Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет11/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019
monograph russian, Гомеопатия 7 сабақ, 1ab37c10-b98c-4153-a66d-438b207f1425-История-Казахстана-467643 2
Ф-ӘД-001/046

пен жамандық адам жаны үшін күрес жүргізеді. Ал кейіпкерлер адам сезімдері мен қасиеттері болған – Махаббат, Шыдамдылық, Сараңдық, Кек, Сабырлық т.б.

Византия сәулет өнерінде крестік-күмбездік храмның түрі кеңінен тарады, оның қабырғалары мозайкамен безендірілген. Византия архитектурасының тамаша үлгісі Константинопольдағы Қасиетті София храмы болған, оның қабырғалары түрлі-түсті мозайкамен безендіріліп, үстін үлкен күмбез жапқан.

V ғ. Батыс Европа үшін сәулет пен бейнелеу өнерінде шынайылықтан ауытқу тән болған. Ұлы Карлдың (742-814) тұсында Францияда зәулім құрылыстар жүргізілген. Бірақ ағаштан салынған көптеген құрылыстар біздің заманымызға жетпеген. Феодалдық замлктар мен шіркеу соборларының құрылыстары тоқтаусыз жүрген. Тас бастырманы тек шағын терезелері бар қалың, мықты қабырғалар ғана көтере алатын еді. Бұл роман стилі деген атқа ие болды. Роман архитектурасына Францияда Пуатьедегі Нотр-Дам, Тулуза, Орсивале, Велеза, Арледегі, Англияда Оксфордт, Винчестер, Норинчтегі, Норвегияда Стангерадағы, Швецияда Лунадағы соборлар жатады.

Роман стиліндегі мүсіндер үшін табиғат пен адам денесін суреттеуде шынайылықтан бас тарту тән болған. Қабырғадағы суреттер мазмұны жағынан шіркеулік болған, фигураларды бейнелеуде көлем мен перспективадан бас тартқан. Әулие бейнелер корольдан, ал король бейнесі вассалдар мен қызметшілер бейнесінен ірі болған.

ХІІ ғ. Солтүстік Францияда жаңа архитектуралық готика стилі пайда болды. Готикалық собордың негізі биік, түзу колонналар болған. Бұл ғимараттарда қабырғаға күш түспегендіктен, олар жұқара берген, үлкен терезелер пайда болған және олар түрлі-түсті әйнектермен – витраждармен безендірілген. Готика ғимараттарына тән нәрсе олардың ьиік болуы.



Ағарту дәуірінің мәдениеті. Ағарту дәуірі XVII ғасырда Англия жерінде бастау алып XVІІІ ғасырда Францияда өзінің шарықтау шегіне жетті, ал кейінірек оның идеялары бүкіл өркениетті әлемге тарай бастады. Ағартушылар (осы дәуірдің идеологтары) әлеуметтік мәселелерге қатты мән берген. Осы дәуірде космополитизм пайда болып, ғылыми революцияның келесі кезеңі басталды. Негізгі мәселелердің біріне қалың бұқараны «ағарту» жатты, ол феодализмді жоюға кедергі келтіріп жатқан адамдар санасындағы бұрынғы нанымдардан тазалау үшін қажет болды.  Сондықтан Ағарту дәуірінің қажетті элементі атеизм болды. Ал дінге қарсы тек материалистік тұрғыдан күрес жүргізу мүмкін болғандықтан, ағартушылар арасында материализм кеңінен дамыды.   Осы кезеңде Библияны сынға алу өсті, себебі ол жерде адам логикасына салса көптеген қисынға келмейтін нәрселер шыққан. Көп ағартушылар құдайды дүниені жаратушы ретінде мойындап, дүние құрылымын түсіндіру үшін қолданған. Француз ағартушыларын энциклопедистер деп жиі атаған, негізінен оны «Энциклопедия немесе ғылымдардың, өердің және қолөнердің түсіндірме сөздігі» еңбегі бойынша атады. «Энциклопедия...» Ағарту дәуірі идеяларын кең танымал ету үшін тамаша құрал болған. «Энциклопедияның» авторлық ұжымын Д.Дидро және Жан Д Аламбер (1717-1783) басқарды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тек монархтың қолында болмауы тиіс, бұл жағдай мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың тұрақсыздығына алып келеді деген. Бұл идеялар Ағылшын революциясы дәуірінде (1640-1689) іс-жүзінде іске аса бастады.

Шотланд экономисті және философы Адам Смит (1723-1790) меншікке байланысты көзқарастарын білдіріп кеткен. Ол меншік адам қызметінің басты стимулы деген, ол адамды әрі қоғамды байытады деген. өзінің «Халықтар байлығы» атты кітабында ол, адам өзінің жеке экономикалық қызығушылықтарын ойлай отырып және бұл салада жетістікке жете отырып, өз елінің және жалпы өркениеттің дамуына септігін тигізеді дегенді дәлелдеген. Ол нарықтық қатынастардың негізгі принциптерін анықтап берген.

Әлеуметтік және мүлік теңдігі үшін күрес жүргізген, нағыз күрескер Жан Жак Руссо (1712-1778) болған. Ол, «Ғылым мен өнердің қайта өрлеуі әдептіліктің өсуіне әсер етті ме?» деген тақырып бойынша өткен Дижон академиясы конкурсының жеңімпазы ретінде танылды. Осы тақырыпқа жазылған оның рефераты ең жақсы деп танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет