Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару


Алдыңғы деректемелер (Пререквизиттері)



бет2/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
4. Алдыңғы деректемелер (Пререквизиттері): Экономикалық теория ,Макроэкономика

5. Кейінгі деректемелер (Постреквизиттері): Банк ісі

5. Дәріс кешені:

5.1. Дәріс сабақтарының тақырыптарының сағаты/ апта бойынша бөлу



апта



Дәрістің тақырыбы

Тақырыптар бойынша сағат саны

1




Ақшаның мәні және қызметтері

1

2




Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

1

3




Ақша реформасы

1

4




Несиенің мәні және функциялары .

1

5




Несие және банк жүйесі. Несие мекемелерінің түрлері

1

6




Қазақстанның банк жүйесі.

1

7




Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.


1

8




Банк практикасында тәуекелдер.

1

9




Коммерциялық банктер.

1

10




Несие мекемелерiнiң түрлерi

1

11




Екi деңгейлi банк жүйесі

1

12




Екiншi деңгейдегi банктердiң қызмет етуiн ұйымдастыру негiздерi


1

13




Бағалы қағаздар нарығы

1

14




Халықаралық экономиканың даму бағыты мен негізгі факторлары.

1

15




Валюта саясаты мен валюталық қатынастар .

1




Барлығы

15


5.2 Дәріс тезистері (дәрістердің қысқаша конспектілері)
Тақырып 1. Ақшаның мәні және қызметтері.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ақша, несие, банктер анықтамысы және экономикалық жүйеде алатын орнымен таныстыру.


Глоссарий.

Биметаллизм- жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Монометализм-жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі(алтын,күміс) қолданылатын ақша жүйесі.

Монета-ол формасы , сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Коммерциялық несие-бұл жеткізушінің сатып алшыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.

Ипотекалық несие-жылжымайтын мүліктерді: жерді,тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қағаз.


Қысқаша мазмұны мен негізгі сұрақтары.

1. Ақшаның пайда болуы.

2. Ақшаның атқаратын қызметтері.

3.Ақшаның түрлері.



1 сұрақ. Ақшаның пайда болуы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды.Олар таар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.

Экономикалық санат ретiнде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Шығарылған өнiмнiң түгелiмен өндiрушiнiң жеке басының керегiне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетiнi белгiлi. Кейiн өндiрiс құралының жетiлуiне байланысты, ал кейде табиғаттың өзi туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнiмдерiнiң көлемi олардың жеке басының керегiне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтiп, адамдар өндiрiлген өнiмдi, өздерiне керек, басқа өнiмге айырбастап алуына мүмкiншiлiк алды. Осының нәтижесiнде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшiн өндiрiлген өнiмнiң «тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс пайда болды. Жоғарыда көрсетiлген қозғаушы күштердiң салдарынан, өнiм өндiрушiлер өздерiн бiр түрлi, не бiрнеше түрлi өнiм шығаруға бейiмдейтiн болды. Ал өздерiне керек басқа өнiмдердi өздерi шығарған өнiмнiң артығына ауыстырып алатын болды. Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екi экономикалық жағдай туғызылды: - натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келдi, ендi айырбастау операциясы өрiс алды; - өнiм өндiрушiлердiң арасында бiр жағынан мүлiктiк жекеленушiлiк пайда болды, екiншi жағынан белгiлi, бiр түрлi тауар өндiруге мамандандырушылық туды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ таур ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндіріушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін,тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуімен көрініс табады :

1. жалпыға тікелей айырбасталу

2. айырбас құнының дербес формасы

3. еңбектің сыртқы заттық өлшемі

1. Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.

2. Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес, Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге атуы.

3. Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет