Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет27/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Малбақов М. Қазақ сөздіктері. Алматы, 1995.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
25-26 практикалық сабақ тақырыбы: Фразеология туралы түсінік
Сабақ жоспары:
1. Тұрақты тіркестің еркін тіркестен айырмашылығы
2. Фразеология және оның зерттеу объектісі
3. Фразеологизм
4. Тұлға тұрақтылығы
5. Мағына тұтастығы
6. Тіркес тиянақтылығы
7. Фразеологизмдердің күрделі сөздерден айырмашылығы
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
2. Фразеология дегеніміз не?
3. Фразеологизм дегеніміз не?
4. Тұлға тұрақтылығы дегеніміз не?
5. Мағына тұтастығы дегеніміз не?
6. Тіркес тиянақтылығы дегеніміз не?
7. Фразеологизмдердің күрделі сөздерден айырмашылығы қандай?
Глоссарий:
Фразеология – тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы.
Фразеологизм – тілдегі тұрақты тіркестер.
Тапсырмалар:
1. Фразеологизмдерді тауып мағынасын түсіндіріңіз.
Түні бойы тұла бойы күйіп-жанып, бір жағынан жөтел қысып, көрер таңды көзімен атқызды. Шықпаған шыбын жанды сүйретіп таң атқан соң тағы қалтаңдап, ұнын арқалап, аяңдады. Жолға төрт қонып, бесінші қонақ дегенде, әлі әбден біткенде, қардың арасынан өлімсіреп шыққан ауылының көгілдір түтінін көрді. Жұманның құл сүлделері қалып еді. Жиырма-отыз қадамнан артық жүре алмай, бір дем алатын еді. Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты. Екі-үш күндей қиналып, алас ұрып жатты. Түріне қараған Қартқожаның іші мұздай болып кетті (Ж.Аймауытов).
2. Төмендегі тұрақты тіркестердің қай сөзге балама екендігін анықтаңыз.
Үлгі: айылын жимау – сескенбеу.
Ақылға сыймау, ала жібін аттамау, көзіне көк шыбын үймелету, ішкен асын жерге қою, ат ізін салмау, аузы бармау, тілі күрмелу, ауыз тимеу, аяғын қиы баспау, исі мұрнына кірмеу, көзге ілмеу, тіс жармау, шөп басын сындырмау, басын сұқпау, қол ұшын беру, жең ұшынан жалғасу, салы суға кету, қабағынан қар жауды, бетінен оты шықты, көзден бұлбұл ұшу, ағаштан түйін түйген, сүттен ақ, судан таза, жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
3. Фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік. Алды-артын аңдамаған баппен кірдік. Шығармай бір жеңінен қол, бір жерден сөз, Алалық алты бақан дертпен кірдік. Бейне бір құдіретті сынағандай, «Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. Жат жақты жаратқанға күзеттіріп, жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. Әлі де саңлаусыз салтын бағып, Түрі жоқ іс ететін пәлен дерлік, – «Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе?» – Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік (А.Байтұрсынов).
4. Төмендегі тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлем құраңыз.
Ішкен асын жерге қояды, қой үстінде боз торғай жұмыртқалады, көзіне көк шыбын үймелетті, салы суға кетті, төбе шашы тік тұрды, мойнына су кетті, мұрнын көкке көтерді, ұнжырғасы түсіп жүр, сай сүйегі сырқырау, тепсе темір үзеді, су жұқпайтын жорға, қазандай қайнау, білек сыбанып кірісу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет