HTML-құжаттарды көретін және құратын бағдарламалар. Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама. Ақпарат көздері Uniform Resource Identifier (URI) арқылы анықталып, ақпарат көзі ретінде веб-беттер, суреттер, видео және контенттің басқа да бөлімдері болуы мүмкін. Жалпы браузер сайт пен оған кіруші арасындағы веб-беттерді өңдеуші, шығарып беруші қосымша болып есептеледі.
3. HTML тегтері HTML-құжат – бұл кәдімгі мәтін файлы, сондықтан WEB-бетін құру үшін кәдімгі мәтін редакторы жеткілікті, мысалы БЛОКНОТ мәтін редакторы. Мәтін мен басқа объектілердің форматталуын басқару үшін терілетін мәтінге барлығының қай түрде болатынын анықтайтын, тегтер немесе дескрипторлар деп аталатын, арнайы кодтар енгізіледі. Мысалы, егер бетте қалың қаріп керек болса, онда бұл мәтін қалың қаріпке сәйкес тегтерге алынады.
Мысал. Салем бірінші тегі браузерге пайдаланылатын мәтінді қалың қаріппен жазу керектігін хабарлайды. Бұл кездеспегенше дейін жалғасады. Қиғаш сызық жабушы тегті белгілейді.
WEB-бетін HTML құжаттарының арнайы редакторлар көмегімен жасауға болады, бірақ WEB-беттерін жасаудың автоматтау құралдарының барлығы аяғында тегтері бар, HTML-құжаттарын жасайтынын ұмытпаған жөн. Одан басқа WEB-беттерін профессионалды жасау үшін сіз олардың ішкі құрылымын, яғни HTML кодтарын білуіңіз қажет.
HTML-файлдары әрқашан браузерге оның HTML-кодтары бар файлмен жұмыс істейтінін хабарлайтын тегінен басталады. HTML-файлының соңғы жолы әрқашан “соңы” дегенді білдіретін тегінен тұрады. HTML құжаты: басы мен денесі деген екі бөліктен тұрады. Басын анықтау үшін бірден тегінен кейін мен тегтері қолданылады. Денесін анықтау үшін бірден тегінен кейін мен
және