Білім беру бағдарламасының студенттері үшін Қостанай, 2021 Әзірлеуші



бет12/14
Дата25.02.2022
өлшемі48,18 Kb.
#133295
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Курстық жұмысты жазуға арналған Әдістемелік нұсқау
bairaktarov br moskalenko la ksenofontov as laboratornyi pra, арнайы білім реферат
Ғылыми-анықтамалық ақпарат
Курстық жұмыстың ғылыми-ақпараттық құралы екі бөліктен құралған: қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі және жолма-жол сілтеме.


Сілтемелер мен қолданылатын деректерге қойылатын жалпы талаптар
Тізім және сілтемелерді мемлекеттік стандартқа сай қолдану керек. Ведомостволық актілер тиісті ведомостволардың ресми басылымдарына сай көрсетілу керек. Шет тілдегі әдебиет сол тілде орфографиялық нормаларына сай көрсетіледі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық жұмысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10,15-тен кем болмауы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Курстық жұмысында пайдаланылған еңбектер нөмірленіп, толық және белгілі жүйемен, ретпен орналастырылады және жұмыстың мәтінінде беріледі. Курстық жұмысында келесі әдебиет көздері қолданылуы мүмкін.
1. ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жолдауы, Үкіметтің ресми құжаттары;
2. Оқулықтар, оқу құралдары т.б.;
3. Ғылыми еңбектер, монографиялар, ғылыми мақалалар;
4. БАҚ материалдары, Интернет желісіндегіғылымибасылымдар;
5. Диссертациялар мен авторефераттар;
6. Архив және мұражай материалдары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде осы көрсетілген барлық тарауларда пайдаланылған әдебиеттер жалпы бірыңғай реттік нөмірмен беріледі.
Мысалы:
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999 ж. -293 б.
Ал егер осы әдебиет екінші рет пайдаланылса мәтінніңішіне [1, 297 б.] немесе [1, 297-298 бб.] деп көрсетіледі.
Газет, журналдарда т.б. сол сияқты мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар төмендегіше көрсетіледі: автордың фамилиясы мен аты-жөні, мақаласының аты, газет немесе журналдың аты, шыққан жылы, айы, күні немесе нөмірі.
Мысалы:
Мырзахметов М. Ақын мұрасыныңзерттелуі. // Социалистік Қазақстан, 1971 ж. 29 мамыр.
Егер студент диссертациялық, диплом жұмыстарды пайдаланса, олардың жазылуы төмендегіше болады:
- автордың фамилиясы мен аты-жөні; - жұмыстың аты; - жұмыс қорғалған қаланыңаты; - жұмыстың қорғалған орны (мекеме), жылы;
Мысалы:
Бекмырза С. Абайдыңақын шәкірттері Мұхтар Әуезов шығармашылығында. (Филология ғылымдарыныңкандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық жұмыс). - Алматы: М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, 1998 ж.
Бір автордыңәр түрлі томдары сілтеме жасағанда жеке нөмірмен бөлек көрсетіледі.
Мысалы
1 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1977 ж.
1 Құнанбаев Абай. Шығармаларыныңтолық жинағы. Т.2. Қара сөздері мен аудармалары. – Алматы: Жазушы, 1986 ж.
Архив немесе кітапхана қоры болса: 42 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, 1142-қор, 1-тізбе, 795іс; 11-16 бб.
Web сайттар пайдаланылса: Автордыңаты-жөні, еңбектің атауы, web сайттар Мысалы: 43 Бұрханов К.Н. Саяси даму. www.stat.gov.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет