Білім берудегі зерттеудің әдіснамалық сипатамалары



Дата17.10.2023
өлшемі5,2 Mb.
#186246
Байланысты:
Білім берудегі зерттеудің әдіснамалық сипатамалары


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ СИПАТАМАЛАРЫ
Тексерген :ИбраеваМ.К
орындаушы:Ержан Ділдәр
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының үдрісінн талдаудан туындайды, теориялық талдау және синтез, сонымен қатар, педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және басқару теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қолданады. Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған басшылыққа қызмет етеді. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады.
    • 1.ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық – дүниетанымдық, қисынды – гносеологиялық, құндылықты – нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);
    • 2.теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);
    • 4.қисынды негіз (формалды және диалектикалық қисын заңдары, дәлел және аргумент ережесі);

ҒЫЛЫМДА ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДІҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІН БӨЛІП ҚАРАСТЫРАДЫ:
5.эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).
БҰЛ НЕГІЗДЕР БІРІККЕН ТҮРДЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ БАЗАСЫН ҚҰРАДЫ ЖӘНЕ ОНЫ НЕГІЗДЕУ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРАДЫ. ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗГЕ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ОЙЛАРЫ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ СҮЙЕНЕДІ.
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы. Әдінамалық негізді тиімді анықтау үшін әдіснамалық түсіндіру жүзеге асырылады. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім жүйесі мекемелеріндегі тәжірибелік –эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеуші–педагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселенің зерттелу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде (Л. В. Занков, Ю. К. Бабанский, М. Н. Скаткин, Я. Скалкова, В. И. Загвязинский, В. И. Журавлев, В. М. Полонский және т.б.) педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттелген, семинарларда талқыланғанмен де зерттеушінің әдіснамалық мәдениетіне енетін біліктіліктің мазмұны нақтыланбаған. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде зерделенбеген.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ БІЛІМ КӨПТЕГЕН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ «ИДЕЯ, ЖЕТЕКШІ ОЙ ЖӘНЕ БОЛЖАМ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЯДРОСЫ» ДЕГЕН ТАРМАҚШАЛАРЫНДА БЕРІЛІП ЖҮР. ЗЕРТТЕУШІ БОЛАШАҚТАҒЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРУ КЕРЕК, НЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ЖОСПАРЛАНҒАН НӘТИЖЕ АЛЫНАТЫНЫН ТЕК БОЛЖАМ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ПАЙЫМДАЙ АЛАДЫ.АЛДЫН АЛА ЖОБАЛАУ МАҚСАТЫНДА МАГИСТРАНТ ӘУЕЛІ ӨЗІНІҢ САНАСЫНДА БОЛЖАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП АЛАДЫ. ЛОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТЕОРИЯ ТҮСІНДІРІП БЕРЕ АЛМАЙТЫН ҒЫЛЫМИ ФАКТІЛЕРДІ ТАЛДАУДАН ЖЕТЕКШІ ИДЕЯҒА, ОДАН КЕЙІН БОЛЖАМҒА АЙНАЛАТЫН ОБЪЕКТІНІ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫП ҚҰРУҒА ҚАЖЕТ ЖАҢА ОЙ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРАЙ ҰМТЫЛЫСТЫ ҚОЗҒАЛЫС БАСТАЛЫП, ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ҒЫЛЫМИ ФАКТ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ ОРАЛУ КЕРЕК БОЛАДЫ. БІРАҚ, ФАКТ ҚҰБЫЛЫС ЕМЕС. ФАКТ ДЕГЕНІМІЗ – КӨПТЕГЕН ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ КӨРІНІСІ. ДЕМЕК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКТ ОРТА ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ТҰЛҒА ДАМУЫ ФАКТОРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БЕЛГІЛЕНГЕН КӨП РЕТ ҚАЙТАЛАНҒАН ЖӘНЕ ТІРКЕЛГЕН БАЙЛАНЫСТАРДЫ АТАУҒА БОЛАДЫ. ФАКТІЛЕРДІҢ ЖИНАЛУЫНА ҚАРАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИДЕЯСЫ БАР ЖАҢА ТЕОРИЯҒА ҚАЖЕТТІЛІК ТУЫНДАЙДЫ. ИДЕЯНЫҢ ТУУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСКЕ АСУЫ БОЛЖАМ ТҮРІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЯДРОНЫ ҚҰРАЙДЫ. БАСТАПҚЫ ФАКТІЛЕРДІ ТАЛДАП ЖӘНЕ БАҒАЛАП АЛҒАННАН КЕЙІН НАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ БӨЛІНІП КӨРСЕТІЛЕДІ. БҰНДАЙ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ НЕГІЗІНЕ БАРЫНША ТЕКСЕРІЛГЕН, БІРАҚ БҰЛ ЗЕРТТЕУДЕ ТЕКСЕРІЛМЕЙТІН ҚАҒИДАТТАР АЛЫНАДЫ. МЫСАЛЫ, «ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІН» ҚҰРУ НЕМЕСЕ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ-БАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫ ТУРАЛЫ СӨЗ БОЛҒАНДА, ЕҢ ЖОҒАРЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАЙЛЫ БАСТАПҚЫ ҚАҒИДАЛАР АЛЫНАДЫ.
Ал тәрбие теориясы мен әдістемесінде жаңа болжамдар жасау күрделірек. Бұл жерде бұрынғы болжамдардың жаңа негізде қайта жасалуы турасында айтуға болады. Мысалы, тәрбие жүйесі ретіндегі ұжым (Л.И. Новикова, В.А. Караковский және т.б.), жеке тұлға тәрбиесінің құралы ұжымдық шығармашылық әрекет (И.П. Иванов және т.б.), мектеп пен ортаның бірлігін талап ететін кең көлемді әлеуметтік (Л.И. Новикова, В.Г. Бочарова және т.б.).
Сонымен, зерттеудің теориялық платформасыны құрамына ұғымдық-терминологиялық жүйе, теориялар (зерттелетін мәселенің теориясы), тұжырымдамалар, ұстанымдар, тұғырлар және т.б. енеді.
Thank You

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет