Білім беру бағдарламасы бойынша резидентураға түсу емтиханы сұрақтарының тізімі



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата25.12.2021
өлшемі215,78 Kb.
#105256
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ba darlama-rezid.akusher-2019-2020
c569a4a0-41b6-4aee-be5e-f5180bb81ed8, Ауруды дренажды жа дайды абылдауы келесі жа дай а ы пал етеді, 2 5417954051079802211
 

ІІІ деңгей 

1.

  Аяғы  ауыр  28  жасар  әйел  әйелдер  консультациясы  дәрігеріне  ішінің  төменгі  жағының 

тартып  ауыратынына  шағымданып  келді.  Анамнезінде  жатырдың  төменгі  бөлігіне  3  рет 

кесарь тілігі жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры тітіркенгіш, толғақ жоқ. Іштегі 

нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатырдың тыртық аймағын 

пальпациялағанда  ауырады.  Жыныстық  жолдарында  патологиялық  бөлінді  жоқ.  Бишоп 

шкаласы  бойынша  жатыр  мойнағы  6  балл.  Диагноз  жасағаннан  кейін  әйелдін  анықтама 

амалын жоспарлаңыз. 



2.

 26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне 

әлсіздікке  шағымданып  келді.  Анамнезінде  созылмалы  аурулар,  жарақаттар  мен 

операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы  36,5°С, 

пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-

148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. 

Қанның жалпы талдамасында  гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок 

іздері. Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



3.

 30 жастағы әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауына келді, ішінің төменгі 

бөлігінің  қатты  ауыратынына,  жүрегі  айнуына,  құсатынына  шағымданады.  Объективті: 

бозарған  ,  АҚ  90/60  мм.с.б.  Пульс  минутына  90.  Іші  бірден  ауырады,  Щеткин-Блюмберг 

симптомы  оң.  Айнамен  қарағанда:  жатыр  мойнағы  таза.  PV:  жатыры  кішкентай,  оңжақта 

өлшемі  10х10  см  түзілім  байқалды,  ауырсындырады,  қозғалмайды.  Диагноз  жасағаннан 

кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

4.

  Тұңғышына  жүкті  20  жасар  жүкті  әйел  жүктілік  мерзімі  40  апта+4  күн  әйелдер 

консультациясы  дәрігеріне  ішінің  төменгі  бөлігінің  тартып  ауыратынына  шағымданып 

келді.  Жағдайы  қанағаттанарлық.      Пульс  минутына  78  соққы,  АҚ  110/70  мм  с.б.  Іштегі 

нәрестенің  жүрек  соғуы  минутына  145-149,  анық,  ырғақты.  Толғақ  жоқ.  Жыныстық 

жолдарынан  патологиялық  бөлінділер  жоқ.  Бишоп  шкаласы  бойынша  жатыр  мойнағы  6 

балл. Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

5.

 Жамбас өлшемі қалыпты және нәрестенің болжалды салмағы 3000,0 гр толғатқан әйелдің 

толғағы  басталған  соң  8  сағаттан  кейін  күшеніс  пайда  болды.  Жағдайы  қанағаттанарлық. 

іштегі  нәрестенің  жүрек  соғуы  минутына  150-155.  Қынаптық  зерттеуде:  жатыр  мойнағы 

толық  ашылған,  ұрықтық  қабық  жоқ.  Басымен  жатыр,  аз  ғана  бөлігі  кіші  жамбасқа  кірер 

жерде,  жебе  тәрізді  тігіс  оңжақ  қиғаш  кесінінде,  кіші  еңбегі  солжақ  алдыңғы  бөлікте. 

Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

6.

  Перзентханаға  жүктілік  мерзімі  37  апталық  әйел  қағанақ  суының  босанғанға  дейін 

кетуіне  байланысты  түсті.  Жағдайы  қанағаттанарлық.  АҚ  120/80  мм.с.б.  Пульс  минутына 

78  соққы.    Дене  қызуы  36,5С.  Жатыры  қозбаған.  Іштегі  нәрестенің  жүрек  қағысы  анық, 

ырғақты,  минутына    136.  Жыныстық  жолдарынан  шамалы  мөлшерде,  иіссіз  ашық  түсті 

қағанақ  суы  тамшылауда.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін  анықтама  амалын 

жоспарлаңыз. 

7.

Екінші  рет  аяғы  ауыр  35  жастағы  әйел  қағанақ  суының  кеткеніне  шағымданып 

перзентханаға түсті. Жүктілік мерзімі 36 апта. Алғашқы жүктілігінде 4 жыл бұрын қалыпты 

орналасқан  плацента  мерзімінен  бұрын  ажырағандықтан  корпоральды  кесарь  тілігі 

жасалған.  Бұл  екінші  жүктілігі.  Жағдайы  қанағаттанарлық.  Толғақ  жоқ.  Іштегі  нәрестенің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет