Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-8.2.Коллоидты ерітінділер туралы түсінік



бет6/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

6-8.2.Коллоидты ерітінділер туралы түсінік. Коллойдты бөлшектер сумен бірге коллойдты ерітінділердің екі түрін құрайды-золь-коллойды ерітінділердің лайлы түрі, және гель. Золь түрінде, әсіресе олардың өте ұсақ бөлшектері, топыраққа тереңдеп енуге қабілетті бөлшектері шөкпейді, себебі олардың әрқайсысы бірдей зарядқа ие. Бірдей зарядты бөлшектер бір-бірін тебетіні белгілі. Егер тебілу күші ауырлық күшінен көп болса, онда олардың барлығы қалқыма күйде болады.Бөлшектердің шөгуі үшін, ерітіндіге қарама-қарсы заряды бар заттарды енгізу керек.Бқл заттар электролидтердің. Бұларға бірінші кезекте қарапайым минералдық тұздар жатады.
Зольдің гельге өту үрдісі коагуляция деп аталады.Э лектролит тұздардың коагуляция баспалдағы деп атайды, ал катиондардың валенттілігі мен атомдар салмағына тәуелді болады.Олар коллойдтарда коагуляция әсерінің көбеюіне қарай,лиотропты қатар түзеді:Lі+,Na4+,NH4+,K+,Ca2+,Mg2+,Fe3+. Коагуляция үрдісін туғызатын ең төменгі концентрацияға темір мен алюминий ие,өте әлсіз коагуляторлар-бір валентті элементтер, одан кейін екі валентті; толық және тез коагуляция үш валентті элементтердің әрекеттесуі кезінде жүреді.
Әдетте коагуляция су молеуласын тұту үрдісі жүреді, сонымен қлса элементтің валенттілігі мен атомдық салмағы аз болған сайын, гель өзінде суды көп мөлшерде ұстап тұра алады. Азотпен қаныққан гельдер өз салмағынан 1000 есе артық суды өстауға қабілетті. Осы қасиетті пайдалана отырып, натрий тұздарынан және селикаттар коллойдтарынан кәдімні кеңсе желімін дайындайды. Көп мөлшерде суды ұстайтын коллойдтар гидрофильді коллоидтар деп аталады (грекше: Hydor-су, pelleo-жақсы көремін). Фз мөлшерде суды ұстайтын коллоидтар гидрофобты коллоидтар (грекше: phobos-үрей) деп аталады. Коагуляция кезінде бұл коллоидтар суы мүлде жоқ гельдер немесе ұнтақтар-седименттер құрайды. Оларда желімдеу қабілеті болмайды.
Топырақтағы қарашірік заттарының гельдері өте жақсы желімдегіш қабілетке ие. Бұл коллоидтар топырақ бөлшектерін жақсы желімдейді,олар қайтымсыз, сол себепті өте жақсы структура құрушы болып табылады. Берік түйіртпектер құрамйды және судың әсерінен сутегімен қаныққан коллоидтар еріп, тарайды. Темірмен қаныққан коллоидтар өте берік, құрамында су аз. топырақтың тығыз горизонттарының пайда болуына себеп болады.
Коллоидтардың коагуляциясы зарядтары әр түрлі коллоидтардың бір-бірін бейтараптандыруы, су мөлшерін азаюы, мысалы судың булануы,қатуы,жылынуы кезінде жүреді. Табиғи жағдайларда су бөлшектерінің босауы мен коллоидтардың ескіруі жүреді, яғни гельдер суды жоғалтады. Гельдердегі судың жоғалуы басында олардың желімдегіш қабілетін азайтады, одан кейін ол қабілет толық жойылады. Қарашіріктің сусызданған гельдері қайтымсыз, желімдеу қабілеті жоқ және оларды микроағзалар нашар пайдаланады.
Көктемде, көбінесе топырақ ерітіндісі сұйылған кезде,катиондар мен аниондар мөлшері азайып, органикалық заттың зольі және минералдардан туындаған коллойдты бөлшектер судың төмен ағуына байланысты,топырақ кескіні бойымен төмен жылжижы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет