Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл


Жазушының драматургия саласындағы еңбектері



бет2/2
Дата07.11.2022
өлшемі298,84 Kb.
#156769
1   2
Байланысты:
Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы
Мадина
Жазушының драматургия саласындағы еңбектері

Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.

20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.



Әуезовтың драмалық шығармалары

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісү қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткөн туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Т. с.» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс»пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.

1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ.Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж.Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30- жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді.



Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мені бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ.Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикапық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос».Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлгтық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі өдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, ше- шендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.

Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана төн, айрықша сөздік сипаттамаларымөн көйіптелген. Әуезов - қазақ әдөби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформа- тор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйіндө ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып,жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ едебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
Мұхтар Әуезовтің атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы сыныпта оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Ол халыққа білім беретін ұстаз болуды армандаған. Мұхтар 1919 жылы Семей мұғалімдер семинариясын бітірген.
Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. «Қазақтың өзгеше мінездері» атты алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылып шықты. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады.
1919 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясын бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Бір жылдан кейін Ленинград университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1928 жылы тәмамдайды. Жоғары білім алған Мұхтар Омарханұлы Ташкент университетінің Шығыс факультетінің аспирантурасына түсіп, оны 1930 жылы бітіреді. 1930 жылдан бастап Әуезов Қазақ педагогика институтында дәріс оқиды.
Мұхтар Әуезовтің Абай өмірі мен шығармашылығы туралы алғашқы шығармалары осы кезден басталады. Бірте-бірте оның шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ұлы Абай бейнесі туралы айтыла бастайды. Жазушы оған бірқатар мақаласын, операның либреттосын, сценарийін, трагедиясын арнап, орасан зор жұмыстың нәтижесі төрт томдық монументалды эпопеяға айналды. «Абай жолы» эпопеясы 20-ғасырдағы ең үздік романдардың бірі болды. Ол Еуропаның, Азияның және Африканың ондаған тілдеріне аударылған.
Мұхтар Әуезов ұлттық театрдың дамуына көп еңбек сіңірді. Қазақ театрлары сахнасында жазушының өзінің пьесаларынан бөлек, оның аудармасындағы әлемдік, орыс және кеңес драматургиясының таңдаулы туындылары қойылады.
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Омарханұлы Әуезов көрнекті ғалым, тарихшы, әдебиет теоретигі болды. Оның негізгі әдеби шығармалары «Әр жылдардағы ойлар» іргелі кітабында жинақталған. Мұхтар Әуезовке Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді. Мұхтар Әуезов Кеңестік Бейбітшілік комитетінің мүшесі, Лениндік сыйлық беру комитетінің мүшесі, КСРО Жазушылар одағы басқармасының президиумының мүшесі болды.
Жазушы «Ленин» орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Туы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1961 жылы 27 маусымда Мәскеуде қайтыс болып, Алматыда жерленді.
Оның есімі Қазақ академиялық драма театрына, Қазақ КСР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына, Алматы қаласындағы мектеп пен көшеге берілді.
Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы алаңда, қазақ драма театрының алдындағы алаңда Әуезовке ескерткіш орнатылды.
Семей қабырғасында Мұхтар Әуезов оқыған педагогикалық техникум оның есімімен аталады. Оның құрметіне қаланың көрікті даңғылдарының біріне атау беріліп, жазушы-ғалымға ескерткіш орнатылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет