Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді



Дата05.08.2020
өлшемі15,92 Kb.
#76203
түріБағдарламасы
Байланысты:
Өздік жұмыс 27.07
Новый документ

27.07.2020 жыл

Өздік жұмыс

1 Оқу бағдарламасының спиральдік қағидаты

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын, одан әрі дамытылып отыратын спиральді қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Білім алу кезінде оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі. Спиральді білім беру бағдарламасының құрылымы оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын салыстырып қарастыру барысында айқын байқалады. Спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2 Тиімді оқыту мен оқытудың тәсілдері



Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеру керек. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керек. Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар. Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады. Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып түзетуге мүмкіндік беруіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз қажет. Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал ету, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алу. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере білу. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түседі. Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жазған: Серденбаева У.С.

29 орта мектебі,



Қостанай қаласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет