Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер


Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері



бет23/31
Дата07.02.2022
өлшемі37,81 Kb.
#88810
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер
Саясаттану лекция, Саясаттану лекция
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.Мадақтау – жеке оқушы немесе ұжымның іс-әрекеті мен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымды баға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезініп, өзіне сенімі артып, белсенді әрекетке ыңғайланады.Жазалау – оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық және тәндік жағына ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымнан уақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіруі керек. Жазалау формасының бірі түрі - мұғалім мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау формасын қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туындау жағдайын тексеруі қажет. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкесуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет