Білім беру бағдарламасы біліктілігі : 071101 2 Топограф-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы өлшеуші*Бөлім 9 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрде өндіруін маркшейдерлік қамтамасыз ету
НҰСҚАУЛЫҚ «Маркшейдер ісі» пәні бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқуды ұйымдастырудың келесі үлгілері ұсынылады: дәріс, семинар, экскурсия, тәжірибелік және зертханалық-тәжірибелік сабақтар. Оқыту материалдары мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігін есепке ала отырып оқытудың келесі әдістерінұсынамыз: жеке және фронталды әңгімелесу, нақты жағдайларды сараптамалау, имитациялық жаттығулар, семинар-пікір таластар. Танымдық қызметін ұйымдастыру үлгісі нұсқаулық сипатқа ие. Бөлімдерді оқуға берілетін сағаттар саны мазмұнның минимумын сақтаған кезде ғана өзгертіледі. Берілген оқу бағдарламасы тазалау және кескіндеу өндірісіндегі түсірілім жұмыстарын зерттеуді; тау өндірісіндегі тік түсірілімді; біріктіріп түсіруді; жерасты құрылғыларын салу мен пайдалануда маркшейдерлік қамтамасыз етуді; пайдалы қазбалар кен орнын ашық түрде өндіруді маркшейдерлік қамтамасыз етуді оқуды қамтиды. Оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушының білім, білу керек және дағдыға бағытталған: – Сызу және топографиялық сызу негізі; – Тау-кен ісі; – Геология; – Геодезия; – Жоғары геодезия негіздері. Осы пәннен алған білімі «Маркшейдер ісін ұйымдастыру» пәнін оқуда және тәжірибеде пайдаланылады. Оқыту пәнін оқу барысында міндетті түрде жалпы кәсіптік пәндер мен арнайы циклдер пәндерімен интеграциялау. «Маркшейдер ісі» пәнін оқу нәтижесінде студенттер: білуі қажет: – маркшейдер құрылғысын тағайындау және орнықтыру; – жерасты теодолиттік түсірілім; – тау-кен жынысындағы және кен өндірудегі жер қабатындағы геомеханикалық және геодинамикалық үдерістер, сонымен қатар олардың мониторингі мен есебі; – маркшейдер құжаттамасының түрлері; – тау-кен жынысындағы және кен өндірудегі жер қабатындағы геомеханикалық және геодинамикалық үдерістер, сонымен қатар олардың мониторингі мен есебі; істей алуы қажет: – маркшейдер құрылғыларын тексеру мен дәлдеме жасау; – кесінді және тазалау өндірісінде түсірілім жұмыстарын орындау; – тау-кен өндірісінде тік түсірілім жұмыстарын орындау; – қатынастыру түсірілім жұмыстарын орындау; – жерасты құрастыру кезінде арнайы маркшейдер жұмыстарын орындау; – жерасты құрылғыларын салу мен пайдалануда маркшейдерлі қамтамасыз етуді жүщеге асыру; – пайдалы қазбалар кен орындарын ашық түрін маркшейдерлі қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Оқыту пәнін оқу үдерісінде міндетті түрде келесі жағдайларды жасау қажет: – тиянақтылыққа, тәртіптілікке, болашақ мамандыққа деген қызығушылықты тәрбиелеу; – назар қоюды, кең түрде ойлау, жылдам ойлау, көзбен өлшеуді дамыту.
Курстық жоба «Маркшейдер ісі» пәнін оқу кезінде білім алушылардың алған теориялық білім базасында орындалады. Курстық жобаның мақсаты теориялық білімді бекіту мен тереңдету, оларды мәселелерді дұрыс шешу үшін дұрыс қолдану, және есептеу мен жобалау бойынша дағдыларды қалыптастыру. Курстық жұмысты орындау барысында әлемдік ғылым мен кәсіпорындағы техниканың заманауи дәрежесін есепке алу қажет. Жобаны орындау барысында тау кәсіпорнының нақты материалдарына сүйену қажет, мемлекеттік білім стандарттары мен анықтамалық әдебиеттермен, үлгілік жобалармен, басқа жа нормативтік құжаттарды қолдану қажет, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын міндетті түрде ескеру қажет. Барлық мәселелерді пайдалы қазбаларды рационалды пайдалану, кенді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын есепке ала отырып шешу. Курстық жоба есептік-түсіндірме жазбасы мен графикалық бөлімнен тұрады. Түсіндірме жазба бекітілген үлгіде жасалған титул парағынан, курстық жобаға жеке тапсырма, мазмұны, негізгі есептеулер мен оларға арналған қысқаша түсіндірмелерден, сонымен қатар әдебиеттер тізімінен және, қажет болған жағдайда қосымшалардан тұруы керек. Есептеу-түсіндірме жазбасының көлемі – стандартты (А-4) форматында 15-20 бет. Жазбада техникалық және ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдер жазылуы тиіс. Графикалық бөлім А-1 форматындағы 1-2 беттен тұруы керек. Сызбаларда оқуға және пайдалануға ыңғайлы масштабтағы соңғы нәтижелер көрсетіледі. Ұсынылатын курстық жоба тақырыптары: Жерасты маркшейдерлік тірек желісін құру жобасы Көлденең біріктіру түсірілімі Қарсы кенжар өндірісін жүргізу арқылы маркшейдер жұмыстары «Жерасты маркшейдерлік тірек желісін құру жобасы» атты тақырыбына арналған курстық жоба мазмұнының мысалы 1. Гирокомпасты жөндеуді анықтау, пунктердің координаттары мен биіктігін анықтау арналған маркшейдер геодезиялық тірек желісінің жандары мен пуктерін сипаттау. 2. Әрекеттегі жерасты тірек желісі және алдында салынған полигонометриялық жолдарды қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат, оларды нақтылық есептеу мен пунктердің сақталуы бойынша жобаланатын желіге қосуға болады. 3. Жобаланатын желіні құру схемасы. 4. Қосымша орталықтандыру мен бейімдеу желілерінің орны мен әдістері. 5. Желіні құруға қажетті құралдар мен құрылғылар. 6. Полигонометрия жақтарының гироскопиялық бағытталуы, сызықтық және бұрыштық өлшем әдісі. 7. Полигонометрияның соңғы жолының орналасуының кемшіліктерін алдын ала есептеу. 8. Полигонометрия нақтылығы бағасы. 9. Жұмыстарды орындау бойынша қауіпсіздік шаралары. Жобаның графикалық бөлімі: гирокомпасты түзетуді анықтау үшін орталықтандырылған және белгілеу нүктесіне жанасқан схеманы салу арқылы жер қабатындағы тірек желісінің жоспары (масштабтар 1:2000-1:10000); тау өдірісінің жоспары, мұнда на который наносят – шахта алаңының техникалық шекарасы; – ағымдағы және жобадағы капиталды және даярлық тау-кені; – тірек желісінің бастапқы шығыс пунктері; – қосымша орталықтандыру мен бейімдеу орындары; – ағымдағы тірек желісінің схемалары мен жобаланатын полигонометриялық жолдар; – тұрақты пунктердің сақталған және жобалаған топтары; – сақталған және жобалаған гирожақтар; – полигонометрияның соңғы пунктінің орналасуын алдын ала есептеуіне жерасты маркшейдерлік тірек желісінің схемасы.
1. Көлденең біріктіру түсірілімі тәсілдерінің дәлелі. 2. Жобалауға арналған құралды жобалау тәсілі, оның сипаты. 3. Гирокомпасты жөндеуді анықтау, жақын пункт координаттарын анықтау үшін қолданылатын маркшейдерлік геодезиялық тірек желісінің жақтары мен пунктерінің сипаты. 4. Болжамды көкжиек пен жазықтыққа құламалардың жанасуы. 5. Бұрыштық және сызықтық өлшем әдістемесі. 6. Жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік шаралары. 7. Жанасу нәтижелерін камералды өңдеу. 8. Жанасуды қадағалау. 9. Көлденең біріктіру түсірілімінің сараптамасы: жоблаудағы қателіктер, жазықтықтағы және бейінді көкжиекке жанасу қателіктері, жалпы көледенең біріктіру түсірілімінің қателіктері. 10. Гироскопиялық бағыт көрсету: – гироскопиялық бағыт көрсету өндірісі; – гирокомпастың төрт пунктін бақылау нәтижелерін камералды өңдеу; – тау жұмыстары көкжиегіндегі полигонометрия жағынан бейінді дирекциондық бұрышты есептеу: – гироскопиялық бейінді нақтылығын бағалау. 11. Көлденең бңрңктңру түсірілімінің сапасы туралы қорытындылар. Жобаның графикалық бөлімі: гироскопиялық түзетулерді анықтау үшін жақтарды белгілеу мен орталық нүктелеріне жанасу схемасын салынған жер бетіндегі тірек желісінің жоспары; бөренелердің биіктігі, тау өндірісінің көкжиегі мен жерасты жжанасу схемасы көрсетілген бөрене жанындағы өндіріс жоспары. Көлденең біріктіру түсірілімінің жоспары. 4. жобалау тапсырмаларын шешу кезіндегі құрылғылардың орналасу схемасы. 5. гироскопиялық бейінді схема. 6. геометриялық және гироскопиялық бейінді тәсілдер кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру графигі.
1. Қарсы кенжарлармен жүргізілетін өндіріс атауы мен сипаты. 2. Жауапты бағыттары бойынша рұқсат етілетін кенжарлар ажырауы, жауапты бағыттар, соғу түрі. 3. Соғудың бастапқы пунктерінің координаттары мен биіктігін анықтау. 4. Соғудың бастапқы пунктерінің координаттары мен биіктігін жасау. 5. Соғуды өндіру үшін маркшейдер жұмыстарының схемасын, өлшеу әдістемесі мен құралдарын тандау. 6. Жауапты бағыттар бойынша кенжарлардың жанасуындағы кеиһмшіліктерді алдын ала есептеу. 7. Алдын ала бекітілген рұқсатпен есептеу нәтижесінде алынған мүмкін болатын соғу кемшіліктерін салыстыру. 8. Соғудың барлық параметрлерін есептеу (бағыттау бұрыштары, соғу осьтері: оның ұзындықтары, бұрышы, иілу бұрыштары). 9. Көлденең, тік жазықтықтарға бағытталған тапсырмалар. 10. көлденең өндірісті жүргізуге, жөңгелекті жүргізуге бағытталған тапсырмалар. 11. Өндірісті жүргізудің бақылау дұрыстылығы. 12. Қарсы кенжарлар өндірісі өткеліне қызмет көрсету. 13. Қарсы кенжарларды өндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Жобаның графикалық бөлімі: 1:2000 масштабындағы жанасу жоспары, оған төмендегілер түсіріледі: – ағымдағы және жобалау тау-кені; – полигонометрияның ағымдағы және жобалу жолдары; – тұрақты пунктер топтары; Кенжарлардың жанасу өндірісіндегі күтілетін кемшіліктералдын ала есептеу бойынша жанасу схемасы. Көлденең және тік жазықтықтағы өндіріс бағыты тапсырмасының схемасы. 1:50 немесе 1:100 мастабындағы өту жолының жүктілік жобасы. 1:50 немесе 1:100 масштабындағы көлденең өндіріс жанасу өтілінің жобасы.
жүктеу/скачать 7,36 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |