Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған дәрістер жинағы



бет15/48
Дата24.11.2023
өлшемі1,42 Mb.
#193383
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Байланысты:
369720 2
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы, 1589275357, аго, Nemtsov-E-lektr-tehnika-zh-ne-e-lektronika.-O-uly-
Жинақтық – аттас шамаларды бірмезгілде өлшеу, мұнда бастапқы шаманы тікелей өлшеулерден алынған осы шаманың түрлі қиюласуын өлшеуден алынатын теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықтайды. Жинақтық өлшеулердің мысалы ретінде жинақтың жеке кірлерінің массасын анықтауды айтуға болады (олардың белгілі біреуінің массасы жəне кірлердің түрлі үйлесімдерінің массаларын тікелей салыстырудың нəтижелері бойынша калибрлеу).
Бірлескен – бірмезгілде екі немесе бірнеше аттас шамалардың арасындағы тəуелділікті анықтау мақсатында жүргізілетін өлшеулер. Мысал ретінде 200 0 С мəнінде өлшеуіш резистордың электр кедергісі мен түрлі температуралардағы оның кедергілерін тікелей өлшеуден алынған мəліметтер бойынша оның температуралық коэффициенттерін өлшеуді айтуға болады.
Өлшеу əдісі – физикалық шаманың мəнін тəжірибелік анықтаудың тəсілі, өлшеулердің əдісінің екі негізгі түрі бар: тікелей бағалау əдісі мен өлшеммен салыстыру əдісі.
Тікелей бағалау əдісі – физикалық шаманың мəнін тура əсерге негізделген өлшеу құралының санақ құрылғысы бойынша анықтау. Мысалы – кернеуді вольтметрмен өлшеу. Бұл əдіс кең тараған, бірақ, оның дəлдігі өлшеу құралының дəлдігіне тəуелді.
Өлшеммен салыстыру əдісі – бұл кезде өлшенетін шама өлшем жаңғыртатын шамамен салыстырылады. Өлшеудің дəлдігі тікелей бағалаудың дəлдігіне қарағанда жоғары болуы мүмкін.
Өлшеммен салыстырудың төмендегідей түрлері бар:
Қарсы қою əдісі – мұнда өлшенетін жəне жаңғыртатын шамалар бір мезгілде осы шамалардың арасында қатынас орнатуға қажетті салыстыру приборына əсер етеді. Мысалы: салмақты тетікті таразылар мен кірлердің жиынтығы көмегімен өлшеу.
Дифференциалдық əдіс – бұл əдісте өлшеу приборына өлшенетін шама мен өлшем жаңғыртатын белгілі шаманың айырымы ықпал етеді. Сонымен қатар мұнда өлшенетін шама белгілі шамамен толығымен теңестірілмейді. Мысалы: тұрақты ток кернеуін дискретті кернеу бөлгіштің, үлгілі кернеу көзі мен вольтметрдің көмегімен өлшеу.
Нөлдік əдісте - тқос шаманың салыстыру приборына қорытқы əсерін нөлге дейін жеткізеді, осыны жоғары сезімталдылыққа ие прибор – нөл – индикатор тіркейді. Мысалы: резистордың кедергісін төрт иықты көпір арқылы өлшеу, мұнда белгісіз кедергілі резистордағы кернеудің түсуі белгілі кедергідегі резистордағы кернеудің түсуімен теңгеріледі.
Ығыстыру əдісі – мұнда өлшенетін шама мен белгілі шама приборының кірісіне жүйелі түрде қорек көзі қосылып, прибордың қос көрсеткіші бойынша алдымен өлшенетін шаманың мəндері бағаланып, содан соң белгілі шаманы таңдап ала отырып, қос көрсеткіштің бірдей болуына қол жеткізіледі. Бұл əдісте белгілі шаманың өлшемінің жоғары дəлдігі мен прибордың жоғары сезімталдылығында өлшеулердің жоғары дəлдігін алуға болады. Мысалы: кіші кернеуді жоғары сезімтал гальванометрдің көмегімен өлшеу, мұндағы гальванометрге алдымен белгісіз кернеу көзі қосылып, тілшенің ауытқуы анықталады, содан соң қадағалаушы белгілі кернеу көзі арқылы тілшенің дəл сол ауытқуына қол жеткізіледі.
Өлшеу құралдары – нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие, өлшемі тағайындалған қателіктер шегінде жəне белгілі уақыт аралығында өзгермейді деп қабылданған физикалық шаманың бірлігін жаңғыртатын жəне (немесе) сақтайтын өлшеулер жүргізуге бағытталған техникалық құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет