Біліктілігін арттыру институты



бет2/4
Дата16.06.2020
өлшемі21,33 Kb.
#73631
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Жандабаева Н ТӨЖ
Документ Microsoft Office Word (3)
Жұмыстың тақырыбы: Шағын жинақты мектептетер жағдайында

сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

әдістемесі.

Жандабаева Несипкуль Сапарбековна

№16.С.Мәуленов атындағы бастауыш

мектебінің бастауыш пәні мұғалімі.


2020 оқу жылы.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе


1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы–тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз ету жолдары.

1.1. Сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттері.

2. Қорытынды.

3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

 “Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту  тұжырымдамасында” орта білім берудің  мақсаты жылдам  өзгеріп дүние жағдайларында  алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай білуге, өзін - өзі  іске асыруға, өзін-өзі дамытуға  және өз бетінше  дұрыс,  адамгершілік тұрғысынан  жауапты шешімдер  қабылдауға  қабілетті жеке  тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен.

Осындай күрделі мақсаттың  жүзеге асуы білім  берудің үздіксіздігін  қамтамасыз ету жағдайына  байланыстылығын  да көрсетті.  Республикада бұл міндеттердің  шешу жолы  білім берудің қосымша  дамыту бағдарламаларында  айқындалады.  Сондай -ақ  “ҚР  тәлім тәрбие  тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің  негізі – ұлттық  тәлім тәрбие  деп қарастырады. Мұнда  әрбір халықтың  тәлім-тәрбиелік мұрасы- мәдениеттің  құнды бөлігі  немесе қазақ  халқының  педагогикалық  ой -пікірлерін  бүкіл оқу тәрбие  жүйесінің  тірегіне  айналдыруды  көздейді.

Осыған орай, мектепте  оқушыларды тек сыныпта ғана  тәрбиелеп және  қалыптастырып  қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да  тәрбиелеу қажеттілігі  маңызды болып отыр.

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады[1].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет