Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет9/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019
monograph russian, Гомеопатия 7 сабақ, 1ab37c10-b98c-4153-a66d-438b207f1425-История-Казахстана-467643 2
Ф-ӘД-001/046

Ніл аңғарынан обсидианың, бірнеше аралық елдер арқылы алыстағы Памирден әкелінген лазуриттің, Куштан жеткізілген қара ағаш пен басқа да бөтен елдерден әкелінген шикізаттың бірқатар түрлерінің кездесуі өзге елдермен байланыстың болғандығын дәлел бола алады. Қатынас құралдарының бұл кезде едәуір дамығаны байқалады. Египеттегі негізгі қатынас құралы болған өзен транспортының елеулі түрде дамығанын біз саз балшықтан жасалған ыдыстардағы суреттерден көріп, аңғарамыз. Джоссер салғызған тұңғыш пирамида баспалдақ іспетті биік құрылыс болатын. Кейінрек патша мазарлары геометриядағы пирамидалық формамен дәлме – дәл келетін сипат алды. Ең үлкен пирамида IV династия фараоны Хуфурдың салғызған пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр болған. Оны салу үшін құрылыс орнына екі млн.нан астам аса ірі известняк тастары жеткізілген. Ол тастар тегістеле қоршалып, асқан дәлдікпен қаланып отырған. Егер грек тарихшысы Геродотқа сенер болсақ, Хеопс пирамидасы  30 жыл бойы салынған және оны салуға патша чиновниктері 100 000 адамды айдап әкелген. Қара жұмысқа ішінара шетелдік құлдармен толықтырылып отырған тұрақты отрядтармен бірге міндетткерліктерді атқарушы көптеген адамдар да пайдаланылды.

Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Египет эллин мәдениетінің ықпалына енді. Аталмыш даму сатысы тек қана Египетке тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениеттің қалыптасуына тән міндетті саты болды. Мұның мәнін Гегель былай сипаттайды: «Сфинксті Етапя рухының символы деп айтуға болады: Табиғаттың үстінен, Хауа ананың денесінен шығып, алға ұмтылып тұрған адамның басы бір рухты бейнелейді. Бірақ қанша аспанға мойнын созып, жан жағына қарағанымен өзінің әлі еркін еместігін сезінеді. Рухының маңдайы темір шынжырмен құрсауланса да, ол өзінің сана сезімінің мәніне еркін жете қоймаса да, сол сезімді өзіне тән мақсат деп біледі».

Египеттің жерінде көптеген есерткіштер сақталып қалды, бұлардың бетіне жазылған таңбалар да бар, бірақ мұны оқып, түсіну ұзақ жылдар бойы нәтижесіз болып келді. 1822 жылы ғана француз ғалымы Ф. Шампольон Египет иероглифтерін оқудың жолын тапты.

Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 жылы жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек - египет) жазу еді. Бұл жазуда Македоннан шыққан Птолемей есімді патшаның қол астындағы халыққа екі тілде декрет жазып таратқаны туралы айтылды.

Орта ғасырлық Европа мәдениеті. Европа қоғамының бүкіл мәдени өмірінің негізі христиандықпен, атап айтсақ католик шіркеуімен анықталды. Христиан ілім-сенімінің негізі Христостың тіріліп келуі, Қасиетті үштікке сену болды. Қасиетті үштік ұғымы құдай барлық үш тұлғасы бойынша біртұтас деп түсіндірді, яғни Әке-құдай, дүниені жаратушы, Бала-құдай, күнәдан арылтушы және Қасиетті Рух, олар шексіз бірге және мәңгілік. Христиан ілімі, адам табиғатынан әлсіз-күнәһәр болып табылады және шіркеудің көмегінсіз өзін құтқара алмайды, деп үйреткен. Батыс және шығыс Европада монахтық үлкен рөл атқарған. Монахтар өздеріне «осы дүниеден безу», үйленбеу және мүліктен бас тарту т.б. міндеттерін алған. Дегенмен VI ғ. өзінде монастырьлар күшті және өте бай орталықтарға айналған, сонымен қатар олар білім мен мәдениет орталықтары болды.

ХІІ-ХІІІ ғғ. Католик шіркеуінің ықпал жасау аумағы әлде қайда кеңіді. Рим-католик шіркеуі мемлекеттердің арасындағы дауларды шешуге араласқан. Әлемнің қаржы орталығы болды, белсенді түрде коммерциялық, қоғамдық-экономикалық жұмыспен айналысты. Оның мысалы ретінде индульгенцияларды (латын тілінен аударғанда – қайыр), яғни күнәні кешіретін грамоталарды сату кең етек алғанын айтуға болады және оларды жасалынған күнәләрмен қатар, әлі жасалынбаған күнәләрға да алуға болатын еді. Оның бағасы күнәнің ауырлығымен анықталды.

V-ІХ ғғ. Батыс Европа елдеріндегі барлық мектептер шіркеудің қолында еді. Шіркеу оқу бағдарламасын құрастырды, шәкірттерді өзі таңдады. Шіркеу мектептерінде антикадан қалған пәндер жүргізілді: грамматика, риторика, диалектика логика элементтерімен, арифметика, геометрия, астрономия және музыка. Бірақ сонымен қатар антикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет