Білім беру бағдарламасы бойынша резидентураға түсу емтиханы сұрақтарының тізімі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата25.12.2021
өлшемі215,78 Kb.
#105256
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ba darlama-rezid.akusher-2019-2020
c569a4a0-41b6-4aee-be5e-f5180bb81ed8, Ауруды дренажды жа дайды абылдауы келесі жа дай а ы пал етеді, 2 5417954051079802211
Ф-ОБ-001/175-2 

 



 

жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136 соққы. Нәрестенің болжалды салмағы 3200,0 г. 

Жыныстық  жолдарынан  ашық  түсті  қағанақ  суы  тамшылауда.  Диагноз  жасағаннан  кейін   

әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



8.

Гинекология бөлімшесіне 21 жастағы пациент түсті, етеккір циклінің 14- күні ауыр затты 

көтерген соң ішінің төменгі бөлігінің кенеттен ауырғанына шағымданады. АҚ  110/70 мм с. 

б.  Пульс  минутына  88.  Тері  жамылғысы  ашық  күлгін  түсті.  Іші  жұмсақ,  төменгі  жағы 

ауырсындырады.  Ішперденің  тітіркену  симптомы  жоқ.    Р.V.:  жатыры  кішкентай, 

ауырсынғандықтан  оңжақ  қосалқы  байқалмайды.  Күмбез  терең,  бос.  Қан  талдамасы: 

гемоглобин – 110 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 5,6×109/л.  УДЗ бойынша 

жатыр  артындағы  кеңістікте  аз  мөлшерде  ұсақ  дисперсті  жүзгінді  гипоэхогенді  сұйықтық 

анықталды. Диагноз жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 

9.

  29  жастағы  пациент  етеккірінің  тұрақты  түрде  келмейтініне,  әлсіздікке,  терісінің 

құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, 

әсіресе  көзінің  айналасы  ісінген.  Терісі  сарғыш  реңкті  бозғылт,  шынтақтары 

қабыршақтанған.  Шашының  түсі  көмескі,  құрғақ  және  сынғыш,  қатты  түседі.  Диагноз 

жасағаннан кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



10.

Қабылдау  бөлімшесіне  32  жастағы  пациент  етеккірі  келгенге  дейін  2-3    күн  бұрын 

жыныстық  жолдарынан  қошқыл  түсті  қанды  шығынды  жұғатынына,  етеккірі  көп 

мөлшерде,  ұзақ  келетініне,  ауыратынына,  кеткесін  де  ұзақ  уақыт  жұғып  жүретініне 

шағымданып  келді.  Бірінші  босанғаннан  кейін  плаценталық  тін  қалдықтары  фонында 

эндомиометритпен  асқынған,  5  жылдан  бері  бедеу.  Бірнеше  рет  қабынуға  қарсы  терапия 

жүргізілген.  УДЗ  кезінде  оңжақ  анабез  жылауығы  анықталды,    диаметрі  7  см,  ішінде 

сұйықтық  бар,  кіші  жамбастың  жабыспа  процесі.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін 

анықтама амалын жоспарлаңыз. 

11.

 Пациент 25 жаста, әйелдер консультациясына 4 жылдан бері бала көтермей жүргеніне, 

соңғы  2  жылда  шашының  қатты  өскеніне  және  беті  мен  денесін  безеу  басқанына 

шағымданып  келді.  Анамнезінен:  етеккірі  тұрақты  келмейді,  2-3  айда  бір  келеді.  20 

жасынан  бастап  жыныстық  қатынасқа  түскен.  Тексеріп  қарағанда:  әйел  фенотипі,  дене 

бітімі дұрыс, жақсы тамақтанады, май көбінесе белінде жиналған. Дене салмағы индексі  35 

кг/м2.  Мойын  терісінің  учаскелері,  қолтық  ойығы  мен  кеудесінің  асты  қарайған.  Іншек 

арқылы тексергенде: сыртқы жыныстық ағзалары дұрыс дамыған. Жатыр денесі нормадан 

кіші,  қосалқылар  аймағында  екі  жағынан  да  5х6х6см  түзілім  пальпацияланады,  тығыз, 

жылжымалы,  ауырсындырмайды.  Базальдық  температура  –  монофазалы,  кариопикноздық 

индекс  60-70%.    УДЗ-да:  анабездер  көлемі  14  см3,  гиперплазияланған  строма,  12-13 

атретиялық  фолликулдар  диаметрі  10-12  мм,  жуандаған  қаптама  астында  периферияда 

орналасқан.    Күйеуінің  спермограммасы  патологиялық  өзгеріссіз.  Диагноз  жасағаннан 

кейін   әйелдін анықтама амалын жоспарлаңыз. 



12.

  25  жастағы  бірінші  рет  босанушы  әйел  жүктілік  мерзімінің  41  апта+4  күн  мерзімінде 

қағанақ  суы  кетіп,  перзентханаға  түсті.  Объективті:  іштегі  нәресте  көлденең  жатыр, 

жамбасымен  келген,  нәрестенің  жүрек  қағысы  анық,  ырғақты,  минутына  140  соққы. 

Нәрестенің болжалды салмағы 3900,0 гр. Жыныстық жолдарынан меконилі су тамшылауда. 

Жатыр  мойнағы  Бишоп  межесі  бойынша  5  балл.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін 

анықтама амалын жоспарлаңыз. 

13.

  23  жастағы  жүкті  әйел  жүктілік  мерзімі  28  апта,  дәрігерге  кіші  дәретке  жиі 

шығатынына,  дене  қызуы  37,5°С-қа  дейін  көтерілетініне,  оңжақ  бел аймағында  ауырсыну 

пайда  болып,  шап  аймағына  берілетініне  шағымданып  келді.    Соматикалық  дені  сау.  АҚ 

110/65 мм с. б., пульс минутына 90 соққы. Шаншу симптомы оңжақта оң. Қанның жалпы 

талдамасы: аз мөлшерде лейкоцитоз,  СОЭ жылдамдатылған. Несептің жалпы талдамасы – 

лейкоцитурия,  бактерии++.  Диагноз  жасағаннан  кейін      әйелдін  анықтама  амалын 

жоспарлаңыз. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет