Білім беру бағдарламасының студенттері үшін Қостанай, 2021 Әзірлеуші



бет13/14
Дата25.02.2022
өлшемі48,18 Kb.
#133295
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Курстық жұмысты жазуға арналған Әдістемелік нұсқау
bairaktarov br moskalenko la ksenofontov as laboratornyi pra, арнайы білім реферат
Курстық жұмысты қорғау тәртібі
Курстық жұмысты қабылдау кестесі емтихан сессиясының басталуынан екі апта бұрын бекітіледі.
- Студент орындаған қурстық жұмысын жетекшісіне тексерту үшін тапсыру керек.
- Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, студент көрсетілген ескертулерді қарап, оны өңдеп болған соң кафедраға қайта ұсынады.
- Егер жұмыстың өзіндік сипаты болмаса немесе басқа авторлардан, деректерден көшірілсе, қойылатын мәселелердің мәнмағынасы толық ашылмаса қорғауға жіберілмейді.
- Студент курстық жұмысты толық дайындағанда, ғылыми жетекшінің ұсынысымен қорғауға жіберіледі.
- Курстық жұмысты ғылыми жетекшісінің қатысуымен, кафедра меңгерушісі өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды.
Курстық жұмыс кем дегенде екі оқытушыдан құралған комиссиясы алдында қорғалады. Олардың біреуі жетекшісі болып табылады. Комиссия студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік машық деңгейін және жұмыстың (жобаның) қойылған талаптарға сәйкестігін анықтайды.
- Комиссия отырыстары хаттамаға түсіріледі, комиссияның төрағасы, мүшелері қол қояды.
- Жұмысты қорғауға, оны орындаудың барлық талаптары орындалған жағдайда ғылыми жетекшінің ауызша және жазбаша келісімімен жіберіледі.


Студентке:
- материалды тереңталдап, игерген, тақырыптыңмазмұнын ашып көрсеткен, зерттеу нәтижесі бойынша нақты қорытындылар келтірілгенде (А мен А-) аралығындағы баға;
- тақырыпты толық, жан-жақты аша алған, бірақ шығармашылық элементтері, өзіндік тұжырымы жоқ жағдайда (В+, В, В- ) аралығындағы баға;
- тақырып толық ашылмаған, материалдарды талдау қанағаттанарлық деңгейде ғана жасалғанда (С+, С, С-) аралығындағы баға қойылады.
Курстық жұмысты тапсырмаған студент курс жұмысы жоспарланған пән бойынша емтиханға жіберілмейді. Курстық жұмысты белгілі себептермен орындамаған және қорғауға жіберілмеген студенттер сессия аяқталған соң қайта қорғауға жіберіледі.
Курстық жұмыс публикалық қорғауға жатады. Алдын-ала қорғаудан өткен үздік жұмыс жазған студенттерге дәстүрлі студенттер конференциясына қатысу ұсынылады. Студенттер тақырыптарының ұқсастықтары бойынша топталады. Жұмыс авторы қысқаша хабармен (7-10 мин.) сөз сөйлейді және оқытушылардың сұрақтарына жауап береді. Қысқаша хабарға мәселелер жағдайы, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері (егер ол өткізілген болса), түйіндер мен ұсыныстар, зерттеу болашағы кіреді.
Қорытынды бағада курстық жұмыс жетекшісі, бұл жайлы сын-пікірде (рецензия) атап өткендей, соңғы нәтижені ғана емес, сонымен қатар студенттің өз бетінше жұмыс жасай алу деңгейін есепке алады.
Сын-пікірде курстық жұмыстан мыналарды көрсетеді:

Қорғау қорытындысы бойынша студенттің сынақ кітапшасына курстық жұмыс үшін жеке ыңғайда қаралған баға қойылады.
Студенттің ЖОО-нда білім алу кезінде курстық жұмыс кафедрада сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет