Біліктілігін арттыру институты


Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттері



бет4/4
Дата16.06.2020
өлшемі21,33 Kb.
#73631
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Жандабаева Н ТӨЖ
Документ Microsoft Office Word (3)
Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттері.

Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарам –қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата - аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады.

 Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс - әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата - аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс - әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды[5].

 Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата - аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді [6].

Қорытындылай келе, оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:



1.   Қалиұлы Серғазы. Қазақ этнопедагогикасының  теориялық  негіздері  мен  тарихы. – Алматы, 2003.

2.   Сабиров Т. С. Болашақ мұғалімдердің  дидактикалық  дайындығын  жетілдіру. – Алматы,  1999.

3.   Кәрімбаев Нұрсұлтан Жастарға жол  нұсқайтын  кітап // – Егеменді  Қазақстан.  2007.  26 .01

4.   Наурызбаев Ж. Ұлттық  мектептің  ұлы  мұраты. – Алматы.  1996.

5.   Қоқымбаева Т. Мектеп  оқушыларына  ұлттық  тәрбие  берудегі  халық  педагогикасының  маңызы.  -  Мектептегі  психология.  2007 №1.

6.   Жарықбаев Қ. Б.,  Қазақтың  тәлім – тәрбиелік ой – пікір  антологиясы. – Алматы, 1998.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет