«білім беру» факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасы



бет2/6
Дата31.01.2022
өлшемі59,77 Kb.
#116750
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Археология және антропология
Археология және антропология, Археология және антропология, oblast, oblast, «Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар, «Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар, «Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар, Документ Microsoft Word (3), 08CEFF7F-3E1A-4C4A-A4E9-CD08A8448023
2. Пәннің мақсаты:   Археологияның және антропологияның ғылыми әдістерін және археологиялық мәдениеттердің дамуы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Археология пәнін оқытудың басты мақсаты археологиялық деректердің негізінде арғы дәуірлердегі адамзаттың дамуын көрсету. Археологиялық мәдениеттермен таныстыру. Археологиялық зерттеу әдістерін қарастыру.

3.Пәннің міндеттері:

- Археология және антропология ғылыми әдістерінің тарихи сипатамасын игеріп, әр археологиялық кезендеріндегі өнер ерешеліктерін ажырату шеберліктерін қалыптастыру;

- Пән мазмұнына байланысты дереккөздермен, оның ішінде ғылыми әдебиетпен, теориялық еңбектермен жұмыс істеуге үйрету;

- Пән мазмұнына байланысты қазіргі ғылымдағы көзқарастармен таныстыру;

- Сабақта алған білімдерін ары қарай дамытуларына жағдай жасау.

Археология және антропология пәнінің міндеттері көп. Археологиялық дәуірнама, археологиялық деректемелер мен ескерткіштер туралы түсініктерді жеткізу, зерттеу әдістерін, жаңа зерттеу салаларын үйрету, Қазақстан территориясындағы археологиялық мәдениеттермен таныстыру, археологиялық зерттеулерді, олардың нәтижелерін баян ету, тағы сондай көптеген мәселелерді қарастыру жоспарланады. Сол сияқты, әлемдік және достастық елдеріндегі археология және антропология ғылымының дамуы жөнінде де мағлұматтар беріледі.

Курсты оқыту кезінде археология және антропология бойынша бірқатар тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі, солардың ішінде археологиялық барлау жүргізу әдістері, ескерткіштердің жоспарын сызу, геодезиялық аспаптармен жұмыс істеуге үйрену, артефакттардың суреттерін салу, оларды фото және видеобейнеге алу қағидалары, заттарды және ескерткіштерді дұрыс сақтау, қорғау және қалпына келтіру жұмыстары үйретіледі.

Жеке тарих ғылымдары –тарихнама, деректану, антропология, эпиграфика, нумизматика, этнология, тарихи өлкетану және т.б. тарих және өнертану, жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра, пәннің ерекшелігін және оны

дамуын көрсету. Студенттерді ғылыми тілді меңгеруге үйрету, ғылымның іргелі ойларын игеруге дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет