Білім беру бағдарламасы бойынша Оқу түрі: күндізгі Курс: (4) Семестр: Ұзақтығы: 15 апта Қарағанды-2022



бет2/16
Дата27.04.2023
өлшемі450 Kb.
#175564
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1256 ndiristik ped t 1241 zhiribe 4 k 1179 az 15 zh 1201 ma
holidays in uk, ЦИиИУ Рымкул Б, 1-тк, қашықтықтан о.п
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Өндірістік (педагогикалық) тәжірибенің ерекшеліктері
Өндірістік (педагогикалық) жоғары оқу орнының педагогикалық үрдісінің қорытынды бөлігі болып табылады, ол болашақ дефектологтардың теориялық дайындығын арнайы мекемелердегі тәжірибелік қызметімен байланыстырады. Ол дербес жұмыс тәжірибесін алуға, білім мен ғылымның нақты міндеттерін шешуге бағытталған шығармашылық ғылыми-педагогикалық зерттеу бастамаларын оятуға ықпал жасайды.
Оқу іс-әрекетінің бұл түрінде нәтижелі болу үшін жоғары оқу орнында білім алу барысында кәсіби маманның дамуына қолайлы жағдай жасау және кәсіби құзыреттіліктердің дамуын қамтамасыз ету қажет. Бұл шарттар мынадай:
- студентті өнімді, әлеуметтік маңызы бар кәсіптік қызметке барынша толық қосылуы;
- практикадан өтушінің барлық білімі мен қабілетін пайдалануды талап ететін өндірістік есептерді шешудің шығармашылық сипаты;
- білім алушының ұжымдық жұмыс формаларына қосылуы және топтық қызметтегі өндірістік жағдайларды игеруі;
- практиканы нақты өндірістік қызметке жақындататын жұмыстың ұйымдастырушылық формасын қолдана алу.
Бұл тәжірибенің ерекше маңыздылығы практикадан өту процесінде студенттерде болашақ кәсіби қызметтің дәл және толық бейнесі қалыптасады, оның ерекшелігі мен айрықшылығы туралы идеялар нақтыланады, таңдалған кәсіптің нормалары мен ережелері қалыптасады, маман қызметінің нақты мақсаттары мен міндеттері туралы білімдері қалыптасады. Болашақ маманның жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формалары білім білік жинақталып, болашағы туралы оның кәсіби дамуы қалыптасады.
Өндірістік практикадан өту үшін алдын ала зерделеу қажет базалық оқу пәндері (Пререквизиттер): арнайы педагогика, арнайы психология, ЕБҚБ бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы, логопедия негіздері, математиканы, қазақ тілі, қол еңбегін оқыту әдістемесі.
Практика барысында қалыптастырылатын білім алушылардың қажетті кәсіби біліктілігі мен дағдылары:
- диагностикалық, түзету-дамыту, консультациялық және білім беру жұмыстарын дайындау және жүргізу;
- танымдық, конструктивті және коммуникативті;
- ұйымдастырушылық ситуацияда және өндірістік жағдайда дефектологтың кәсіби бағыты;
- кәсіби және жалпы даму, өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру, кәсіби карьераны жобалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет