Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекция



Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігі

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  университеті



 

 

 



 

Математика және ақпараттық технологиялар факультеті

 

 

Математика мен информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»  

пәні бойынша

 

 

ДӘРІСТЕР КУРСЫ 

(9 дәріс)

 

 

 



 

 

білім беру бағдарламасы: «6В01502 – Математика-Информатика» үшін



 

 

 



 

 

 



 

 

Құрастырушылары: Косыбаева Умiтжан Аманкелдыкызы

 

Кервенев Қабылғазы Ержепұлы

 

Оразбекова Раушан Асансеитовна

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарағанды 2021

 



Тақырып №1. Топтық жұмыс. Оқытудағы көшбасшылық және 

менеджмент 

Сұрақтар: 

1.Көшбасшы сөзінің мағынасын қалай түсінесіздер? 

2. Топтық жұмыста көшбасшылық маңызды ма? 

 

Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. 



Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары: 

-

 



топтық  жұмыс  әдісімен  оқушылардың  жетістіктерін  қалай  бағалауға 

болады? 


-

 

топтық  жұмыс  әдісін  бағалау  формативті  бағалауға  қандай  үлесін 



тигізеді? 

Топпен  бірге  жұмыс  жасау  кезде  қандайда  бір  істің  атқарылуы  маңызды 

емес,  оның  топпен  қалай  жасалғаны  маңыздырақ.  Бұл  жағдайда  жұмыстың 

нәтижесі  ғана  бағаланбайды,  сонымен  қатар  жұмыс  барысы  да  бағалануы 

тиіс,  өйткені  топта  жұмыс  істей  білу  оқушыны  қалыптастырудағы  өте 

маңызды  құзіреттілік  (компетенция).  Бұл  жағдайда  формативті  бағалау  оқу 

процесінің  бір  бөлімі  болып  табылады,  себебі  топпен  бірге  жұмыс  істеу 

арқылы  оқушылар  бір-бірімен  ақылдасып,  сұрақтар  қойып  олар  өзара 

байланыс  жасайды.  Осы  арада  ұстаздың  топтық  жұмыс  кезінде  міндетті 

түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн. 



Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар. 

-

 



ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы; 

-

 



ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы; 

-

 



өзін-өзі  бағалау  -  топпен  бірге  жұмыс  кезіндегі  оқушылар  мен 

мұғалімнің байланысын бағалауы; 

Топпен  бірге  жұмыс    істеуді  ұйымдастырғанда  мұғалім  төмендегі 

шарттармен 

таныстырып өтуі керек. 

 

топтық  жұмыстың  мақсаттарын  хабарлау  және  оның  оқытылатын 



тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі; 

 



тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау; 

 



соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім 

мен  оқушылар  бірлесе  отырып;  тек  қана  оқушылардың  өздері;  арнайы 

әділқазылар) 

 



топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау; 

 



бағалаудың ұстанымдарын хабарлау; 

Мұғалімнің 

топтық 

жұмысты 


бағалау 

кезінде 


топтағылардың 

әрқайсысына әр түрлі  баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың 

белсенділігіне  (концепциясына)  кері  әсерін  тигізеді.  Бірақ  мұндай  жағдайда 

да  ұстаздың  топтық  жұмысқа  қатысып  отырған  және  мүлдем  белсенділік 

танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн. 

Топтық жұмыстың бағалануы. 

Мұғалім  бақылаудың  бір  түрін  құрастырып  оны  қатысушылармен  бірге 

талқылайды  және  мақұлдайды.    Топтық  жұмысты  бағалауды  қандайда  бір 



уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.  

Топ 


нөм

і 

рі 



Топтағы 

бірлесті


к 

(орналас


тыру 

және 


міндетте

рдің 


орындал

уы) 


Тәртібі 

(басқа 


топтардағы

ларға 


кедергі 

жасамау, 

берілген 

тапсырмада

н 

ауытқымау, 



айғайламау

Тапс



ырма

ның, 


тақы

рыпт


ың, 

мате


риал

дың 


ашыл

уы 


Топтың 

басқа 


мүшелері

нің 


презентац

ияларын 


тыңдай 

білу, 


сұрақтар 

қою, 


толықтыр

у жасау. 

Б

ар

ал



ы

қ 

ұп



ай

ы 

І 



+++ 



 

ІІ 



 



 

 

ІІІ 



++ 



 

ІV 





++++ 

 



 

 

 



 

 

 



Мұғалім  тапсырмаларды  берген  соң  әрбір  топ  белсенділіктерін  бақылап, 

кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде 

мұғалім  кестедегі  «Топтық  бірлестік»  пен  «Тәртібі»  деген  қатарларды 

толтырады.  Ал әр топ өз жұмыстарын  баяндап жатқанда, келесі екі катарды 

толықтырып  отырады.  Осылайша    процесс  жалғаса  береді.  Ең  соңында 

қорытындысын    шығарып  және  нәтижелерді  талқылайды.  Бұл  кезде  ұстаз 

қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады. 

 



әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды? 

 



тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды 

қалай жеңуге болады? 

Бірінші  сұраққа    жауап  алу  кезінде  мұғалім  қатысушылармен  әрбір 

топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады. 

Ал  екінші  сұрақ  оқушылардың  зейінін  пайда  болған  кедергілерге 

шоғырландырып,  бірлесе шешуді қарастырады. 

Топтық  жұмыс  орындағандағы  нәтиже  мұғалімнің  қандайда  бір  шешім 

қабылдауына мүмкіншілік береді. 

 



егер  де  оң  нәтижелер  көрсетсе,  онда  мұғалім  тақырыпты  ары  қарай 

жалғастыра  береді; 

 

ал  егер  нәтижелер  жоғары  болмаған  жағдайда,  онда  ол  оқушыларға 



қосымша  тапсырмалар,  жаттығулар  беріп,  тағы  да  басқа  әдістерді  қолдана 

отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет