Стресс және онымен күресу жолдары



Дата08.02.2022
өлшемі45,34 Kb.
#122982
Байланысты:
практика 2-3
Ерікқызы Мадина Эссе, Динамика 10 сынып ҚБ

Стресс және онымен күресу жолдары

21-11топ АҚАТАЙ ОРЫНГҮЛ

  • Стресс бұл өмірде болатын әр түрлі жағдайларға қайтарылатын қалыпты физиологиялық реакция. Қызметтің өсуіне немесе үйлену тойына қатысты жағымды стресс те болуы мүмкін. Сонымен бірге, стресс жағымсыз жаңалықпен, дау-жанжалмен немесе жұмыссыз қалумен, жолдағы кептелістермен және басқа жайсыз жағдайлармен байланысты болуы ықтимал.

Стрессс

  • кез-келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни, стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану.
  • Стресстің пайда болуына жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің өзгермеуі мен сәтсіздіктері әсер етеді. Лангитюдтік мәліметтерге сәйкес (М.Селигман және Г.Элдер, 1986) бұл қажеттілік жанұялық ортада (балалар оны әке-шешелерінен қабылдайды), жақындардан айырылуымен, сонымен бірге мұғалімдер жағынан сынаулармен байланысты ерте уайымдаулар пайда болады.
  • Ми қауіп төнген жағдайда адамға қауіп дабылдарын беретіндей етіп жаратылған. Бұл стресс реакциясы деп аталады және адреналиннің, кортизонның және организмді осы қауіпке дайындайтын басқа гормондардың қанға шапшуымен сипатталады: жүрек лүпілі жиілеп, қан қысымы көтеріледі, тыңыс алу жиілейді. Бұлар стресс гормондары деп аталады.
  • Олар уақытша күш береді, ойды ширатады. шапшаң реакция тудырады.Біздің ата-бабаларымыз бұл механизмді қауіп-қатермен күресу немесе өмірді сақтап қалу үшін амал табу мақсатында пайдаланған. Егер ерте замандарда біздің ата-бабаларымыз үшін стресс, мысалы, қылыш тісті жолбарыспен кездесуге байланысты болса, бүгінде жұмыстағы жайсыздықтар, жол кептелістері мен басқа жағымсыз жайттар сол жолбарыстың рөлінде болып отыр. Біз стреспен күресуді үйренуге тиіспіз.
  • Қауіп-қатер өтіп кеткен соң организм қалыпты жағдайға оралады. Өкінішке орай, қазіргі өмір үнемі стрестік жағдайлармен қатар жүреді, сондықтан қауіп дабылдарының жүйесі тынши алмайды. Үнемі қайталанатын стрестер организмде теріс әсер етуі мүмкін. Өмірді құткаруға тиісті стресс гормондары зиянды бүлдірушілік әсерін тигізе бастайды. Оларүрей, торығу, ашу шақырады, қандағы холестерин денгейінің өсуіне және сусамыр мен жоғары қан қысымы секілдіаурулардың дамуына ықпал етеді.
  • Сөзімнің соңында , Г.Селье сөзін еске салғым келеді “Стресс – бұл сіздің басыңызға түскен нәрсе емес, ол түсінігіңіздегі нәрсе” деген болатын. “Стресстен толық құтылу – өліммен бірдей” дегенді де ғалым дәл тауып айтқан. Өйткені, тірі ағза үнемі тосын жағдайға кезігіп, оған жауап беріп отыруы тиіс, бірақ адамның психологиялық кейпі қандай: қиындықтан қашуға бейім бе, әлде оны жеңуге бейім бе? – бәрі соған байланысты. Өзіңе өзің сенімді болсаң, жеңбейтін қиындық жоқ, кез-келген қиындықтан жол табасың: ең бастысы – түймедейді түйедей етіп көрсетуден, асқан кінәмшілдіктен аулақ бол, ешқандай мұңға берілме, өзіңді нық ұстай біл, қандай сәтте де Ибн Сина мысалға келтіргендей қойдың кебін кимей, қорқыныш сезімін жеңуге тырыс.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет