Бүгін "Жас Қазақ" газетінде Қр сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді



бет2/9
Дата06.02.2022
өлшемі65,88 Kb.
#38593
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дипломатия ежелгі кәсіп
Иә, ертеректе Шығыс пен Батыста елші­нің қызметі әртүрлі болды. Бір-біріне ұқ­самайтын. Дегенмен қызметі аса жауапты әрі қауіпті кәсіптің бірі саналды. Әдетте, елшілер бір елдің сөзін сөйлейтін толық өкілі ретінде – «Alter ego», яғни «екінші мен» деген түсі­нікке келетін қағиданы ұстанды.
Қазақ «елдестірмек елшіден» дейді ғой. Елші барған еліндегі жағдайдың барысын бақылап, зерттеп, екі мемлекет арасындағы түрлі салалар­дағы әлеуеті жоғары нүктелерін тауып, сол бағытты дамытуға күш-жігерін салуы керек. Өз елінің ұлттық мүдделеріне қайшы келмей­тін, оларды қорғай­тын және ілгерілететін ұстанымды басшы­лыққа алып, сол арқылы өзара ықпал­дастық пен сенімді нығайтатын қызмет атқаруы қажет. Әрине, барған же­рінде өз мемлекетінің мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі және кез келген салалардағы жетіс­тіктерін дәріптеуді де ұмытпауы қажет.
57 елшілік бар
Көпшілік сыртқы саясатта елшіліктің қандай рөлге ие екенін біле бермейді. Бұл тарапта газет оқырманына Қазақ­станның қанша елде елшілігі барын айтып берейін. Бұдан біраз баспасөз бетінен еліміздің шетелде 60-тан аса дипло­матиялық өкіл­дігі бар дегенді көзіміз шалып қалды. Бұл дерек қате. Қазіргі күні әлем­де 200-ге жуық мемлекет бар және біз­дің ел олардың басым бөлі­гімен дипломатия­лық қатынас орнат­қан. Шетелде еліміздің 89 дипло­матия­лық өкіл­дігі бар, оның ішінде 57 елшілік, 5 халықаралық ұйым­дар жанындағы тұрақты өкіл­дік, 3 дип­ло­матиялық миссия, 10 бас консулдық, 12 кон­сулдық және 2 елшілік бөлім­шелері.

Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет