Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта



Дата15.12.2023
өлшемі15,36 Kb.
#197164
Байланысты:
Көркем әдебиет "Әке мен бала"
Открыть папку «ТУП», Презентация к выступлению "Виды игр..."

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы:Әке мен бала
Мақсаты:
а) Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру;
ә) Әңгімелеп беруге,диолог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру;
б) Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер,жұмыс дәптері.



Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері



Педагогтың іс-әрекеті



Баланың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері
Үлкенге де-сіз,
Кішіге де-сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.



Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме
-Балалар, «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?
-Бізге үйде,балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді?
-Ендеше,бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.
М.Төрежановтың «қамқорлық»әңгімесін оқып беру.
Сергіту сәті
Ал,балалар,келіңдер,
Бой жазайық бәріміз-
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Топ-топ басып аяқпен,
Орнымызға барамыз.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіменіңмазмұнын ашу.
-Әңгіме не туралы?
-Нақысбек қандай іс істеді?
-Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар?
-Осы оқиғаға ұқсас жағдай сендерде кездесті ме?
-Назымбек неге көмектеспеді?
Дәптермен жұмыс:
Суретке қарап әңгімеле.



Біреуге көмектесу,қиын сәттерде қол ұшын беру.
Құстарға,достарымызға,табиғатқа,т.б.
Аға-әпкелер
Бой сергітіп жаттығулар
жасайды.
Балалардың
жауабы

Рефлексиялық-
түзетушілік.

Қортындылау.
-Бүгін біз үлкендерге,кішілерге қол ұшын беріп,қамқор болуға үйрендік.Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес,қайырымды ісінен танимыз.
Біз қайырымды баламыз,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Кішілерге қамқор боп,
Үлкеннің тілін аламыз.






Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығарманың мазмұнын.
Игереді: үлкенге құрмет,кішіге ізет білдіруді.
Меңгереді: бір-біріне көмек беріп,ренжітпей,сыйлау керек екендігін.
Балалар үйінің терезесінен үнемі сыртқа қараймын да отырам. Сол сырттан әлдекімді күтем. Әлдекім деген мама, ол сенсің. Білесің бе, мама? Үнемі орындығымды осында әкелемін де сені күтіп отырам. Мам, мен сені сондай қатты сағындым. Ал кейде ...түсімде шашы ұзын әйелдің сұлбасын көрем. Оны өзімнің анам деп, артынан жүре бергенімде, сұлба ғайып болады. Кейін оның жай ғана түс екенін біліп, жылап та алам. Білесің бе, мама? Еше мені тәрбиеші апай ұрды. Жо жоқ, ештеңе істегенім жоқ. Тек жай ғана дәл осы жерде сені күтіп отырғам. Кенет сырттан жүзі жылы әйел бейнесін көріп, оны өзімнің анам екен деп, мені алып кетуге келді деп, менің осы жерде отрғанымды қаламадығой деп:

-МАМА! МАМА!МАМА! Мен мұндамын, мама!! Деп айғайлай бергенімде терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез тез жинай бастағанымда тәрбиеші апай келіп қалды да ұра жөнелді, мама

-Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым дегеніме қарамастан ұра берді. Мама, білесің бе сол апайдың маған не дегенін?

-Әй жетімек, сен әке шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің? Деді де ұра берді... сол апайдың ұрғаны мына жер, мына жерім...көгеріп ауырып барады, мама....

Мама,мені мына жетімдер үйінен қатты қиналып кеттім. Өтінемін! Кел де мені алып кетші, мама! Уәде берем. Бұзық болмаймын, мама!

Адам емес, хайуан да өз баласын қорғаштай береді емес пе? Сен хайуан емес, адамсың ғой ,мама! Сен менің анамсың ғой, мама!



Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен жалынып сұраймын! Менің анашыма титтей болса да мейірім шуағын төкші! Сөйтсін де бұл жерден құтқарсыншы.... Осы тірлігімді қабыл алшы, мама....Мама, мама , мен сені сооондай қатты сағындым, мама(

Осындай жан тебірертер монологтар бар ма? Жүректі лүп еткізер монолог керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет