Білім беру жүйесін басқарудың қазіргі парадигмалары, құндылықтары. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері, тарихы, басқару концепциялары. Менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдары



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі25,43 Kb.
#161260
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 1 мониторинг
Шыққан мақала 2-курс магистратура, Бәдік, түркі мәдениеті
Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент ұғымы ғылымда «іс əрекет түрі» жəне «білім саласы» ретінде қарастырылып, қоғамдағы басқару салаларында қолданылады. «Ғылыми менеджменттің» негізін салушы Ф.Тейлор менеджмент жəне менеджер терминін алғаш рет қолданды, ол өзінің визит карточкасында бірінші болып «менеджмент мəселелері бойынша кеңесші» деп көрсеткен болатын. Менеджмент бойынша бірнеше кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент - шектеулі ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П. Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты екендігін айтады. Педагогикалық менеджмент мəселелері бойынша қазақстандық зерттеушілер Баймолдаев Т. М., Бахишева С.М. . , Қурманалина Ш.Х. Бөрібеков Қ.Қ. Катаев Е.С , Қазақстандағы білім беру жүйелерін басқару мен шетелдегі басқарушылық жүйелер жайлы Құлыбаева Д.Н. (2) Құсайынов А. Қ.(35) зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Менеджмент, дамуы, функциялары Герчикова И. Н. , Веснин В. Р. , Глухов В. В, 13 Гольдштейн Г. Я.(24), Виханский О. С., Наумов А. И. , педагогикалық менеджмент, мектеп басқару жайлы Конаржевский Ю.А., Симонов В. П., Третьяков П. И.(20), Сергеева В.П. (41), басқару стилдері мен əдістері жайлы Салахова Л.Р.(15), Громова Л. А (16), Коробкова С. Н. (17), көшбасшылық сапалар жайлы Шейнов, В.П. , Ли Якокка , Бендас Т. В. (28), ұйымда қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру туралы Донцов С., Исакулов Е. Б.,еңбек психологиясы Митина Л.М. (36), мектеп басқарудың психологиялық жақтары, тұлғааралық қатынастар, келіспеушіліктерді шешу, жайлы климат жасау Казаков В. Г., Кондратьева , Немов Р. С. (, Рыбакова М. М. , Лутошкин А.Н. , Григорьев Т. Г., Линская Л. В., Усольцева Т. П. , К. Аверченко, Г. М. Залесов; Р. И. Мокшанцев мұғалімдердің кəсіби қауымдастығы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында əрекеттесу тəсілдері жайлы Əлімов А.(54), Айдосова Т., Айтпукешов А., Идришева З., Кусаинов Г., Сагинов К., Ултанбаева С.(55) еңбектерінде қарастырылған. И. Н. Герчикова менеджментті шаруашылық қызметтің жетістігіне бағытталған материалды жəне еңбек ресурстарын, принциптері, функция, əдістерді қолдану арқылы кəсіби жəне іс-əрекетті қарастыратынын, алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кəсіби түрде іске асырылатын жеке қызмет түрі ретінде қарастырады. Т. М. Баймолдаев менеджменттің тиімділігі индивид, топ жəне ұйымды басқарудың барлық деңгейлерінде ортақ мақсатқа, тиімді мақсатқа бағытталуға жəне мəселені шешумен анықталатынын жазады. Л. Павлова менеджмент бірнеше экономикалық, саяси, əлеуметтік, қаржылық, философиялық, психологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық аспектелерді қарастырып, олардың əрқайсысы жеке тұжырымдарға негізделетінін, тəжірибеде олармен түрлі мамандар айналысатынын айтады. Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда, to manage, management – басқару, manager- басқарушы, басшы,латын тілінен аударғанда manus-қол). Менеджментке байланысты пікірлердің негізінде ұғымға анықтама беруге болады. Менеджмент ұғымын ғылыми тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ: басқару туралы ғылым; адамдардың қызметіне кəсіби басшылық жасау түрі;басқару еңбегімен айналысатын адамдар тобы; зияткерлік, материалдық, қаржылық ресурстар жүзеге асыратын ғылым, өнер, іс əрекет; басқаруды жүзеге асыратын білім саласы; қазіргі қоғамың саясатына, өмір сүру салтына, кəсіпкерлікке ықпал ететін əлеуметтік- экономикалық институт; басқару саласының ұйымдастыру, əлеуметтік-техникалық аспектілерін оқытатын ғылыми пəн; адамдардың еңбегін, зияткерлік дағдыларын, ынталарын қолдана отырып, белгіленген мақсатқа жету іскерлігі; ұйымды əлеуметтік басқару; ұйым деңгейінде басшылықтың қызметкерлерді басқаруынан тұратын қызмет түрі мен функциялары; адамдармен қарым-қатынасқа түсу тəсілдері мен өнерін меңгеру, ерекше əкімшілік дағды мен іскерліктер жүйесі; адамдар еңбегін жеделдету; 14 адамдармен қызметте нəзік (филигранды жұмыс) басқару; басқарудың адамға бағытталуы;басқарудағы көшбасшылық. Менеджменттік басқару – ұйымның даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған еңбек өнімділігіне ықпал ететін, ұйымды тұрақты басқару жүйесін құруды қамтамасыз ететін жəне басшылықтың, қызметкерлердің қызмет етуіне қолайлы ортаны құру арқылы өзара ынтымақтасуы жəне алға қойған мақсатқа бірігіп əрекет ету арқылы тиімді жету негізіндегі басқару. Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, басқарудың жұмсақ жүйесі, жетістік формуласы тұрғысында анықтама береді. [8] Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджментбасқару өнері, яғни басқарудың принциптерінің, əдістерінің, құралдарының жəне формаларының жиынтығы; оқу-тəрбие жəне оқу-танымдық процестердің пəрменділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптерінің, əдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының жəне техникалық тəсілдерінің комплексі»- деп анықтама береді. [9] Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешені жəне педагогикалық жүйені басқару: жоспарлау, реттеу, бақылау, басшылық жасау, ұйымдастыру өнері. Педагогикалық менеджмент – бұл адамдардың ынтамақтастығы, адамдардың қарым – қатынас əдісі, өзін – өзі ұйымдастыру, өзін – өзі дамыту үрдісі. Ол келесі болжау қағидаларына негізделген: адамды сыйлау жəне оған сенімділікпен қарау; адамдарға тұлға ретінде қарау; ынтымақтастық əрекеті немесе басқарудан қарым - қатынасқа көшу; үздіксіз кəсіптік білімін көтеру; мұғалімге ықпал жасау; мұғалім жұмысын бағалау. Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды: адамның жеке басының беделін құрметтеу, құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау; адамға сену, оның өзін – өзі тануы жəне мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру; бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру; жетістікті, мектеп ісіне əркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.Адамға құрмет жəне сенім – басқарудағы ізгіліктің ең жоғарғы көрінісі. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасына сай менеджер педагогикалық ұжымның əр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі қажеттіліктермен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжулармен бірге тұлға деп қарастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет