Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата27.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#141113
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сынып тәрбие жоспары, копилка, Бейбитшиликти сактау, ҚР заңдары мен нормативтік СРСП 5, b1754
Қорытынды кезең – 
іс-әрекет жоспарын құрастыруды аяқтау
суицидентке психологиялық қолдау көрсету. «Логикалық дәлелдеме келтіру», 
«тиімді сенімділік» орнату тәсілдерін қолдану керек. Егер жасөспірімде өз-өзіне 
қол жұмсаудың нақты жоспары анықталғанмен оған уақытша бір жағдай кедергі 
болып тұрса, мұндай жасөспірімге немқұрайды қарауға болмайды. Бұл шараға 
неғұрлым көбірек адамдар қамтылса, көрініс соншалықты айқындала түседі. 
Әңгіме кезінде бала суицидті ойларды көбірек айтып, өз ойынан қайтқысы жоғын 
сезген сәтте жақын жердегі емдеу мекемесіне жіберіп, ата-анасына ескертіп, оны 
психиатр маманына көрсету керек екендігін айтып, т.б. шара қолданған жөн. Егер 
мұндай маман және басқа да мүмкіншіліктер болмаса, суицидентке көңіл күйдің
мұндай ауыр ахуалы уақытша құбылыс екендігін, оның өмірі ата-анасына, 
бауырларына, туыстарына, достарына өте маңыздылығын айтып, ұқтыру қажет. 
«Барлығымызға сенің өлімің ауыр тиеді, өз өміріңді қалай сүрсең де өз еркің, оған 
құқығың бар, сен өз өміріңе аса жауапты болғандықтан, мәселені ашусыз
асықпай шешкен жөн» деген сияқты әңгімені әрі қарай жалғастырған жөн. 
Баланы оның жақсы іс-әрекеттер атқара алатынына, МЕН күш қуатты 
қорының бар екендігіне сендіру. Жасөспірімдердің белсенділігін арттыруда 
отбасы мүшелеріне көмектесу. 
Жеткіншектердің жабығу, күйзеліс сезімдерін жоюға психологиялық 
көмек берілсе, мұны суицидтің алдын алуға жасалған әрекеттің бірі деп есептеуге 
болады. Күйзеліс пайда болуының тағы бір себебі – баланың негізгі 
қажеттіліктерге қанағаттанбауы. Әңгімелесу кезінде оның ішкі күшіне сендіру, 
жабығу, күйзелу күйі туралы сөз қозғауына мүмкіндік беру (ол үшін психологпен 
әңгімелесу, жеке басының сезімдері мен қазіргі жағдайы туралы айтып берудің 
жалғыз мүмкіндігі болуы ықтимал, барлық уақытта маман оның әңгімесінің 
құпия сақталатынын ескертіп отырғаны жөн ). 
Жалпы суицидтік әрекетке бейім баланы бүкіл оқушылардың көзінше 
үнемі жеке шақырып алып жұмыс жасау дұрыс емес. Бұл басқа оқушылардың 
назарын оған аудартуы мүмкін. Жоғарыда берілген кезеңдерден соң, келесі 
тарауда берілетін топтық психологиялық тренингтерге қатыстыра отырып
топпен жұмыс жасау да тиімді әсер етеді. 
Төмендегі кешенді бағдарлама бойынша сынып жетекшісімен жұмыс 
жасау. 
а) күйзелістен арылу тәсілдері.
ә) дау-дамай
б) дау-дамай жағдайындағы іс-әрекет 
Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтағы адамдармен өзара қарым- 
қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білуімен дағдыларын қалыптастырудың топтық 
әдістерінің жиынтығын құрайды. Бұл индивидтің коммуникативтік қабілеттері 
мен дағдыларын, өзін және оның қоршаған ортасын адекватты қабылдау 



қабілетін дамыту бағытындағы жеке тұлғаны дамыту мен топтық қарым-
қатынастарын жетілдіру мақсатын көздеген топ ішілік өзара ықпал етудің арнайы 
әдістемесінің 
көмегімен 
ұйымдастырылады. 
Әлеуметтік-психологиялық 
тренингтің базалық құралы топтық дискуссия және әртүрлі рөлдік ойындар 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет