Білім беру бағдарламасы үшін кешенді емтихан бағдарламасы өскемен қ., 2022



бет1/11
Дата11.05.2023
өлшемі40,89 Kb.
#176497
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Программа комп экз по проф КАЗ геотарих
Балауса Ермаш, гендік инженерия, гендік инженерия, Программа комп экз по проф КАЗ геотарих

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ

«БЕКІТЕМІН»


IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы
__________________ С. Адиканова «____»________________2022 ж.
6В01510 «География-Тарих»
білім беру бағдарламасы үшін
КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қ., 2022


Құрастырушылар:


Женсикбаева Н. Ж. - PhD докторы, қауымдастырылған профессор
А.В.Егорина – г.ғ.д., профессор
Б.Т.Сабырбаева - сениор-лектор.

Экология және география кафедрасы


Бағдарлама жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары (SYLLABUS)негізінде жасалған


Экология және география кафедрасының отырысында ұсынылды




«7» желтоқсан 2022 ж. № 4 хаттама

Экология және география кафедрасы меңгерушісі ______________ Н.Ж. Женсикбаева


IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі кеңесінің отырысында мақұлданды




«8» желтоқсан 2022 ж. № 4 хаттама
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқу нәтижелерін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
6В01510 «География-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды емтихан «С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы» ШҚУЕ 006-23 Ережесіне сәйкес емтихан билеттері бойынша ауызша нысанда өткізіледі (www.vku.edu.kz).
Қорытынды аттестаттауға оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу процесін толық аяқтаған, академиялық берешегі жоқ білім алушылар жіберіледі.
Қорытынды аттестаттау екі кешенді емтихан түрінде өткізіледі:
- бейіндік пәндер бойынша (ШҚО географиясы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы).
Әр пән тақырыптар тізімінен және әр тақырып бойынша негізгі сұрақтар тізімінен тұрады.
Білім алушының жауабын бағалаудың негізгі критерийлері: бағдарламалық материалды білі, зерделілігі мен игерудегі беріктігі, пайымдаудың дербестігі мен ұсыну нысаны болып табылады.
Қорытынды аттестаттауда түлектердің білімі балдық-рейтингтік және әріптік жүйенің бағаларымен айқындалады және аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары ресімделгеннен кейін емтихан өткізілген күні жарияланады.
Оң бағаны арттыру мақсатында қорытынды кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді. Қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалардың кешенді емтихандарды қайта тапсыруына жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет