Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі



бет1/3
Дата09.12.2023
өлшемі29,02 Kb.
#196024
  1   2   3
Байланысты:
критериалды багалау баяндама - копия
Экология №1, №2-Тәжірибелік сабақтар. ИИДСС-20-2к Әбілхайыр Мирас Маратұлы.



Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі



-Қайырлы құрметті ата-аналар! Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Баршаңызға алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Бүгінде білім беру саласы түрлі реформалар мен жаңалықтарға толы. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесі енгізілуде.
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Барлық жаңа дүние сияқты, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі педагогтердің да, ата-аналардың да тарапынан біркелкі қабылданбады. Сұрақтар жыл бойы туындап отырды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;
- білім алушылардың үлгерімі мен жетістігін қамтамасыз етуге тұтастық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған;
- - әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқытудың, оқу мен бағалаудың өзара байланыстарына негізделгенін есте ұстаған жөн. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы – білім алушыға түсер күйзелісті азайту болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады, оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға балалары сияқты өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Бағалаудың жаңа жүйесі ыңғайлы және достық қарым-қатынас ортасын құруға ықпал ететіндігін түсіндіру маңызды болып табылады.
Мұғалім бағалауды жүргізу барысында тек мұғалімдерге ғана емес, сондай-ақ ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдар кешенін міндетті түрде қолдануы тиіс:

Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.


Білім алушының бағалау қызметін жүзеге асыру үшін мұғалім:

  • әртүрлі бағалау түрлерін жиі қолдану керектігін (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);

  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін дербес дайындауды және таңдап алуды;

  • бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алуды білуі тиіс.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін мұғалім:


1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
3)бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес);
4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануы, сондай-ақ ерекше білімге қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.
Критериалды бағалау мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды жобалап түсіндіреді:
1. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
2. Білім алушылардың жұмыстары басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
3. Нақты тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамаларының болуы;
4. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болуы;
5. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді. Рефлексия білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты болып табылады;
6. Өзін-өзі бағалауға көшуге тырыса отырып, білім алушыларды бағалау процесіне қосу;
7. Оқыған материалдары негізінде бағалау. Бағалау критерийлері оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.
11. Балалардың түзету жұмыстарын ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет