Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары


Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы



бет2/4
Дата05.12.2022
өлшемі25,43 Kb.
#161260
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 1 мониторинг
Шыққан мақала 2-курс магистратура, Бәдік, түркі мәдениеті
Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы. Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр.Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: І кезең – ежелгі кезең (б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін) Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды. Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі «үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философбасқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір ƏлФарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға, жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып табылады деген тұжырым айтты. ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Өкілдері: А. Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық 10 негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне қарай жалақы төлену керектігін айтты. ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады. 11 Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге асыру керектігін айтты. . Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы, ұйымды басқарудың жалпы мəселелері мен принциптерін жасауға бағытталды. Оның көрнекті өкілі «ғылыми менеджменттің атасы» Анри Файоль (1841 - 1925 жж.) — француздың тау-кен инженері, менеджмент теоретигі. Файоль теориясы бойынша басқару жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау функцияларынан тұратын үрдіс. Сондай-ақ ол басқарудың 14 принципін ұсынды: еңбекті бөлу, билік жəне жауапкершілік; бір басшылықтың болуы; тəртіптілік, марапаттау; басқарудың орталықтан жүргізілу; иерархия, тəртіп; əрекет бірлігі; ұйым қызығушылықтарын жоғары қою; əділеттілік; жұмысшылардың тұрақтылығы; инициатива; корпоротивті рух; жұмысшылардың бірлігі, татулығы, үйлесімділік, күштің бірлігі.[6] Г. Эмерсон «Өнімділіктің он екі принципі» (1911) атты еңбегінде өнеркəсіпті басқарудың принциптерін құрастырып, ұсынады. Оның көзқарасы бойынша еңбек игілікті болуы керек. Адамдық қатынастар концепциясы, адам ресурстарын көтеру, адамды ынталандыру, топтың жеке адамға ықпалы, əлеуметтік əсер етуге негізделеді. Джордж Элтон Мэйо ( 1880-1949) —американдық психолог, өнеркəсіп басқаруды зерттеуші, менеджменттегі «адамдық қатынастар мектебінің» негізін салушы. Мэйо концепциясының негізгі қағидалары: топтық тəртіпке бағытталу, бағыныштылық пен бюрократиялық ұйымдастыру адамның табиғаты мен оның еркіндігімен үйлеспейді, басшылар өнімдерге емес, адамдарға назар аударуы керек. Э.Майо өнеркəсіптегі əлеуметтік құрылым мəнін анықтап берді. Американдық психолог, ізгілендіру психологиясының негізін салушы Абрахам Маслоу (1908-1970ж) қажеттілік пирамидасы моделін ұсынды. А. Маслоу тұжырымдамасы бойынша адам əрекетіне ықпал ететін оның қажеттіліктері дейді, яғни еңбек өнімділігі жұмысшының жалақысын көтеруден емес, оған деген басшылықтың, əріптестердің, жалпы ұжымның қарым-қатынасынан артады. Бихевиористік мінез-құлық концепциясы (1950 жылдан күні бүгінге дейін), адамдардың еңбек етуде ішкі потенциалды мүмкіндіктерін қолдану, ұйымды құру мен тиімді басқаруға негізделеді. Бихевиоризм - адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория, оның негізгі формуласы: S-R ықпалжауап (стимул-реакция). Басқарудағы бихевиористік концепция еңбек барысында адамдардың ішкі потенциалды мүмкіндіктеріне ықпал етуге сол арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Крис Арджирис өз еңбегін ұйымдастыруды дамыту мен менеджерлерді оқытуға арнап, əрбір адамның бойындағы психологиялық энергия көзін дұрыс бағыттау керектігін айтады. 1960 ж. «Т-тобын» - тренинг тобы құрды. 12 Мақсаты: тұлғааралық қатынастар мен дағдыларға үйрету.Əлеуметтік психолог Ренсис Лайкерт (1903-1981)- «Жүйе-4» əзірледі, ол жүйе бойынша ұйым адамдарды ынталандыру негізінде құрылып, мына жағдайлар арқылы көрініс береді: мақсат белгілеу, шешім қабылдау, бақылау, орталықсыздандыру. IY кезең- Ақпараттар (сандық) кезеңі (1960 ж.- бүгінгіге дейін). Сандық концепциялар кибернетика мен сандық машиналардың шығуымен байланысты болды. Басқаруға сандық тəсілдерді енгізумен байланысты тұжырымдар Р. Акофф, Л. Берланфи, Э. Бир, А. Гольдбергер, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер т.б. еңбектері мен зерттеулерінде тұжырымдалады. Э.С.Бир – кибернетиканы басқару саласында алғаш қолданушы болды. Ол басқаруды тиімді ұйымдастыру ғылымы деп атады. П. Ф. Друкер (1909-2005жж.) – ХХғ. менеджмент теоретигі, инновациялық экономика теориясы мен кəсіпкерлік қоғам теориясын қалыптастырды. Бұл теория жаңа ақпараттық қоғамның идеясына негізделген. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркəсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту жəне оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындап, міне, сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып, кəсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы менеджерлер болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет