Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы



Дата22.06.2018
өлшемі117,5 Kb.
#44136
Тәрбие сағатының тақырыбы: Бесік жыры-тәрбие басы

«Бесік жыры» - ұлттық тәрбиеміздің қайнар көзі


Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға бесік жырының қазақ ауыз әдебиетінің бір жанры екендігін түсіндіру Бесік жырын танып білу арқылы бесіктіңқұрылысы, бесік түрлері туралы мағлұмат беру.


2. Бесік жырынның тарихын оқып,біліп зерттеу арқылы оқушылар білімін шыңдау, адамның қоғамдық өмірінде бесіктің қажеттілігін білуін, Оқушыларды жауаптарын нақтылай түсіндіруге машықтандыру.
3. Оқушыларға қазақ халқының бесік жырының тәрбиелік мәнін білуге үйрете отырып, жаттап,сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс тәсілдері: интерактивті, деңгейлеп оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, музыка.

Сабақтың жүргізілу барысы:

Бірінші тапсырма:


І топ -Бесік жыры: Мағжан Жұмабаевтың “Бесік жыры”
ІІ топ -Бесік жыры: Сәкен Сейфуллин “ Бесік жыры”
ІІІ топ-Халық ауызынан тараған бесік жыры

Екінші тапсырма: Заманауи бесік жырлары. Қазақ әншілері орындаған бесік жырларынан клип немесе жазба әндер.

Үшінші тапсырма: І топ Бесіктің тарихы.
ІІ топ Бесіктің түрлері.
ІІІ топ Бесіктің құрылысы.

Бесік жырытұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.

Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:

“...Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтары майысып,

Ою-өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!

...Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Қызмет қылар ма екенсің?!

Қолымыздан іс алып,

Бақытымызға жан балам,

Бізді бағар ма екенсің?!” деп баласының болашағын, ел мүддесін, өз арман-мұратымен астастыра жырға қосады.

Ал суырып салма бесік жырларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады. Мәселен, Г.Н. Потанин хатқа түсірген бесік жырының бір үлгісінде: “Таудан Тоғас түскен жоқ, Секемен тары піскен жоқ. Тоғас түссе етекке, Қой жүреді жетекке. Жылама, бөпем, жылама” деп жарты құрсақ жатақтар өмірінің ауыр тірлігі суреттелді. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді.



Ауыз әдебиетінің жанры – бесік жыры.Қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклорындағы тұрмыс-салт әндерінің арасында кең тараған. Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:

  1. сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді;

  2. ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді.

Бесік жырына халықтық сипат, дәстүрлі идеапизация, оптимизм тән. Өлеңі 7-8, кейде 11 буынды әнтүрінде құрылады. Әуезов бесік жырын арнайы зерттемеген. Ташкент қаласында шыққан «Жас қайрат» журналының 1924 ж. 3-4-сандарында жарияланған «Халық әдебиеті туралы» деген мақаласында




«халықтардың арасында ауыздан ауызға көшіп, бірден бірге қалып айтылып жүрген: өлең, жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, айырым бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі әңгімелер... басқа да, осылар сияқты сездердің бірсыпырасы халық әдебиетіне жатады»




деп, бесік жырын халық ауыз өдебиетінің жанры ретінде атаған. Жазушының басқа ауыз әдебиетіне арналған еңбектерінде кездеспейді.

«Абай жолы» эпопеясында:

Қорқытпа менің баламды,

Гулей соққан ақ боран.

Балам әже қойнында,

Келе алмайсың сен бұған, -


деп басталатын бесік жырын енгізіп, Әуезов халық даналығынан туған фольклорлық мұраны пайдаланудың тамаша үлгісін керсеткен («Абай аға» тарауы)

Бірінші тапсырма:
І топ -Бесік жыры: Мағжан Жұмабаевтың “Бесік жыры”
ІІ топ -Бесік жыры: Сәкен Сейфуллин “ Бесік жыры”
ІІІ топ-Халық аузынан тараған бесік жыры


Бесік жыры. Мағжан Жұмабаев

Қуанып, қалқам,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем,
Көрсет, Ием,
Сол алтын күнін.
Ұйқың тәтті,
Ұйқың қатты,
Қозым, құлыным.
Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!
Әлди, бөпем,
Әлди-бөпем,
Әлди, әлди, әлди-ай!

Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Ұйықта, жұм көзің.
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
Бәрі де ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
Сая жаным,
Балапаным,
Соқсан дауыл, жел,
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл.
Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди, әлди-ай!
Сәулем, еркем,
Күні ертең
Толарсың сен-ай.
Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Сұлу сүйрік,
Жорға, жүйрік
Тайға мінерсің.
Қара жарғақ,
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін.
Мініп тұлпар,
Алып сұңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.
Қызық іздеп,
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.

Ерке марқам,


Қысып сүйермін.
Мініп тұлпар,
Алып сұңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.
Қызық іздеп,
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.
Тарлан шүйіп,
Сұлу сүйіп,
Үйден безерсің.
Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен бейшара
Жастан төгермін.
Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Сен еріме –
Жас бөріме
Қарсы кім тұрар!
Алмас қылыш,
Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен, сырттаным,
Арыстаным,
Жауды қуарсың.
Туған жерден,
Өскен елден,
Ерге не қымбат!
Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат!
Айбатыңды,
Қайратыңды,
Көрі қарт анаң,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем,
Көрсет, Ием,
Сол алтын күнін.
Ұйқың тәтті,
Ұйқың қатты,
Қозым, құлыным.
Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!
Әлди, бөпем,
Әлди-бөпем,
Әлди, әлди, әлди-ай!

Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Ұйықта, жұм көзің.
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
Бәрі де ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
Сая жаным,
Балапаным,
Соқсан дауыл, жел,
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл.
Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди, әлди-ай!
Сәулем, еркем,
Күні ертең
Толарсың сен-ай.
Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Сұлу сүйрік,
Жорға, жүйрік
Тайға мінерсің.
Қара жарғақ,
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін.
Мініп тұлпар,
Алып сұңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.
Қызық іздеп,
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.
Тарлан шүйіп,
Сұлу сүйіп,
Үйден безерсің.
Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен бейшара
Жастан төгермін.
Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Сен еріме –
Жас бөріме
Қарсы кім тұрар!
Алмас қылыш,
Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен, сырттаным,
Арыстаным,
Жауды қуарсың.
Туған жерден,
Өскен елден,
Ерге не қымбат!
Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат!
Айбатыңды,
Қайратыңды,
Көрі қарт анаң,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем,
Көрсет, Ием,
Сол алтын күнін.
Ұйқың тәтті,
Ұйқың қатты,
Қозым, құлыным.
Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!
Әлди, бөпем,
Әлди-бөпем,
Әлди, әлди, әлди-ай!

Келіншектің бесік жыры. Сәкен Сейфуллин

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін!


Әлди-әлди, жанашым!
Алдыма алып шабайын,
Тойға кеткен әкеңді
Кайдан іздеп табайын?

Әлди-әлди, аппағым!


Жылама, менің жүрегім,
Әкең малда тұр шығар
Таяныш қып күрегін.
Әлди, менің бөбегім,
Әкең жүр ғой малменен!
Жүрген шығар алысып
Шұна қаяз қарменен.
Қартайғанда күтетін
Әкесі мен шешесін,
Кандай жігіт өскенде
Болар екен бөпешім?
Өңкей біздей зарлыға,
Кемдіктегі жарлыға,
Жаным менің ержетіп
Көсем болар ма екенсің?
Тақылдаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе,
Шешен болар ма екенсің?
Бұлбұлдай боп тілінен
Тәтті айтқанда бал тамған,
Ащы айтқанда қан тамған
Ақын болар ма екенсің?
Не болмаса жүректі,
Күш, қайратты, білекті,
Кемшілікке көнбейтін
Батыр болар ма екенсің?
Омырауы есіктей,
Ақ балтыры бесіктей,
Егінші боп, өзгеге
Нұсқа болар ма екенсің?
Отқа темір қайнаткан,
Бұт балғаны ойнатқан,
Нанша илейтін темірді
Ұста болар ма екенсің?
Не болмаса жұмыскер,
Не өнерлі мініскер,
Саусақтары сүйріктей
Зергер болар ма екенсің?
Не қасқа атты Қамбардай,
Аш қылмайтын аң барда,
Құралайды көзге атар
Мерген болар ма екенсің?
Жақсы болып ержетсе
Балапаны бөпесі,
Бағы ашылып, анасы
Көкке тиер төбесі.
Бақытсыз боп ержетсе,
Бар үміті – қарағы,
Михнат шеккен сорлы ана
Ашпағаны қабағын.
Әлди-әлди, балашын!
Ұйықтатайын тербетіп…
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ержетіп!…

Халық бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін

Екінші тапсырма: Заманауи бесік жырлары. Қазақ әншілері орындаған бесік жырларынан клип немесе жазба әндер.

Мейрамбек Беспаев Бесік жыры

Роза Әлқожа Бесік жыры

Қоңыр тобы Бесік жыры

Үшінші тапсырма:

І топ. Бесіктің тарихы. Бесіктің пайдасы

ІІ топ. Бесіктің түрлері.

ІІІ топ. Бесіктің құрылысы.

І топ. Бесіктің тарихы. Бесіктің пайдасы


Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.

Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады Бесік  көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті  қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік  жеңіл, ықшам әрі берік  көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды.. Түбектің түбіне күл салып, жиі- жиі ауыстырып отырады. Шүмек  қойдың асық  жілігінен жасайды, кейде  айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі  қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен  босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау тізебау тізе  жастық, бесік  көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік ,аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.

Бесіктің жасалуы

Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі. бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Иіп әуелі бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық.

 Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды.

 Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды.

 Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қарылады.

Қазір  баласын  бесікке  бөлейтін  ата-ана  аз.  Тіпті  «бесік зиян…»  дейтіндер   де  бар.    Бұл  баяғы кеңестен  қалған  көзқарас.  Кешегі  кеңестiк  дәуiрде  мединституттың  оқытушылары  шәкірттеріне  бесікті жамандап оқытатын    арнайы тапсырма  болған.  Ол заманда жек  көрген  нәрсеңізді  «ескіліктің  қалдығы»  десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ.  Сөйтіп,  бесік  қолданыстан  шығып  қалды.  Әйтпегенде,  жүздеген  ғасыр  сынақтан  өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? 

Бесіктің пайдасы

Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз  Айталық:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  бір  парасы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз.  «Бесікке  салу»,  «Тыштыма»,  т.б.  жоғалды.  Үлкен  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»  дегенді тегін айтпаған шығар

Бесіктің түрлері:

Қазақ бесігі негізінен, жер бесік, жел бесік деп екі түрге бөлінеді.

1. Жер бесік. Ол жасалуы бойынша: иіп жасалған бесік, тік жасалған бесік.

2. Жел бесік. Ол жасалған материалы бойынша: тал бесік, қайың бесік, қарағай бесік.

Бесіктің тағы бір түрі: аспалы бесік. Оны әлпеншек деп те атайды.

Бесіктің құрылысы

1. Арқалық. Ол ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұтуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр бел ағашы. Оны арыс деп те атайды.

Бесіктің құрылысы

1. Арқалық. Ол ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұтуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр бел ағашы. Оны арыс деп те атайды.

3. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді. Ұзындығына тең жұмыр ағаш.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

8. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.

9. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Қорытындылау:

Бесікке арналған мақал-мәтелдер:

Бесіксіз үйде береке жоқ.

Ел болам десең,бесігіңді түзе,

Тал бесіктен жер, бесікке дейін.

Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді.

Жаман деп бесікке күлме, тар деп есікке күлме.

Бесік-ұшар ұяң, есік алтын шыған.

Төріңде бесік тұрса төре де бас иеді.

Есік арқалағаннан,бесік арқалаған артық.

Туған жер алтын бесік



Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

Бесік- ұрпақ ұясы.
Каталог: uploads -> doc -> 0f81
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f81 -> Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру, салыстыру
0f81 -> Сабақ №13 Сынып: Сабақ жоспары: қозғалмалы ойындар Өткізілген мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет