Білім академиясы


«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны



бет13/50
Дата09.04.2022
өлшемі360,5 Kb.
#138537
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Дене шыны тыру о у ба дарламасы

1 «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны


«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.




Бөлім

Бөлімше


Қозғала білу және сенімділік

Негізгі қозғалыс дағдыларын дамыту: тірек-қозғалыс аппараты, денені және объектіні басқара біледі (1a)

Физикалық дамуға ықпал ететін түрлі дене жаттығуларында түйіндес қозғалыстарды жақсартады және орындайды (1ә)

Реакцияны, жылдамдықты, күшті, координацияны, тепе-теңдікті және ептілікті дамытады (1б)

Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды (1в)

Физикалық қызметтің әр түрлерінде сенімділікпен, жеке қабілеттерді жақсартуға дайын болады (1г)

Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды (1ғ)

Өзінің және басқалардың қызметін жақсарту үшін әрекеттерді, қарқынды, байланыс пен кеңістікті талдап, бағалай біледі (1д)

Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді (1е)

Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қасиеттер және сыни ойлау


Өмірдегі түрлі жағдайлар мен дене тәрбиесі жоспарындағы проблемаларды шешу және өзгерістер енгізу арқылы қоршаған орта мен байланыстарды зерттейді, түсіндіреді, шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды қалай пайдалану керектігін біледі (2а)

Өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету үшін балама шешімдер арқылы қозғалыспен байланысты жоспарларды, стратегияларды және идеяларды бейімдейді (2ә)

Өзгерістерге бейімделу, қиындықтарды жеңудің инновациялық стратегияларын пайдаланады және анықтайды (2б)

Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады (2в)

Дене жаттығуларын орындау үшін алға қойған мақсаттар жетістіктерінің стратегиясын, тактикасын пайдаланады және жоспарлайды (2г)

Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды (2ғ)

Әртүрлі жағдайларда шығармашылық қабілеттер мен идеяларды нақты қолданады (2д)

Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды (2е)

Қозғалыс қызметі контекстіндегі қарым-қатынастар және әлеуметтік дағдылар


Түрлі дене жаттығуларын жасау барысында жанашырлық пен түсіністікті көрсету арқылы қолдайды және бірін-бірі тыңдайды (3a)

Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді (3ә)

Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді (3б)

Кеңістікті, ресурстарды, идеяларды бөлісе отырып, өзінің және басқалардың қажеттіліктері мен көзқарастарын түсінеді және құрметтейді (3в)

Түрлі жағдайларға және бірқатар физикалық қызметтерге бейімделеді (3г)

Болашақта топ құрамында оқи алуы үшін дене жаттығуларындағы өткен тәжірибе мен жетістіктер бойынша қорытынды жасайды (3ғ)

Дене қозғалыстарының топтық, бірлескен немесе жарыс тапсырмаларын орындау барысында басқалардың көмегін қашан және қалай қолдану керектігін біледі (3д)

Физикалық қызмет кезінде жеке және топтық тапсырмаларды орындау барысында ұжыммен жұмыс істеп, әділ жарыса біледі, патриоттық сезімін оятады (3е)

Денсаулық, жақсы дене дайындығы және өз-өзін сезіну





Физикалық, психикалық және эмоционалдық денсаулыққа ықпал етіп, оны қолдайтын шешімдер қабылдауда физикалық қызметтің денсаулық, дене шынықтыру және өз-өзін жақсы сезіну маңыздылығын түсінеді (4а)

Дене жаттығуларын орындау барысында денені ширату мен босатудың қажеттілігін түсінеді (4ә)

Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу, жүрек соғысының жиілігі, дене қызуы сияқты ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын біледі (4б)

Түрлі физикалық жүктемелердің қажет қарқындылығына қол жеткізу бағытында жұмыс істейді және түсінеді (4в)

Денсаулық жағдайы мен өзін-өзі сезінуін ескере отырып, дене жаттығуларын орындау кезінде жағдайы мен сезімін сипаттап, талдай біледі (4г)

Дене жаттығуларын жасау барысында қандай дене мүшелері мен бұлшық еттері белсенді екенін және мұның физикалық дайындыққа қалай әсер ететінін біледі (4ғ)

Денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған бірқатар физикалық жүктемелерге қатысу барысында сәйкес әрекет етіп, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды және оларды жеңе біледі (4д)

Мектептен тыс және мектеп ішіндегі физикалық қызметтерге қатысу үшін мүмкіндіктерін анықтайды және ұсынады (4е)

2 Оқу мақсаттарының жүйесі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет