Білім беру парадигмалары


Операциялық жүйелердің даму тенденциялары



бет4/9
Дата19.03.2022
өлшемі240,74 Kb.
#136052
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лек 1
лекция 1, ИИ

Операциялық жүйелердің даму тенденциялары


Бірінші ОЖ ХХ ғасырдың 50-жылдары ортасында пайда болды. Ол IBM-701 компьютері үшін General Motors компаниясының зерттеу лабораториясында жасалды. ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасына дейін операциялық жүйелер тегін таратылатын.
Кейбір операциялық жүйелерге мінездеме берейік:
  • Atlas. Бұл ОЖ Манчестер (Англия) университетінде жасалды. Алғаш рет осы операциялық жүйеде пайда болған ерекшеліктердің көбі (мысалы, жадты беттік басқару) қазіргі уақытта қазіргі заманғы операциялық жүйелердің стандартты бөліктері болып табылады.
  • XDS-940. Бұл жүйе Беркли (АҚШ) университетінде жасалды. Бұл уақыты бөлінген операциялық жүйелер болды. Ол пайдаланушылық бағдарламаға процестерді анықтап, олармен жүйелік шақырулар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
  • THE. Эйндховен Техникалық мектебінде (Голландия) жасалды. Жүйе қабатты архитектуралы болды және семафорлар көмегімен синхронизацияны орындай отырып, параллель процестермен жұмыс істей алды.
  • CTSS. Жүйе Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) уақытты бөлу механизмімен болатын экспериментальды жүйе ретінде жасалды.
  • MULTICS. Бұл жүйе де Массачусетс технологиялық институтында жасалды және CTSS жүйесінің дамытылған түрі болып табылды. Өз кезегінде бұл жүйе Unix операциялық жүйесінің алдыңғы түрі болып табылады.
  • OS/360. IBM/360 копьютерлерінің үлкен әулеті үшін арналған операциялық жүйе. Ол ассемблер тілінде мыңдаған бағдарламалаушылармен жазылды және миллиондаған қатарлы кодты ұсынды. 
  • Unix. Unix операциялық жүйесінің ресми туылған күні деп 1970 жылдың 1-қаңтары саналады. Осы сәттен бастап кез келген Unix жүйесі өзінің жүйелік уақытын есептеуді бастайды. Шындығында бұл операциялық жүйенің бірінші нұсқасы 1969 жылы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет