Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


Тақырыбы: Топырақтың су режимінің типтері



бет14/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Тақырыбы: Топырақтың су режимінің типтері


Мақсаты: Топырақ пен климаттық жағдайға байланысты әртүрлі топырақтардың су режимінің шарттары да әртүрлі болып қалыптастырылуы.
Негізгі сұрақтар:
11-13.1. Су режимінің шайылмайтын типі.
11-13.3. Топырақтың жылу қасиеттері мен жылу режимі.
11-13.2. Орман ағаштарының аумақтың су режиміне әсері.

Топыраққа ылғал түсуі мен оынң шығыны, қозғалуы барысындағы барлық құбылыстар жиынтығын топырақтың су режимі деп атайды. Оның пайда болуы су қорының көбеюі мен азаюына байланысты.


Топырақтың су режимі және оның типтері туралы ілімінің негізін Г.Н. Высоцский қалады, кейін оны А.А. роде, И.С. Васильев және т.б. өз еңбектерінде жалғастырды.
Топырақ пен климаттық жағдайға байланысты әртүрлі топырақтардың су режимінің шарттары да әртүрлі болып қалыптасады. Г.Н. Высоцский жылдық жауын-шашын мөлшері мен жылдық булану мөлшерін салыстыра келе, әртүрлі су режимі типтеріндегі су балансының мынадай сызбасын ұсынды:

А-су режимінің шайылу типі; б-су режимінің шайылмайтын типі; s-су режимінің терлеу типі; 1-жауын-шашын; 2-ағаштар ұстап қалатын ылғал; 3-жер беті ағысы; 4-физикалық булану және топырақтағы өсімдік жамылғысының десукциясы; 5-топырақтағы ағыс; 6-ағаштар десукциясы, 7-жер асты ағысы; 8-булану және десукция.


Г.Н. Высоцский аталған екі көрсеткіш арқылы су балансы коэффициенттерін белгіледі, олар: орманды шалғын (орман) үшін – 1,33; орманды дала үшін – 0,33: осымен сәйкес келесі су режимінің типтерін белгіледі, олар: шайылатын, шайылмайтын және терлеу типтері, ал тоңдық типті А.А. Роде енгізді.
Су режимінің шайылу типі. Атмосфералық жауын-шашын жыл сайын топыраққа сіңіп, жер асты суларына дейін жетеді, сондағы жер асты суларына кететін ылғал мөлшері, топыраққа жер асты суларынан келетін ылғал мөлшерінен көп. Су режимінің шайылу типі тайга ормандары мен жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болатын басқа да зоналарға тән.
Шайылу типінің тағы басқа бір түрі, периодты шайылу типі, бұнда топырақтың жер асты суларына дейін шайылуы периодты түрде жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болған жылдары жүреді. Жер асты сулары мен капилляр жиектері өсімдік тамырларынан төменде орналасады. Су режимінің осы типі орманды дала аймағындағы орманның сұр топырақтарына тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет