Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс № 15. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыстарды ұйымдастыру



бет14/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс
123, Бесік жыры
Дәріс № 15. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыстарды ұйымдастыру
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Жұптық оқыту және оны ұйымдастыру

  2. Топтық оқыту және оны ұйымдастыру

  3. Ұжымдық оқыту және оны ұйымдастыру

Дәрістің қысқаша мазмұны
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады: жұптық, топтық, ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке-дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз –үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен-бірінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен рөл атқарады.
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау;
2. жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б.;
3. қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту ;
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету;
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру;
4. Әңгімені құрастыру;
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;
6. Тақпақтарды жаттау.
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс – тілдесім. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады. «Тілдесім процесі жүрмей, оқыту да іске аспайды. Өйткені оқытудың негізі – тілдік қарым-қатынас, сөйлесу, тілдесу. Тілді оқытудың, үйретудің бәрі сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін меңгерумен байланысты: тілдесім арқылы оқыту, тідесім арқылы жазғызу, тілдесім арқылы тыңдату, тілдесім арқылы сөйлету. Сондықтан тілдесім – тіл арқылы қарым-қатынас – барлық оқыту процесінің маңызды тірегі, қажетті шарты», – дейді ғалым Ф.Ш.Оразбаева.
Жалпы кез келген адам тілдесе келе, басқалармен жақындасып, оның жан-күйін сезінеді. Сол сияқты сөйлеу арқылы басына қиындық түскен кісі оны адамдармен бөлісіп, жеңілдейді. Қуанған адам қуанышын тілмен жеткізіп, басқа адамдарды өзімен бірге қуантады т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет