық талдау
12. Қаржылық талдаудың тәжирбиесі нарықтық экономика жағдайында қандай есептеулік талдаумен пайда болады?

А) Экономикалы – математикалық

В) Статистикалық

С) Әдістеме

D) Математикалы-статистика

Е) Методология


13. Көлденең талдау (мерзімдік) – бұл..?

А) Нәтижелі қаржылық көрсеткіштерінің құрылымын есептіліктің әр жақты позициясы

В) Базисті жыл деңгейінен бір қатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырылуы

С) Талдаудың ең көп тараған тәсілінде қаржылық коэффиценттерді қолдау

D) Есептіліктің әр позициясын алдағы кезеңмен салыстыру

Е) Дұрыс жауабы жоқ


14. Фирманың еншілес фирмалардың бөлемшелердің, цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есептіліктің жиынтық көрсеткіштері – бұл ...?

А) Тереңдік талдау

В) Тігінен талдау

С) Көлденең талдау

D) Факторлық талдау

Е) Салыстырмалы талдау


15. Нарықтық экономика жағдайында талдау ...

А) Қолданылады

В) Жазылады

С) Оқылады

D) Қаралады

Е) Сызылады


16. Тереңдік талдауда базистік жыл деңгейі көрсеткіштері нешеге тең болады?

А) 150 пайызға

В) 100 пайызга

С) 50 пайызға

D) 25 пайызға

Е) 10 пайызға


17. Факторлық талдау – бұл ...?

А) Есептіліктің әр позициясын алдағы кезеңмен салыстыру

В) Нәтижелік қаржылық көрсеткіштердің құрылыуын анықтау

С) Зерттеудің детерминдік немесе стохастикалық тәсілдері жекелеген факторлардын көрсеткіші

D) Коэффициенттер салыстырмалы шамада болады

Е) Төлеу үшін қаражат


18. Көлденең және тігінен талдау бірін – бірі...

А) Алмастырады

В) Салыстырады

С) Қаржыландырады

D)Толыктырады

Е) Пайдаланады


19. Көлденең және тігінен талдау бірін – бірі толықтырған кезде ...

А) Сызбанұсқа құрастырылады

В) График сызылады

С) Форма түрінде беріледі

D) А,С жауаптары дұрыс

Е) Кестелерді жиі құрастырады


20. Есептіліктің әр позициясын алдағы кезеңмен салыстыру қаржылық талдаудың қандай әдісі?

А) Көлденең талдау (мерзімдіқ)

В) Көлденең талдау (құрылымдық)

С) Трендік талдау

D) Есептік талдау

Е) Факторлық талдау


21. Нарықтық экономика жағдайдайындағы қаржылық талдаудың ең көп тараған түрі бұл- ...?

А) Трендтік талдау

В) Қаржылык коэффициенттері

С) Көлденең талдау

D) Салыстырмалы талдау

Е) Факторлық талдау


22. Өткен кезеңмен салыстырғанда бухгалтерлік есептіліктің түрлі баптарын қалай анықтауға болады?

А) Негізгі және көмекші

В) Жеке және жалпы

С) Абсолютті жане салыстырмалы

D) Абсолютті және ауыспалы

Е) Тұрақты және ауыспалы


23. Зерттеудің детермендік немес стохастикалық тәсілдерінің көмегімен жекелеген факторлардың шешуші көрсеткішке әсерін талдау бұл қаржылық талдаудың...

А) Трендтік талдау

В) Қаржылық коэффициенттері

С) Көлденең талдау

D) Факторлык талдау

Е) Салыстырмалы талдау


24. Базистік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуларын есептеуге негізделген бұл кезде барлық көрсеткіштер 100% деп алынады, бұл қаржылық талдаудың қай көрсеткіші?

А) Салыстырмалы талдау

В) Қаржылық коэффиценттері

С) Көлденең талдау

D) Факторлық талдау

Е) Трендтіқ талдау


25. Ұйымның қаржылық есептілігі мыналардан тұрады:

А) Бухгалтерлік баланс

В) Табыстар мен шығындар туралы есеп

С) Ақша қаржаттарының қозғалысы туралы есеп

D) Жеке капиталдың қозғалысы туралы есеп

Е) А,В,С,D жауаптары



Тарау 2. Қаржылық есептемесі және оның талдауы

Мақсаты: Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттармен танысу. Бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін қарастыру.
Жоспар:

2.1 Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттар

2.2 Бухгалтерлік баланс


    1. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп

2.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі
2.1 Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттык негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуга болады. Нарықтағы географиялық сег- менттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп етандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа Қазақстан Республикасының төлемдерін салу үшін жылдық табыс Қазақстан Республикасының заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартыньщ талаптарына сай келеді, себебі Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатвшастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің елі- міздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды түлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардын қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетгі пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық акпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
2.2 Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесігіде дүрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушьшар қаржылық талдаудьщ бағытьш анықгайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарынын мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, кеп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.



Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағьшдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
2.3 Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштері колдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық Табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу ушін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықіау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, каржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.
2.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі
"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілекті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының» келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауга мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша. Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестиция- лық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының қүрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын су бъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы гүрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржьшық есеп беру нысандарыньщ көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.



Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің құрамы мен құрылымы.

2. Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы.

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің қандай қызмет-терге жіктеліп ашылады?

4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің қандай әдістер-мен құрастырылады?

5. Табыстар мен шығындар туралы есебінің құрамы мен құрылымы.


Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Ұйымның қаржылық есептілігі мыналардан тұрады:

А) Бухгалтерлік баланс

В) Табыстар мен шығындар туралы есеп

С) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

D) Жеке капиталдың қозғалысы туралы есеп

Е) А,В,С,D жауаптары
2. Cубьектіде бар активтер, жеке капитал мен міндеттемелерді көрсететін көрсеткіш бұл-?

А) Бухгалтерлік баланс

В) Табыстар есебі

С) Шығындар есебі

D) Жалпы табыс

Е) Кезең шығындары


3. Есепті кезеңге ұйымның қаржылық нәтижелерін сипаттайды, бұл - ұйымның қандай қаржылық есептілігі?

А) Бухгалтерлік баланс

В) Табыстар және шығындар есебі

С) Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп

D) Жеке капиталдың қозғалысы туралы есеп

Е) Кезең шығындары


4. Бухгалтерлік баланс дегеніміз бұл-?

А) Есепті кезеңге ұйымның қаржылық нәтижелерін сипаттайды

В) Бұл өнімді өткізуден түскен табыс

С) Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны

D) Субъектіде бар активтер, жеке капитал мен міндіттемелер

Е) Дұрыс жауап берілмеген


5. Қосымша құн салығы, акциздер және басқа да міндетті төлемдер, сонымен қатар қайтарылған тауардың құны мен сатып алышуға ұсынылған сатуға жеңілдіктердің құнының айырмасына тең бұл табыстар мен шығындар есебінің қандай көрсеткіші ?

А) Өткізген дайын өнімнің өзіндік құны

В) Жалпы табыс

С) Дайын өнімді (тауар, жұмыс, қызмет) өткізудең тускен табыс

D) Кезең шығындары

Е) Табыс салығы


6. Өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен қаржылық нәтижеге және негізгі қызмет нәтижесінде түскен дайын өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) өткізуден табыс пен өткізілген өнімнің (тауарды, жұмысты, қызметті) өзіндік құнының айырмашылығы, бұл табыстар мен шығындар есебінің қандай көрсеткіші ?

А) Жалпы табыс

В) Кезең шығындары

С) Негізгі қызметтен түсетін табыс (шығын)

D) Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (шығын)

Е) Салық салуға дейінгі жай қызметтен табыс (шығын)


7. Дайын өнімнің (тауaр, жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құнына қосылмайтын шығындар ол - ?

А) Жалпы табыс

В) Кезең шығындары

С) Негізгі қызметтен түсетін табыс (шығын)

D) Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (шығын)

Е) Салық салуға дейінгі жай қызметтен табыс (шығын)


8. Кезең шығындарына, төмендегі аталғандардың қайсысы жатады ?

А) Жалпы және әкімшілік шығындар

В) Өткізу бойынша шығындар

С) Сыйақыларды төлеу бойынша шығындар

D) А,В,С жауаптары

Е) Дұрыс жауап берілмеген


9. Өзімен сальдолық қаржылық нәтижеге көрсетеді және жалпы табыс пен кезең шығындарды арасындағы айырмасының ретінде анықталады, бұл табыстар мен шығындар есебінің қандай көрсеткіші болады ?

А) Жалпы табыс

В) Кезең шығындар

С) Негізгі қызметтен тусетін табыс (шыгын)

D) Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (шығын)

Е) Салық салуға дейінгі жай қызметтен табыс (шығын)

10. Сальдоланған қаржылық нәтиже (табыс, шығын) көрсетіледі, бұл табыстар мен шығындар есебінің қандай көрсеткіш болады ?

А) Жалпы табыс

В) Негізгі емес қызметтен тусетін табыс (шыгын)

С) Негізгі қызметтен түсетін табыс (шығын)

D) Кезең шығындар

Е) Салық салуға дейінгі жай қызметтен табыс (шығын)


11. Операциялық қызмет бұл - ?

А) Ақша қаражаттарының қозғалысы

В) Ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу

С) Табыс алу мақсатында заңды түлғаның негізгі қызметі және инвестициялық пен каржылыққа жатпайтын басқа кызмет

D) Жеке капиталдың және заем қаражаттарының құрамы мен өлшемі өзгеру болып табылатын заңды тұлғаның қызметі

Е) А және С жауаптары


12. Инвестициялық қызмет бұл - ?

А) Ақша қаражаттарының қозғалысы

В) Ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу, өтелетін заемдарды алу жэне толеу

С) Табыс алу мақсатында заңды тұлғаның негізгі қызметі және инвестициялық пен қаржылыққа жатпайтын қызмет

D) Жеке капиталдың және заем қаражаттарының құрамы мен өлшемі өзгеру болып табылатын заңды тұлғаның қызметі

Е) А және В жауаптары


13. Қаржылық қызмет бұл - ?

А) Ақша қаражаттарының қозғалысы

В) Ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу, өтелетін заемдарды алу және төлеу

С) Табыс алу мақсатында заңды тұлғаның негізгі қызметі және инвестициялық пен қаржылыққа жатпайтын қызмет

D) Жеке капиталдың және заем қаражаттарының құрамы мен өлшемі өзгеру болып табылатын заңды түлғаның кызметі

Е) Банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын жиынтық қаражаттар


14. Ақша қозғалысы дегеніміз не ?

А) Ақшаның түсуі

В) Ақшаның кетуі

С) Ақшанын келіп түсуі және кетуі

D) А және С жауаптары

Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

15. Ұзақ мерзімді активтерді сату және сатып алу, өтелетін заемдарды алу және төлеу, бұл заңды тұлғаның қандай қызмет түріне жатады ?

А) Операциялық қызмет

В) Инвестициялық кызметі

С) Қаржылық қызметі

D) В және С жауаптары

Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс


16. Жеке капиталдың және заем қаражаттарының құрамы мен өлшемі өзгеру болып табылатын заңды тұлғаның қызметі, бұл заңды тұлғаның қандай қызмет түріне жатады ?

А) Операциялық қызметі

В) Инвестициялық қызметі

С) Қаржылык кызметі

D) А және С жауаптары

Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс


17. Табыс алу мақсатында заңды тұлғаның негізгі қызметі және инвестициялық пен қаржылыққа жатпайтын басқа қызмет, бұл заңды тұлғаның қандай қызмет түріне жатады ?

А) Операциялык кызметі

В) Инвестициялық қызметі

С) Қаржылық қызметі

D) А және С жауаптары

Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс


18. Есепті кезеңде орын алған жеке капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері туралы ақпаратты қай есепті кезеңде көрсетіледі?

А) Бухгалтерлік баланс

В) Табыстар мен шығындар туралы есеп

С) Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

D) Жеке капитал өзгерістері тұралы есеп

Е) Түсініктеме қағаз



Тарау 3. Кәсіпорынның табыстылығын талдау

Мақсаты: Табыстылықтың түсінігі және мәнімен танысу. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау және табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау жасай білу.
Жоспар:

3.1 Табыстылықтың түсінігі мен мәні

3.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

3.3 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау


3.1 Табыстылықтың түсінігі мен мәні
Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезендегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржьшық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізудеи алына­тын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайларданалынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

1. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

2. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

3. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:



  • табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

  • табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

  • табыстың өсу резервтерін анықтау;

  • кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

  • табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.


3.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмакты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық қүндылықтардыц азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден тұсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде— азаюына әсер етеді.



Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс.

Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:


  1. өткізілген әнімнің өндірістік өзіндік қүны;

  2. өнім бірлігінің бағасы;

  3. өткізілген енім көлемі (саны);

  4. өткізілген өнім құрамындағы қүрьшымдық өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жургізіледі.

1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің накты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:




Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет