Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін


STEM технологиясын енгізу шарттары



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
лекция

STEM технологиясын енгізу шарттары: 

1.  Талантты  балаларды  іздеу,  қолдау  және  сүйемелдеудің  тармақталған 

жүйесін құру қажет.  

2.  Әрбір  жалпы  білім  беретін  мектепте  дарынды  балаларды  анықтауға 

арналған  шығармашылық  ортаны  дамыту  қажет.  Жоғары  сынып 

оқушыларына  бейіндік  дайындық  бағдарламаларын  игеруге  жағдай 

туғызатын  сырттай  оқу,  күндізгі-сырттай  оқу  және  қашықтықтан  оқыту 

мектептерінде оқу мүмкіндігін ұсыну қажет.  

3.  Қалыптасқан  талантты  (дарынды)  балаларды  қолдау  жүйесін  дамыту 

керек.  Елдегі бірқатар университеттердің жанындағы физика-математикалық 

мектептер мен интернаттардыңжұмыс тәжірибесін таратқан жөн.   

4.  Дарынды  балалармен  жұмыс  экономикалық  тұрғыда  орынды  болуы 

тиіс.  Жан  басына  қаржыландыру  нормативін  білім  беру  мекемесінің  ғана 

емес,  оқушылардың  ерекшеліктеріне  сәйкес  анықтаған  жөн.  Оқушының 

жоғары  нәтижеге  жетуіне  себепкер  болған  мұғалім  айтарлықтай 

ынталандыру төлемдерін алуы тиіс. 

5.  Отандық  ұстаздықтыморальдық  және  материалдық  қолдауы  жүйесін 

енгізу  қажет.  Ал  ең  бастысы  -  ұстаздық  қызметке  талантты  жастарды  тарту 

керек. 

Қазақстанда STEM-білім беру белсенді дамуда. Республика мектептеріне 

Білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  STEM-оқыту  мәнмәтініндегі 

жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге 

асыру  үшін  оқу  бағдарламаларына  жаңа  технологияларды,  ғылыми 

инновацияларды,  математикалық  модельдеуді  дамытуға  бағытталған  STEM-

элементтерін енгізу жоспарланды.  

Оқытудың  жаңа  пәнаралық  және  жобалық  тәсілі  енгізіледі.  Ол 

оқушылардың зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, сын 

тұрғысынан 

ойлау, 


инновациялық 

және 


шығармашылық 

ойлау, 


проблемаларды  шешу,  коммуникация  және  топтық  жұмыс  дағдыларын 

дамытуға  ықпал  етеді.  Жаратылыстану-математикалық  бағыт  пәндері 

арасындағы  «ортақ  тақырыптар»  саны  артады.  2015-2016  оқу  жылынан 

бастап  бірінші  сынып  оқушылары  жоғарғы  сыныптарда  жаратылыстану 

ғылымдарын  оқуға  негіз  болып  табылатын  "Жаратылыстану"  пәнін  оқиды. 

Сонымен  қатар,  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  барлық  мектептерді  АКТ-

мен, 

сандық 


білім 

беру 


ресурстарымен, 

Интернет 

желісінің 

қолжетімділігімен  жабдықтауды  бастау  жоспарланған.  Сонымен  бірге  2019 

жылы  жоғары  сыныптарда  жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндер 

ағылшын  тілінде  оқытылатын  болады,  бұл  жаңа  білімді  түпнұсқа  тілінде 

оқып  білуге  және  әлемдік  ғылыми  қоғамдастыққа  кіруге  ықпал  ететін 

болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет