Білім беру бағдарламасы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,79 Kb.
#97432
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Дәріс 3



Бейнелеу өнерінің тарихы» пәні
1 курс, БББ_ «Станокты кескіндеме, Монументалды кескіндеме және Мүсін» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы
«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі Кенжебаева Ләйлә Абдығаниевна

10. дәріс. Тақырыбы: 17ғ. Испания, Фламандрия, Голландия өнері.


Мақсаты: 17ғ. Испания, Фламандрия, Голландия өнерінің ескерткіштері мен даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны: Барокко заманы әсіресе өнер тарихында Испанияның әлемдік аяға шығарды.17 ғасырда елді королъ Филиип басқарды. Оның тұсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет болды.Королъ жаңашыл реформаторға қарсы қозғалыс өрістетті ,монархиялық католиктің мемлекет құрылысын нығайтуға барынша күш салады,өзінің көзқарасына қарсы келгенді аяусыз жазалады. Елдің астанасын Валъядолидан Мадридке көшірді.Кейіннен королъ Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастыръ Эскориалды салдырды. Оны сәулетші Хуан де Толедо мен Хуан де Эрера жобалаған.Құрылыс Италия қайта өркендеу дәуірі принципінің жобасымен жасалған.Осы Эскориал сарайын көркемдеу үшін королъ Филип –2 көптеген суретшілерді жұмысқа тартты.Бірақ та олардың көбі кейіннен өзіне ұнамағандықтан қуып жіберіп отырды.Сондай королъге ұнамаған суретшінің бірі Д Теотокопули болды.Өзінің шыққан тегі грек болғандықтан испандықтар оны Элъ Греко деп атады.Осы атпен әоем өнерінің жарық жұлдыздары біріне айналып тарихта қалды.Испанияның ұлы суретшісі Элъ Греко Крит аралында дүниеге келді.Жастайынан Византия өнерінен нәр алып соны шығармасының сарқылмас қоры ретінде алды.Суретші алғаш Италияда Венецияда содан Римде болды.Римдегі Рафаэлъ мен Микеланджело еңбектері оны қызықтырмады.Элъ Греко жұмыстарына тән нәрсе сан алуан бояуға бай болуында өзіндік ешкімге ұқсамас әдісінде Суретші ешкімге де еліктемеді, бейнелеу қасиеттерін өзгеше іздеді.Бейнелеу әдісін суретшілер Тициан мен Тинтореттодан үйренді.Әдетте жұмыстарынан құрылымы ерекшеленіп тұрады, сонымен бірге адам бейнесі бұрын-соңды болмаған кері әдіспен салынады. Бұл сомдаған адам денесі соншалықты тұрпайы –ұзын, бұлшық еттері шектен тыс әсерленіп ,сәйкестеме заңдылықтары сақталмайды. Бірақ та лның кейіпкерлері адамгаршілігі мол өміршең, шыншыл бейнеленетін. ЭлъГреко жұмыстары Барокко стилъіне тән бояулар тізбегінен тұрады.Ұлы шебердің сондай жұмыстарының бірі –«Малшылардың табынуы »атты картинасы. Элъ Греконың екінші бір жұмысы –«Апостолдар,Павел мен Петр »атты еңбегі. Суретші қол тумасында екі түрлі адам мінездері мен екі түрлі тағдыр тауқыметін тоқайластырған.Ғайсаның Аполстарының жеке-жеке мінез құлқын шеберлікпен бере білген. Қол тумада екі кейіпкерде бірден адамды өзіне еліктіреді. Бірақ та соның ішінде Павел бейнесі ерекшелініп , көзге бірден түсетіндей , оқшау бейнеленген.
Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты.Әр түрлі мүсін бейнелері сарай бөлме ішін әсемдеуге үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды.Живописътің ең алғашқы барокколық бағыты осы Италияда пайда болды.Италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стилъіндегі сұңғаттармен безендірілді.. Cіз әлем картасына қарасаңыз , Франция мен Голландия аралығында бір шеті сонау Солтүстік теңізімен шектескен шағын ғана ел жатыр,
Бұл-Фландрия: Халқы сондай қонақжай, әрі сауықшыл келетін бұл жер несімен әйгілі десең , ең алдымен Рубенс есімін мақтанышпен атайды . Сол бір шағын елдің шалқар байлығындай көрінетін әйгілі суретші 1577 жылы июль айында дүниеге келіп , күллі
Жастық шағын Антверпен қаласында өткізіпті. Латынша сауатын ашқан ол антикалық жазушылардың шығармаларының тұп нұсқасын оқуға мүмкіндік алады , көне мәдени мұралармен жете танысады .Ғылым, білім, өнер туындыларын зерек көңілге тоқи өскен .
Питер белгілі суретшілер, пейзаж шеберлері Тобиас Верхахт,Адам ван Ноорт, Отто Вениус шеберханаларында ол төрт жыл тәлім алып, өзі мұрат еткен өнердің тылсым сырларына үңіледі.
«Көрсем , танысам, үйренсем «--бұл Рубенстің арманы еді. Оның сәті 1600 жылдары түседі. Ол Рим, Флоренция, Генуя , Мантуя сияқты қалаларды аралауға аттанады. Осы сапарында Қайта өрлеу дәуірінің ғажайып мұраларымен, бұрын тек атын естіген Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Каррачи, Караваджо шығармаларымен танысады. Осылай үш жыл бойына көптеген елдерді аралап , өмір тәжирбесін байытқан П.Рубенс 1609 жылы Фландрияға қайтып оралды. Іске құлшына кіріскен Питер енді барлық творчестволық уақытын сурет өнеріне арнады.
Мюнхен, Дюссельдорф, Дрезден, Антверпен, Мадрид, Вена мәдениет пен өнердің әйгілі орталықтары болып аталатын бұл қалалардың қайсысына болсын бара қалсаңыз, сәулетті биік залдарда Рубенс қылқаламда шыққан туындылары кездеседі. Рубенс творчествосының алғашқы дәуірінде суретші дәстүр бойынша «Крест орнату»»Крестен түсіру» шығармалары арқылы оның шіркеу композициясына әсіресе мифология тақырыбына көбірек назар аударған.Суретшінің көптеген шығармасында Италия классикалық көркемөнер әсерін байқаймыз.Аантикалық миф кейіпкерлері әсемдік құдайы Венера оның сүйген жары аңшы Адонисъ шығармада Қайта өрлеу дәуірі өнерінің үлгісімен бейнеленген.Венера нәзік ,сымбатты жарқын жүзіне үңіле қарады.Кейіпкерлердің дене қимылы олардың сарқылмас күшін айқын да шебер көрсетіп отыр.Шығарма композиция жағынан атақты «Лаокоон»деп аталатын антикалық туындыға көп ұқсайды.Антверпен –Фландриядағы ірі қалалардың бірі өндіріс мәдениет орталығы.Рубенс өмірінің көп жылдары ең бақытты жылдары осы қалада еді.Фландрия үшін Рубенс тек теңдесі жоқ қылқалам шебері ғана емес ол талай қиын түйіннің шешуін тапқан қоғам қайраткері дипломат елші.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет