Білім беру бағдарламасы тобы Биологиялық және аралас ғылымдар Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі



бет1/5
Дата26.09.2022
өлшемі185,5 Kb.
#150851
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Силлабус жана БОӘ және ОЗТ 2022 (3)
КІТАПП

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС


1. Пән туралы ақпар
Пәннің атауы -Биологияны оқыту әдістемесі және оқытудың заманауи технологиялары
Кредит саны – 5
Курс, семестр – 3/5
Білім бағдарламасының атауы және шифры – Биологиялық және аралас ғылымдар
/6В05101 –Биология
Институт – Жаратылыстану және география
Білім беру бағдарламасы тобы – Биологиялық және аралас ғылымдар
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі – Джамилова Сауле Мэлскызы,
Ж.ғ. магистры , аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87754325523, e-mail dsm1750@gmail.com


2. Бақылау формасы: жазбаша
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларын немесе БӨЖ орындау уакыты келесі жағдайларда (мыс: ауру, төтенше жағдай, жол апаты, күтпеген жағдайлар және т.б. ) ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақ кезінде тапсырмаларды орындауы және талқылауға қатысуы пәнге қойылатын жалпы баға кезінде ескеріледі. Сабақ кезіндегі құрылымдық сұрақтар, диалог және пән тапсырмалары бойынша кері байланыстар ескеріледі, ынталандырады, және оқытушы қорытынды бағаны шығарған кезде әрбір студенттің сабаққа қатысуын ескереді.
БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін БӨЖ қабылданбайды



«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҒЫМДАҒЫ
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Білім алушы:

A

- оқу материалдарын шығармашылық деңгейде, қосымша материалдарды қолдана отырып, дәлелді түрде меңгерген;
- оқу материалдарының проблемалық аспектілерін айқындай алады;
- алған білімді креативті түрде өмірлік жағдаяттарды шешуде қолдана алады.

A -

- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын толық меңгерген;
- оқу материалдарын қосымша материалдармен толықтыра/дәлелдей алады; - алған білімді
- оқу тапсырмаларын шығармашылықпен/өзбетінше орындайды;
- оқу тапсырмаларын орындауда елеусіз қате жіберуі мүмкін.

B+

- алған білімді шығармашылықпен практикада/түрлі жағдаяттарда қолдануға дағдыланған;
- тапсырманы орындауда сыни көзқарасы қалыптасқан;
- оқу іс-әрекеттерін жетілдіруді жоспарлай алады.

B

- тапсырманы орындауда алған білімді типтік/проблемалық жағдаяттарда қолдана алады вариациялық тапсырмаларды орындауға дағдыланған;
- шығармашылық тапсырманы топпен орындауда белсенділік танытады, өз қатесін дер кезінде көре біледі.

B-

- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын меңгерген;
- оқу материалдарының біртұтастығын, ондағы себеп салдарлы байланыстарды ажырата алады.

C+

- тапсырманы типтік жағдайда орындауға дағдыланған, вариациялық тапсырмаларды орындауы төмен;
- тапсырманы өзбетінше орындауда оқу іс-әрекеттерінде қателік жібереді, шығармашылық тапсырмаларды топпен орындайды.

C

- теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе практикалық тапсырманы орындауда қолдана алмайды.

C-

- оқу материалдарын меңгеруге қызығушылығы бар, оқу нәтижесі тиісті деңгейге жеткіліксіз;
- оқу тапсырмаларын топпен орындайды, талқылау, пікірталасқа қатысы төмен.

D+ C

- оқу материалдарының мазмұнын репродуктивті деңгейде меңгерген;
- алған білімді практикалық іс-әрекетте қолдана алмайды;
- тапсырманы өзбетінше орындауы мен оқу жетістіктері жеткіліксіз.

D

- оқу материалдары құрылымының біртұтастығын (себеп-салдарлы байланыстарын) түсінбейді;
- тапсырмаға берілген жауабы дұрыс емес;
- тапсырманы өзбетінше орындауға дағдыланбаған.

F

- ғылыми терминнің мән-мағынасын білмейді;
- иммитациялық тапсырмаларды орындай алмайды;
- алған білімін күнделікті жағдаяттарда қолдана алмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет