Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01509 "Математика-Информатика" 6В01510 "Физика-Информатика"



бет3/16
Дата08.02.2022
өлшемі114,94 Kb.
#123913
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Силлабус Python 21-22 dot (1)
10тәж.Қымбат математика, ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1), ДОТ Силлабус 2МИПКО С Программалау тілі 2021-22 Байбактина (1), vm 33, ЫТМС МФПКО-1-Баешева К.С.,АхметоваАУ (1), thesis68302
9.1 Дәрістер
Өткізу форматы: Топпен жұмыс, тренинг, презентация, сұрақ-жауап, жобалар әдісі, интерактивті әдіс, бағалау әдістері.



    1. IDLE интегралды ортасы. Мәліметтер типі

Жоспар
1. IDLE интегралды ортасы
2. Мәліметтер құрылымы және типтері
3. Операциялар және логикалық операциялар
4. Айнымалылар. Өрнектер

Python программалау тілін 1991 году голландық программист Гвидо ван Россум құрды. Питон немесе Пайтон деп аталуы телесериалға (Монти-Питонның ұшатын циркі) байланысты. Россум программалау тілін құрғаннан кейін интернетке қойып өз қоғамын құрды. Ресми сайты http://python.org және жаңа версиялары құрылып дамуда.


Python тілінің біріктірілген интегралды ортасы(IDE) IDLE деп аталады және екі терезесі бар. Бірінші терезесі, Python командалық қабықшасы, REPL – орта, код үзінділерін орындауға арналған. REPL(read-eval-print-loop) – интерактивті программалық құрылғы, программалар үзінділерін эксперимент жасауға қолданылады. Екінші терезе, Untitled – текстті редактор терезесі, бұл терезеде толық аяқталған программаны Python тілінде жазуға болады.
Программаны іске қосу үшін \\Негізгі меню\\Программалар \\Python 3.6 IDLE (Python GUI) командаларын орындаймыз. Жаңа программа құру үшін \File\New file командаларын орындаймыз. Программа мәтіні ашылған терезеде теріледі. Программаны ашу үшін \\File\\Open командалары орындалады. Программаны сақтау үшін \\File\\Save командаларын орындаймыз. Қосымша орындалу үшін \\Run\Run Module командаларын немесе F5 клавишін таңдаймыз . Python тілінде программа дегеніміз командалар тізбегі. Командаларды орындауға арнайы программа –интерпретатор қолданылады. Программада айнымалылар қолданылады және мәніне сілтеме жасайды.
Мәліметтер типі. Айнымалылар. Логикалық өрнектер
Python тілінде мәліметтер объект болып табылады. Мәліметтер құрылымына қарай сандар, жолдар, тізбектер, тізімдер, кортеж, сөздіктер болып бөлінеді.
Мәліметтердің арнайы типтеріне тоқталамыз.
1. Сандар: бүтін: қарапайым бүтін - int, ұзын бүтін - long, нақты: - float , комплексті – complex;
логикалық мәндер– bool.
2. Тізбектер: өзгермейтін: жол- str;
Unicode- жол unicode;
кортеж tuple;
өзгеретін:
тізім - list;
3. Бейнелеулер: сөздік – dict
4. Объектілер - объектілерді шақыра алады:
Функциялар
Функция-генераторлар
әдістер
Класстар
Экземпляр класстары
Бүтін сандарды сипаттауға int және long қолданылады. Сандық литералдарды 8, 10 және 16 санау жүйелерінде қолданылады, 0b, 0o, 0x префикстеріне сәйкес шығарылады. 10 санының жазылуы:
print 10, 012, 0xA, 10L
int типті айнымалы мәні диапазоны [-2147483648 -> 2147483647], long типті айнымалы мәні жадының енуге арналған көлеміне байланысты.
Python тілінде негізгі операторларды төрт топқа бөлуге болады: арифметикалық, биттік, логикалық және салыстыру операторлары және 1 кестеде сипатталған.

Кесте 1. Арифметикалық операторлар


Операция Сипатталуы


x + y Қосу ( x және y қосындысы)
x – y Айырым Азайту
x ∗ y Көбейтінді
x/y Бөлу
Мысалы:
100/8 → 12, 100/8.0 → 12.5
x//y Бүтін санды бөлу
Нәтиже бүтін сан
Егер екі сан да нақты болса, бөлшек бөлігі ноль болатын сан шығады
Мысалы:
100//8 → 12
101.8//12.5 → 8.0
x%y x ты y бөлгендегі қалдық
10%4 → 2
x∗∗y Дәрежеге шығару
2∗∗3 → 8
2.3∗∗(−3.5)
0.05419417057580235
−x Сан таңбасын алмастыру

Python тілінде сандарға операциялық амалдар үшін мына іштестірілген функциялар қолданылады, abs() (абсолют мәнін есептеу, abs(−3) → 3), pow() (дәрежеге шығару, pow(2,3) → 8), divmod() (бүтін санды бөлудің бүтін және қалдық бөлігі) , divmod(17,5)→ (3,2)) и round() (дөңгелектеу, round(100.0/6) → 17.0). Бұл функциялар үшін қосымша модульді қосу міндетті емес. Математикалық функциялардың барлығы Math класында анықталады. Модульдерді қосуға import қызметші сөзі қолданылады.


Логикалық мәндер Python –да екі шамамын, логикалық екі тұрақтымен беріледі. True (Ақиқат ) және False (Жалған).
Логикалық мәндер логикалық операциялардың немесе өрнектердің нәтижесінде пайда болады.

Кесте 2. Салыстыру және логикалық операторлар


Операция
Немесе өрнек Сипатталуы


> a > b
< a < b
== Теңдік, a тең b-ға
!= Тең емес
>= Кіші емес
<= Үлкен емес
not x Жоққа шығару, (терістеу)
x and y Логиқалық және (көбейту)
x or y Логикалық немесе( қосу )
Х элементі А жиынына тиісті
Эквивалентті (x > a) and (x < b)
2. Басқару инструкциялары. Шартты және таңдау операторлары
Жоспар

  1. .IF – ELSE операторының жалпы формасы және қолданылуы

  2. IF – ELIF операторының жалпы формасы және қолданылуы

  3. Бекіту мысалдары

Қойылған шартқа байланысты екі немесе одан да көп тармақтары бар алгоритм тармақталған алгоритм деп аталады. Тармақталған алгоритмдерді программалауға шартты оператор қолданылады. If операторы міндетті емес else операторымен қатар қолданылады. Жалпы формасы


if шарт:
оператор1
else :
оператор2
Мысалы:
if x>0 :
y=math.sqrt(x)
else:
y=pow(x,4)

IF, ELSE операторлары бір деңгейде жазылады. Егер шарттан кейін ьірнеше операторлар орындалатын болса, онда бірдей шегініспен ерекшеленеді.


Іштестірілген шартты операторлар да қолданылады. Оның жалпы формасы:
if шарт:
Оератор1
else :
if шарт:
Оператор 2
else :
Оператор 3
Есеп 1. a,b,c бүтін сандары берілген. Үш санның ең үлкенін анықтайтын программа құрыңыз.
Есеп 2. a,b,c нақты сандары берілген. Үш санның ішінен (1.6-3.8) интервалына жататын сандарды экранға шығарыңыз.
#-*coding utf-8*-
a=float(input('vv 1 sh.'))
b=float(input('vv 2 sh.'))
c=float(input('vv 3 sh.'))
if 1.6 <=a<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',a)
if 1.6 <= b<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',b)
if 1.6 <= c<=3.8:
print('1.6-3.8 int.gatadi',c)
Тармақталушы алгоритмнің тағы бір түрі таңдау операторымен байланысты. Егер программада айнымалы немесе өрнек мәні үшін бірнеше нұсқаның бірін ғана таңдап алу қажет болса, таңдау операторы қолданылады. Мысалмен қарастыралық.
Есеп 3. Клавиатурадан енгізілген ай номеріне сәйкес жыл мезгілін анықтайтын программа құрыңыз.
#-*coding utf-8*-
n=int(input('ai nomerin engiz'))
if n==1 or n==2 or n==12:
print('kis')
elif n>=3 and n<=5:
print('koktem')
elif n>=6 and n<=8:
print('gaz')
elif n>=9 and n<=11:
print('kuz')
else:
print('1 men 12 aral. san engiz')


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет