Білім беру бағдарламасы Жалпы медицина (атауы) Білім алушы Әлекеш Ақбота Оқу жылы 2019-2020жж



бет23/27
Дата31.05.2020
өлшемі106,51 Kb.
#71812
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әлекеш Ақбота. 307-ЖМҚБ. Күнделік
Патфиз 12 срс Эндокриндік жүйе
Болжам диагноз – сол қарыншаның жетіспеушілігі.

Зерттеу жоспары:

  1. Жалпы қан анализі;

  2. Жалпы зәр анализі;

  3. Қанның биохимиялық анализі;

  4. ЭКГ;

  5. ЭхоКГ.

Лабораторлы және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша:

1. Жалпы қан анализі қалыпты.

2. Жалпы зәр анализі қалыпты.

3. Қанның биохимиялық анализінде:

Жалпы белок азайған, гипопротеинемия;

Триглицеридтер жоғарылаған, гипертриглицеридемия.

4. ЭКГ:

Сол жақ қарыншада қалыңдау белгісі ЖЭО сол жаққа ауытқиды. S оң жақ кеуде шықпасында тереңдейді, сол жақ кеуде шықпасында Р сермесінің амплитудасы үлкейеді. S-T аралығы ығысады, Т сермесі теріс болды.

5. ЭхоКГ:

Қолқа қақпақшасының алдыңғы жармасының дірілдеуі қанның ағымының қолқадан сол жақ қарыншаға кері қайтқанында пайда болады.


Объективті, лабораторлы және аспаптық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып, сол қарыншалық жедел жетіспеушілік синдромы болжам диагнозы қойылды.

09:00

15:00




13.

20.05.20

Ауруханаға 50 жастағы Н. есімді науқас эпигастрий аймағының, оң және сол жақ қабырғаастындағы қатты ауырсыну сезімі, майлы тағамды қабылдай алмау, жүрек айну, тістерінің қанауы, жалпы әлсіздік, аяқтарындағы парестезияларға шағымданып келді. Сұрастыру кезінде соңғы 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс қолданған. Объективті тексергенде, тері жамылғысы ылғалды, қол бармақтарының треморы, пальмарлы эритема. Кеуде қуысының терісінде «тамырлық жұлдызшалар» анықталды. Гинекомастия. Құлақ маңы бездері ұлғайған. Бұлшықеттері гипотрофияланған. Іші сәл ғана ісінген, асцит. Алдыңғы құрсақ қуысында теріасты веналарының кеңеюін көрдік. Тексеру кезінде, бауыр қабырға доғасынан 8 см-ге шығып тұр, тығыздалған, беткейі тегіс. Көкбауыр 3 см-ге шығып тұр, тығыз, ауырсынусыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет