Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Жалпы білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы



Pdf көрінісі
бет6/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
 
Жалпы білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік 
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін 
қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық 
экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге 
бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының 
(2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және 
коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын 
ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі 
жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын 
көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар
оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен 
дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы 
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет 
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.). 
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма 
бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік 
өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының 
қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп 
оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда 



анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 
мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде 
(Willem te Velde, 2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі 
туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты 
үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа 
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс 
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың 
қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы 
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге 
асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық 
проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. 
Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту 
әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп 
оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты 
енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы 
қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді 
көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған 
міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. 
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы 
үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Оқушылардың жаратылыстану ғылымдарын зерттеуі «Жаратылыстану» пәнінен 
басталады. Бұл олардың әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, 
қоршаған әлемді ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл 
әлемді бағалап, сақтай білуіне көмектеседі. Негізгі мектептегі жаратылыстану сабақтары 
оқушылардың зерттеушілік, ойлау, коммуникациялық машықтары мен дағдыларының негізін 
қалауды көздейді. 
Жаратылыстану негізгі (7-9-сыныптар) және жалпы (10-11-сыныптар) орта білім 
деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия», «Биология», «География», 
«Физика» пәндерін және жалпы орта білім (10-11-сыныптар) деңгейінде қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы «Жаратылыстану» пәнін зерделеуге арналған ықпалдастырылған 
курс болып табылады. 
Жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде Химия оқушыларға 
өздерінің алған білімдерін нысандар мен ақпараттарды бақылау, жіктеу, жүйелеу, салыстыру, 
сәйкестендіру, талдау, бағалау және тәжірибелік дағдылардың, эксперименттік зерттеулерді 
жоспарлау және жасай білуді дамытуға мүмкіндік беретін себеп-салдарлық байланысын 
анықтау дағдыларын дамыту үшін пайдалануына ықпалын тигізеді. Жаратылыстану мен 
химиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық технологияларды 
қолданудың маңызы зор. Химия пәніне байланысты ғылыми тілді қолдану оқушылардың 
ықшам және түсінікті сөйлеу дағдыларын дамытуға, химиялық үдерістер мен тетіктерді 
сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап пайдалануға мүмкіндік береді. 
«Химия» және «Жаратылыстану» пәндерін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби 
тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет