Білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курсы Мерзімі: 2021 жылдың 07шілдесі мен 12 қараша аралығында



бет9/20
Дата08.02.2022
өлшемі8,8 Mb.
#121893
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Презентация 3 кун (Каз) итоговая
хирургия тест, Гэри Чепмен – Пять языков любви(1)
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА
ТАРИХИ ШОЛУ
• Экономикадағы кәсіпкерліктің мәнін түсіну;
• Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсіну.
• Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай білу;
Экономика— игіліктер өндірісі, оның бөлінуі, тұтынылуы туралы ғылым, яғни экономика шектелген ресурстары бар қоғамда адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін не, қалай және кім үшін өндіру қажет деген мәселелерді қарастырады.
Микроэкономика жеке фирмалар мен тұтынушылар арасында экономика қалай және неліктен қызмет ететінін зерттейді.
Макроэкономика мәселені кең ауқымда қарастырады. Ол экономикалық жүйенің, оның секторларының қызметін біртұтас сипаттайды. Оның зерттеу нысаны:
1. ақша жүйесі мен инфляция (елдегі ақша айналымы, ұлттық валютаның басқа елдің валютасына шаққандағы құны, нақты
бір ақшаға қанша тауар сатып алынатыны, қанша қызмет көрсетілетіні);
2. жұмыссыздық (елдегі еңбек етуге қабілетті, еңбек етуге дайын, бірақ жұмыс таба алмай жүрген халықтың саны);
3. сыртқы сауда (елдің басқа мемлекеттермен, нақты қандай елдермен қандай бағада немен сауда жасай алатыны);
4. экономикалық өсім (белгілі бір уақытта елдегі өндірілген та уар мен қызмет құны қаншалық өскені).
“АТАМЕКЕН” ҚР ҰКП
СҰРАҚТАР - ЖАУАПТАР
1-тапсырма
Қай мысалдар микроэкономикаға, қайсысы
Макроэкономикаға жататынын анықтаңыз:
• 2018 жылғы маусымда Қазақстандағы жұмыссыздық
деңгейі 4,8% болды;
• Өткен жылы компаниядан 8 адам босатылды;
• Павлодар облысында картоптың шығымы төмендеуіне байланысты бір килограмм
картоптың құны 120 теңгеге дейін өсті;
• Тұтыну тауарларының бағасы бір жылда 15,9% өсті;
• АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының
өзгеруіне байланысты жаңа автокөлік сату 40,4%-ға азайды;
• Apple компаниясы iPhone — 6S, iPhone SE
және iPhone-7 өнімдерінің арзандағанын хабарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет