Билет тыныс алу жүйесіне әсер ететін препараттар


Глауцин гидрохлориді - Glaucini hydrochloridum (Б)



бет5/35
Дата25.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#129786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ФАРМ ПОЛНЫЙ (копия)

Глауцин гидрохлориді - Glaucini hydrochloridum (Б): 0,05 таб – 1 таб. Тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Тусупрекс – Tusuprex 0,01 және 0,02гр. күніне 1-2 таб тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Әсері шеткерлік жөтелге қарсы дәрілерге либексин жатады, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, дәріге тәуелділік тудырмайды. Сондықтан бейнаркотикалық препараттарға жатады.



Либексин – Libexinum (Б): 0,1гр таб түрінде 1таб күніне 2-4 мезгіл.

Қосылып келетін препарттар ішінде:



Бронхолитин – broncholytinum (Б): 125 мл флаконда (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы+лимон қышқылы) – 1 ас қасықтан тәулігіне 3-4рет белгіленеді.

Стоптусин – Stoptussin (бутамират цитраты + гуафензин) – 10 мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.

3. Қақырық түсіретін дәрілер.

Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.

Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх-өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулезінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ-ң, жүрек қан тамыр жүйесінің (органикалық) ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет